(Австрияның Львов (қазір Польшада) қаласында 1318 [м.1900] жылы туылған Уэйз 22 жасында бір газеттің тілшісі ретінде араб мемлекеттеріне барады. Ислам дініне қайран болып, оны қабылдағанын айтқан. Одан кейін бүкіл Ислам мемлекеттерін, осы арада Үндістан мен Ауғанстанды да аралап, хабарларын әлемнің ең танымал газеттерінің бірі болған «Frankfurter Zeitung» бетінде жариялаған. Біраз уақыт «Frankfurter Zeitung» газетінің бас редакторы қызметін атқарған Уэйз Пәкістан тәуелсіздігін алғаннан кейін осы үкімет тарапынан діни білім ордасының құрылуына көмек беру үшін Пәкістанға барған, одан кейін Пәкістанның өкілі ретінде Біріккен Ұлттар орталығына жіберілген. Оның «Ислам жолының тоғысында», «Меккеге баратын жол» деген екі еңбегі бар. Кейінгі кездері Құран кәрімнің ағылшынша жаңа аудармасын жасаған. Ислам ғылымдарынан хабары болмаған бұл кісінің тәфсир жазуға кірісуінен оның Әһли сүннет мазһабында еместігі аңғарылуда, жазған тәфсирінің және басқа да жазбаларының зиянды болатыны көрсетіп тұр. Уаххабилер және басқа мазһабсыздар бұл надан, адасқан адамды мадақтап, Ислам ғалымы ретінде танытуда.)
Тілші және журналист болып жұмыс істеген газеттерім мені 1922 жылы «арнайы тілші» ретінде Азия мен Африкаға жіберді. Бастапқыда мұсылмандармен болған байланысым шетелдіктің екінші бір шетелдікпен байланысы сияқты еді. Бірақ, Ислам мемлекеттерінде ұзақ уақыт қалғаннан кейін, мұсылмандармен жақыннан танысқаннан кейін олардың дүниеге және дүниеде болып жатқан құбылыстарға еуропалықтардан мүлдем басқаша қарайтынын көре бастадым. Олардың оқиғаларға салмақты, байсалды көзқараспен қарауы, мойындайын, бізге қарағанда адамгершілігі көбірек болған түрде ойлаулары менде қызығушылық тудыра бастады. Мен католик отбасынан шыққан едім. Бүкіл балалық шағым бойы маған мұсылмандардың дінсіз екендігі, шайтанға табынатыны үйретіліп келді. Мұсылмандармен араласқаннан кейін бұл сөздердің дұрыс емес екенін көріп, Ислам дінін зерттеуге шешім қабылдадым. Осы орайда көптеген кітаптарға қол жеткіздім. Бұларды мұқият зерттей бастағанда оның неткен таза, құнды дін екенін таңданыспен байқадым. Бірақ, мен араласқан адамдардан кейбір мұсылмандардың әрекеттері мен оқыған мұсылмандық негіздеріне сай келмейтін еді. Мұсылмандық бәрінен бұрын тазалыққа, кең пейілділікке, бауырластыққа, мейірімділікке, қамқорлыққа, бейбітшілік пен саламаттыққа шақырады, біз христиандар сенетін «Адамдар әрдайым күнәхар болады» деген сенімге қарсы шығады. Керісінше «Өмірден ешкімге зиян тигізбеу және күнә істемеу шартымен зауықтаныңдар» дейді. Алайда, мен бұл қағидаларға бағынбайтын лас, өтірікші мұсылмандарды да кездестірдім. Бұл істі жақсырақ түсіну үшін, сынап көру мақсатымен өзімді бір мұсылман орнына қойып, кітаптардан оқыған негіздерге мойынсұнып, Ислам әлемін зерттей бастадым. Түсінгенім бойынша, Ислам әлемінің барған сайын бұзылуы, әлсіреуі және құлдырай бастаруының ең үлкен себебі – мұсылмандардың өз діндерін ұстанбаулары. Мұсылмандар толық мұсылман болған кездерінде әрдайым жоғарылап отырған, мұсылмандықты тастаған кездерінде құлдыраған. Алайда, бір мемлекеттің, бір ұлттың, бір қоғамның жоғарылауы, өркендеуі үшін не қажет болса, оның бәрі мұсылмандықта бар. Онда барлық мәдениет негіздері бар. Ислам діні әрі ғылымдық, әрі амалдық (практикалық) дін болып табылады. Қойған негіздері толықтай қисынды және барлық адам түсіне алатын, ілімге, жаратылыстану ғылымына, адам табиғатына қайшы келмейтін қағидалар. Онда қажетсіз ештеңе жоқ. Басқа діндердің кітаптарындағыдай оғаш (түсініксіз) жерлер, шатастырулар, логикаға сай келмейтін (мистикалық) аңыздар Ислам дінінде жоқ. Бұл мәселелерді мен барлық мұсылмандарға айттым және оларды «Неге осындай керемет діндеріңе қатты байланбайсыңдар, неге оны берік ұстанбайсыңдар?» деп айыптадым. Ақыр соңында 1344 [м.1926] жылы Ауғанстанда бір әкіммен осы мәселелер туралы сөйлесіп тұрғанымда ол маған «Сіз мұсылман болыпсыз да, бірақ өзіңіздің хабарыңыз жоқ. Өйткені, тек шынайы мұсылман ғана Ислам дінін сіз сияқты қорғайды» деді. Әкімнің бұл сөзі маған қатты әсер етті. Үйге қайтқан кезімде, терең ойға шомдым, өз-өзіме: «Иә, мен енді мұсылман болдым» дедім. Дереу «Калима-и шаһадат» айттым. Мен сол күннен бері мұсылманмын.
Менен «Мұсылмандықта сізді өзіне ең көп тартқан не?» деп сұрадыңыз. Бұған жауап бере алмаймын. Өйткені, бүкіл мұсылмандық менің жүрегімді жаулап алды. Оның ішінде маған ерекше әсер еткен ештеңе жоқ. Мен мұсылмандықтан христиан дінінен таба алмаған барлық нәрселерімді таптым. Мұсылмандықтың қайбір қағидасының, қайбір негізінің маған жақынырақ келгенін айта алмаймын. Өйткені, мен оның барлық қағидаларына, барлық негіздеріне қайранмын. Мұсылмандық – алып ескерткіш. Оның бір бөлшегін де одан айыруға болмайды. Барлық бөлшектер бір-бірімен тәртіппен байланған және реттеліп қойылған. Бөлшектердің арасында керемет үйлесімділік бар. Ешқандай кемшілігі жоқ, бәрі өз орнында орналасқан. Бәлкім, бұл мақтауға тұрарлық тәртіп – мені Ислам дініне байлаған бір себеп. Жоқ, мені Ислам дініне байлаған себеп – оған деген махаббатым. Өзіңіз де білесіз, махаббат көптеген нәрселерден тұрады: қалау, жалғыздық, құштарлық, өрлеу, жоғарылау және ілгерілеу ынтасы, күш-қуатымызбен араласқан кемшіліктеріміз, қорғаушыға, көмекшіге деген қажеттілік және т.б. Міне, мен бүкіл жүрегіммен және сүйіспеншілігіммен Ислам дініне берілдім, ол да жүрегіме қайта шықпастай болып орнықты.
Сайтымыздағы мәліметтер бүкіл адамзаттың пайдалануы үшін дайындалған.
Түп нұсқасын өзгертпеу шартымен рұқсат алмай-ақ, әркім қалағанынша пайдалана алады. www.islamdini.kz ® 2008-2024