Әһли хикмет ғұламалар былай деген:
Дүние – қиял. Өлгеннен кейін баратын екі орын бар. Жәннат және тозақ. Ортасы жоқ.
Иман мен күпірдің де ортасы жоқ. Бұл жерде адамның шешім қабылдауы қажет.
Екі жол бар, бірі жәннатқа, екіншісі тозаққа алып барады. Бұлардың бірін таңдап, сол жолмен жүру керек. Жолсыз жүру мүмкін емес. Бір сәтте екі жолмен бірден жүру де еш мүмкін емес. Бір уақытта әрі шығысқа, әрі батысқа бара алмаймыз.
Әлхамдулиллаһ, біз Аллаһу та'аланы таныдық, иман келтірдік, пайғамбарымыз алейһиссаламға иман еттік, не білдірген болса, бәрін қабыл еттік, ұнаттық, ахирет күніне иман келтірдік, бірақ біз осы иман келтірген жолымызда күнәлар да істеп жүрміз. Онда біздің соңымыз не болмақ?
Осы сұрақты бір шәкірті ұстазына қояды:
-Ұстаз, біз дінімізде білдірілген барлық нәрсеге иман еттік, осы жолдамыз, бірақ кейде намаз оқып жатқанда тіпті қай рәкатты оқып жатқанымызды шатастырамыз. Намазда әр түрлі мәселелер ойға келеді. Осындай ғибадаттарымыздың ешбірінің қабыл болмағанын ойлап жүрміз. Қызметтеріміз де сондай, ал Аллаһу та'ала ахиретте бізге қалай қарайды? Яғни бүкіл осы қателіктеріміз, бүкіл кемшіліктеріміз бола тұра, біздің жағдайымыз не болмақ?
Бұл сұрақ бәріміздің ойымызға келеді. Әулиенің берген жауабы мынадай болды:
-Балам, бір шыны су алып кел!
Шәкірті дереу жүгіріп барып су алып келеді. Суды беруге төрт-бес қадам қалғанда:
-Сол жерде тұр, тоқта, - дейді.
Шәкірт тоқтайды. Ұстазы жалғастырады:
-Ал қазір бiр қателiк болып, аяғың шалынып, да, ыдыс сынып, ішіндегі су да төгілсе. Яғни суды алып келе алмасаң. Суды маған алып келе жатқаныңда басыңа түскен осы қателiк үшін мен саған ашуланамын ба, әлде жаным ашиды ма? Әрине жаным ашиды, өйткені ол суды сен маған алып келе жаттың, бірақ осылай болды, не істейміз енді. Міне, біздің ғибадаттарымыз да осындай. Аллаһу та'ала да Оған кетіп бара жатқанда жасаған қателіктеріміз бен басымызға келген келеңсiз окиғалардың себебінен ашуланбайды. Оның мейірімі шексіз, ол жанашырлық танытады және кешіреді.
Біз тек суды Оған алып баруға тырысайық, соның өзі жеткілікті. Яғни Оған қарай жолғашыққаннан кейін қорқпай-ақ қояйық. Дегенмен Әлиге жұмыс iстеп, ақысын Уәлиден сұрау да дұрыс емес.
Аллаһу та'ала жүрекке және ниетке қарайды. «Бұл құлым осы ғибадатты жасап жатыр, бірақ не/кiм үшін? Мына қайырымдылық пен жақсылықты жасап жатыр, бірақ не үшін?» «Мұны не үшін істедің?» деген сұрақ мұсылмандардан ахиретте сұралады. Мұның жауаптары да көп: Не Аллаһ үшін деп жауап бередi немесе танымал болу, не бай болу, яки адамдардың «жарайсың!» деген сөзі үшін деп айтады. Міне осы өте жаман... Сол кезде Аллаһу та'ала ахиретте айтады:
«Сен бұларды кім үшін істеген болсаң, бар, жалақыңды содан сұра! Егер мен үшін жасаған болсаң, қателігімен, сауабымен кел, сені кешірейін. Басқа біреу үшін істеген болсаң, неліктен маған келдің?»
Сүйікті пайғамбарымыз былай деген: «Аллаһу та'ала сендердің түрлеріңе, көріністеріңе және мал-мүліктеріңе емес, жүректеріңе және амалдарыңа (ол амалды қандай ниетпен, кiм үшін жасағандарыңа) қарайды.»
Жасаған амалдары тұрғысынан кәпірлер мен мүминдер арасында айырмашылықтар болады. Кәпірлер барлық жерде әрдайым «Қалай?» деген сұраққа жауап іздейді. Қалай ғимарат көтеріледі, бұл қалай жасалады және т.б. Ал мүмин «Не үшін, кiм үшін?» деген сұраққа өзін дайындайды. Аллаһу та'ала ахиретте құлдарына «Не үшін?» деген сұрақты қояды. Олай болса, айырмашылық осында. Яғни бірі дүниелік, екіншісі ахиреттік болады. Осы тұрғыдан ниеттерді де жөндеу, түзету қажет. Ғұламалар «Аллаһу та'ала беруді қаламағанда еді, қалауды бермес еді» деген. Одан қайырлы өмір, қайырлы өлім тілеу керек. Қайырлы өмірмен қатар қайырлы өлімді де ұмытпау керек. Өлімді еш ұмытпау керек.
Аллаһу та'ала не қаласа, сол болады. Мүминге қажетті және лайықты болғаны – ауру мен қиындықта сабыр ету, саулық пен рахаттықта шүкір ету. Олай болса, мүминнің екі қасиеті бар: сабыр және шүкір. Бір қиындық келгенде «Неліктен менің басыма келді?» десе, зиянға ұшырайды. «Бұл Раббымның маған берген ихсаны, сыйы» десе, сол кезде құтылады. Денсаулыққа қауышқан кезде де құтырып кетпеу керек, өйткені көп сау адамдар науқастардан тезірек өле алады. Мүмин әр уақытта және әр жерде Раббымен бірге болуы керек және басына бір қиындық келгенде сабыр етуі керек. Ниғметтерге қауышқан кезде де шүкір етуі қажет, өйткені Аллаһу та'ала шүкір етудің де бөлек сауабын береді.
Жақсылықты Аллаһ үшін істеу керек. Жақсылық – саудаласатын зат емес. «Мен саған осыны істедім, ал сен маған не істедің немесе не бересің?» деуге болмайды. Жасағанымызды ұмытып кетсек те, еш күтпеген жерімізде алдымызға шығады.
Хазреті Лұқман былай деген: «Екі нәрсені ұмыт, екі нәрсені ұмытпа! Жасаған жақсылықтарыңды ұмыт, байқа, артынша айтып жүрме! Өйткені әр айтып бергеніңде бір мөлшер сауабы азаяды. Ол жазылып қойған сауап, оны ұмыт! Саған жасалған жамандықтарды да ұмыт! Өйткені сабыр еттің, Аллаһу та'ала саған сауап берді, әр айтқаныңда мұны жоғалтасың. Екі нәрсені де ұмытпа! Аллаһу та'аланы және де өлімді ұмытпа!
Сайтымыздағы мәліметтер бүкіл адамзаттың пайдалануы үшін дайындалған.
Түп нұсқасын өзгертпеу шартымен рұқсат алмай-ақ, әркім қалағанынша пайдалана алады. www.islamdini.kz ® 2008-2024