Әһли хикмет ғұламалар былай деген:
Әр сәтте барлық жерге фәйз (Аллаһтың нұры) келуде. Келген фәйз мұсылмандарға пайда береді, ал кәпірлерге у болып, күпірлерінің артуына себеп болады. Ниғметтер үздіксіз жалғасуда. Одан өз қабілеттеріне қарай алып пайдаланып жатқандармен бірге, алып бетер жағдайға түскендер де кездесуде. Бірінен хазреті Мұса және ол сияқтылар, ал басқасынан перғауын және ол сияқтылар жетілуде.
Пайғамбарымызға жай бір адам ретінде қараған Әбу Ләһәб пен Әбу Жәһл сияқтылардың күпірі артты, одан сайын жолдан азғырып, құтырды. Хазреті Әбу Бәкір сияқтылар болса, адамдардың ең үстемі болу абыройына қауышты.
Аллаһу та'ала бүкіл жер мен аспандарды адамдар үшін жаратқан. Ал адамдарды өзіне ғибадат ету арқылы қадірлі болсын деп жаратты. Бізді адам қылып жаратқаны үшін Аллаһу та'алаға шексіз шүкірлер болсын. Бұған қанша шүкір етсек те аз. Адамға әшрәф-и махлуқат делінген. Яғни жаратылыстардың ең қадірлісі деген ат және сипат берілген. Неліктен жаратылыстардың ең қадірлісі адам болған? Өйткені оның бойында басқа жаратылыстарда кездеспейтін он қасиет бар. Бесі затқа, бесі мағынаға қатысты. Бұл он қасиеттің бір қызық ерекшелігі бар. Ол да бәрінің бір-біріне қайшы, теріс характерде болуы. Осындай теріс қасиеттерді өз бойна жинақтаған жер бетінде басқа жаратылыс жоқ. Аллаһу та'ала адамды солай жаратқан.
Жер беті халыының басым көпшілігінің сенімдері, нанымдары тым қате. Жер бетінде жануарларға, жанды және жансыз көптеген нәрселерге табынатын қыруар адам бар, Құдай сақтасын! Әлхамдулиллаһ, бізді мұсылмандардың арасында жаратты. Ислам діні келмей тұрған кездерде елдер адасып жүрген замандарда олардың бастарына жалпылық апаттар-жазалар жаудырылатын еді. Тек осы - Ислам үмбетіне ғана, пайғамбарымыздың құрметі үшін дүниеде жалпы жазалар дереу берілмейді. Бәлкім бір күні араларынан тәубе ететіндер шығар деп соңғы демге дейін уақыт беріледі. Бұл не деген бақыт!
Мұсылмандардың да басым көпшілігі жан жақтан жабылып жатқан қате сенімдердің, қате адамдардың, саекталардың әсерінде қалған. Ең өкініштісі, олар мазһаб имамдарына, мүжтәһид ғалымдарға, әулиелерге, тіпті Аллаһу та'аланың Өзі «Мен олардың барлығына жәннатты уәде еттім. Олар менен разы, мен де олардан разымын» деген сахабаларға тіл тигізуде.
Аллаһу та'ала бізді өте аз болған Әһли сүннет уәл жамағат ішінде жаратты және Имам Раббани хазреттері сияқты мүршид-и кәмілді танытып, оны жақсы көру бақытын нәсіп етті. Бұлар оңайлықпен қол жеткізілетін нәрселер емес. Әһли сүннет сенімінде болу қандай үлкен бақыт! Осындай үлкен әулиелерді тану және жақсы көру қандай үлкен ниғмет! Біз - сүнни мұсылмандар, тәспі тастары сияқты бір жіпке байланған болуымыз керек. Жіп болмаса, тәспі тастары шашылады, зая болады. Ештеңеге жарамай қалады. Мұсылман адам бірлік пен ынтымақта, сүйіспеншілікке толы болу керек. Мойнымызда осы мүбәрәк ғалымдардың өте үлкен камқорлығы бар. Өзімізді жоғары санаудан абай болайық. Тоқ келмесе мотор қосылмайды. Судың үстінде жүзіп бара жатқан жапырақтай болу керек. Жапырақ тек су ағызғаны үшін ғана жүзеді. Әйтпесе өзінде керемет жоқ.
Сайтымыздағы мәліметтер бүкіл адамзаттың пайдалануы үшін дайындалған.
Түп нұсқасын өзгертпеу шартымен рұқсат алмай-ақ, әркім қалағанынша пайдалана алады. www.islamdini.kz ® 2008-2024