Сұрақ: Неліктен сіздер көрсеткен кестедегі уақыттар басқа кестелердегісінен өзгеше? Қайбірін қолданғанымыз жөн?
Жауап: Сайтымыздағы намаз уақыттарын қазақша «Түркістан күнтізбесі» календарынан алып қолданудамыз. Түркістан күнтізбесіндегі уақыттар тарихтағы Ислам мемлекеттері ғұламаларының есептеп, дайындап, сынақтан өткізіп, қолданған әдістері, астрономиялық кестелері, шариғи уақыт кестелері, намаз уақыттарын есептеу формулалары, әр қаланың жер жүзінде орналасу шарттары (ендігі, бойлығы, теңіз деңгейінен биіктігі т.б.), тәмкин уақыты кестелері арқылы және т.б. әдістерімен есептелуде.
Ал басқа кестелердің қандай әдіспен, қандай үкіммен, неге сүйеніп есептеліп жатқандығынан хабарымыз жоқ. Және де Орталық Азиядағы ешбір мемлекеттің діни басқармасының намаз уақыттарын есептеу комиссиясының және обсерваториясының жоқтығын да айта кеткеніміз жөн болар.
Түркістан күнтізбесінде көп кестелердің намаз уақыттары өз уақытынан ертеге алынуын уақыт есептеуде қолданылатын тәмкин мөлшерін есептен алып тасталынуымен түсіндіреді. Тәмкин мөлшері бөлімінде былай делінеді:
«Қаланың ең биік ауданына тән болған тәмкин уақытын өзгертуге болмайды. Егер тәмкин уақыты қысқартылатын болса, бесін және одан кейінгі намаздар уақыттарынан бұрын оқылған болады. Ораза да сәре уақыты шығып кеткеннен кейін басталған болады. Мұндай оразалар және намаздар сахих болмайды. 1982 жылға дейін тәмкин уақыты және күннің намаз уақытына қатысты горизонттан биіктік бұрыштарын ешкім өзгертпей келген еді. Бүкіл ғалымдар, әулиелер, шәйхул исламдар, муфтилер, бүкіл мұсылмандар ғасырлар бойы намаздарының барлығын үнемі тәмкин қосылған уақыттарда оқыған және оразаларын да тәмкин қосылған уақыттарда ұстаған.
Бүгін де барлық мұсылмандардың осы Иджма-и мүслиминнен (мұсылман ғұламаларының ауызбірлігінен) ажырамай намаздарын шариғи уақыттарда оқулары және оразаларын да шариғи уақыттарда тұтулары керек.
1983 жылдан бұрынғы күнтізбелердің (күнтізбелерде жарияланып келген намаз уақыттарының) қате еместігін бәрі мойындауда. Бұл орайда ешқандай келіспеушілік жоқ.
Түркістан күнтізбесі дайындаған намаз уақыттары мен ораза кестелерінде тәмкин уақыты және намаз уақыттарына қатысты күннің шариғи горизонттан биіктік бұрыштары мүлдем өзгертілген емес, намаз және ораза уақыттары дұрыс білдірілген. Бір қалада бір ғана тәмкин уақыты болады. Бұл да кез келген бір намаздың астрономиялық формулалармен, астрономиялық горизонт бойынша табылған уақыттан (астрономиялық есеппен табылған уақыттан) дұрыс уақытты, яғни шариғи уақытты табу үшін қолданылады. Қысқаша айтқанда, тәмкин уақыты: Астрономиялық горизонт бойынша астрономиялық формулалармен табылған уақыттарды Ислам ғалымдарының кітаптарында намаз уақыттары үшін білдірген аспан сферасындағы белгілердің пайда болатын шариғи уақыттарына әкелетін мерзім болып табылады.
Әрбір намаз уақыты үшін бөлек бөлек тәмкиндер жоқ. Күннің шығуы және батуында қолданылуы міндетті, зәру екендігі білдірілген тәмкин мерзімінің жоғарыда да білдірілгені бойынша имсак, құптан және басқа да бүкіл намаз уақыттарында да қолданылуы міндетті.»
Қорыта айтқанда біз сайтымызда сенімділігінде күмәніміз болмаған Түркістан күнтізбесінің уақыттарынан пайдаланып жүрміз. Басқалардың қандай әдістермен, қандай үкімдерге сүйеніп есептеп жүргендерін өздерінен сұраған дұрыс болар.
Сайтымыздағы мәліметтер бүкіл адамзаттың пайдалануы үшін дайындалған.
Түп нұсқасын өзгертпеу шартымен рұқсат алмай-ақ, әркім қалағанынша пайдалана алады. www.islamdini.kz ® 2008-2024