Әһли хикмет ғұламалар былай деген:
Әһли сүннет ғалымдары айтқан: Бүкіл адамдар құрыды, тек ғалым болғандар құтылды. Ғалым болғандар да құрыды, тек ілімімен амал еткен, яғни үйренгендерін орындаған ғалымдар құтылды. Амал еткен ғалымдар да құрыды, тек бұларды ықыласпен, яғни Аллаһ разылығы үшін жасаған ғалымдар құтылды. Дүниелік пайда үшін ілім үйренген және үйреткен адам құтылмайды да, құтқармайды да.
Бір кісі қайтыс болудан бұрын қатты жылайды. Баласы: «Әке, неге қатты жылап жатырсыз? Өлімнен қорқып жатсыз ба?» деп сұрады. Әкесі былай жауап береді:
«Жоқ, өлімнен қорқпаймын, бірақ Аллаһу та'аланың есебі біз жасап жүрген есепке ұқсамайды. Біз Оның білдіргендерін ұстандық па, ұстанбадық па, соны білмеймін. Иә, көріністе біраз амалдар жасадық, бірақ Ол жасаған осы амалдарымыздан разы ма, жоқ па? Міне осы себептен жылаудамын.»
Бір мерзімнен кейін бұл кісі қайтыс болады. Баласы бірнеше күннен кейін әкесін түсінде көреді. «Әке, не болды?» деп сұрайды. «Балам, пәлекеттің түбінен қайттым» деп былай айтып береді:
«Аллаһу та'ала "Саған 70 жыл өмір бердім. Өйткені әр сәтте сені бар қылып ұстап тұрған мен едім. Жіберсем өліп кетер едің, онсыз да жоқ едің. Саған осыншама ниғмет бердім. Маған неңмен келдің?" деп сұрады. "Йа, Раббым, 10 жасымнан бастап әкем мені қажылыққа апара бастады. 60 рет қажылық жасадым" дедім. "Ешбірі қабыл болмады" деді. "Йа, Раббым, 40 жыл күнде ораза ұстадым, түндерде намаз оқыдым" дедім. "Бұлар да қабыл болмады" деді. "Йа, Раббым, зекеттерімді бердім" дедім. "Зекеттерің де қабыл болмады. Тек бір амалың маған ұнады. Жолда бір тезек бар еді, мұсылмандардың мазасын алмасын деп ешкім көрмей тұрғанда алдың да, шетке тастадың. Міне осы амалың ықыласты еді. Бірақ сен басқа амалдарыңды адамдар көрсін деп жасадың. Амалыңа рия араласты, бірақ бұл тезекті ықыласпен алып тастадың, бұған рия араласпады. Мен ықыласты амалды қабыл етемін, ықылассыз амалды қабыл етпеймін" деді.»
Осы себептен әулиелеріміз «Жасаған амалың аз болса да, адамдарды ойлап жасама! Әйтпесе рия болады. Рия ширкке жетелейді» деген. Демек, тек ықыласты болғандар ғана құтылады. Ықылас бар болса, рия болмайды, рия бар болса, ықылас болмайды. Сондықтан істерімізді жасаған кезде адамдардың емес, Раббымыздың разы болуын ойлауымыз керек.
Сайтымыздағы мәліметтер бүкіл адамзаттың пайдалануы үшін дайындалған.
Түп нұсқасын өзгертпеу шартымен рұқсат алмай-ақ, әркім қалағанынша пайдалана алады. www.islamdini.kz ® 2008-2024