Сұрақ: Садақа-и жарийа деген не?
Жауап: Өлгеннен кейін де амал дәптерімізге сауап жаздыратын садақа. Садақа-и жарийа – мешіт, құдық, жол салдыру, ағаш егу, пайдалы білімі бар туынды қалдыру сияқты адамдарға пайдасы тиетін әр түрлі амалдар. Бір хадис шәрифтің мағынасы:
«Адам өлгенде үш нәрседен басқа амалдары тоқтайды: Садақа-и жарийа, пайдалы білімі бар туынды қалдыру немесе оған дұға, истиғфар ететін салих перзент.» (Мүслим)
Әр адам садақа-и жарийа ретінде мешіт салдыра алмайды, ғылыми туынды жаза алмайды. Бірақ оңайы бар. Пайдалы туындының таралуына себеп болу да сол кітапты жазу сияқты сауап әкеледі. Бір хадис шәрифтің мағынасы:
«Мүминге үйреніп жайған ілімінің сауабы өлімінен кейін де жалғасады.» (Ибн Мажа)
Пайдалы туындыға дінімізге, дүниемізге пайдалы болған барлық туындылар жатады. Фиқһ кітабы, тәфсир кітабы, илмихал кітабы, медицина, физика, химия кітаптары пайдалы кітаптардан саналады. Кассеталар, дисктер, фильмдер пайдалы болу шартымен бәрі садақа-и жарийа үкімінде. Пайдалы болу шартымен радио, теледидар, газет, журнал, ғаламтор сайты сияқты ақпарат құралының барлық түрі садақа-и жарийаға жатады. Хадис шәрифте былай делінеді:
«Ұмытылған бір сүннетімді жарыққа шығарған адамға жүз шәһид сауабы бар» (Хаким)
(Ал бір парызды немесе уәжіпті қайта шығарудың сауабының қаншалықты көп екендігін осыдан түсіну керек.)
Әһли сүннет ғалымдары жазған шынайы дін кітаптарды ұстанған адамдарға жүздеген шәһид сауабы беріледі. Сүннетті ұстану, сүннетті жандандыру – Әһли сүннет ғалымдарының кітаптарын үйрену арқылы іске асады.
Мейрамдарда, ерекше күндерде сыйлық ретінде бір адам Әһли сүннет ғалымдарының кітаптарынан бір кітап, мысалы Ислам Ахлақы кітабын сыйласа, жүз шәһид сауабын алады. Өйткені ұмытылған сүннеттердің қасында парыздар мен уәжіптер де жайылған болады. Қате діни кітап беру де мұның терісі болып, жауапкершілігі ауыр бір іс, бұл жолы жасалған күнәға да ортақ болған болады.
Сауабын сыйлау керек
Мұхаммед Масум хазреттері былай деген:
«Садақа (және Құран кәрім оқудың) сауабын әуелі пайғамбарымыздың мүбәрәк рухына бағыштау керек, кейін өлілердің рухтарына жіберу қажет. Осылайша қабыл болу үміті артығырақ болады. Сауабын бүкіл мүминдердің рухтарына да сыйлау жақсы болады. Әрбіріне сауаптың бәрі жетіп барады. Өз сауабынан да мүлдем кемімейді.» (2/36)
Мешітке берілетін ақша
Сұрақ: Әкем «Мына ақшаны ал да бір мешітке бер!» деді. Бұл ақшаны Ислам ғалымдарының кітаптарын таратып әмри маруф жасайтын жерлерге беруім рұқсат па?
Жауап: Әрине болады. Ислам дінін жаю үшін берілген болады, бұл одан да маңызды.
Мешіт салдыру
Сұрақ: Бір адам салдырған кішкентай мешіт бұздырылып, орнына басқа үлкен бір мешіт салынса, әуелгісінің сауабы тоқтайды ма?
Жауап: Тоқтамайды.
Сайтымыздағы мәліметтер бүкіл адамзаттың пайдалануы үшін дайындалған.
Түп нұсқасын өзгертпеу шартымен рұқсат алмай-ақ, әркім қалағанынша пайдалана алады. www.islamdini.kz ® 2008-2024