Сұрақ: Денедегі қай қылдарды алу керек, қайбірін алуға болмайды?
Жауап: Қолтық және шап (екі аяқ арасындағы) қылдарын әр аптада қырып тазалау сүннет болып табылады. 15 күнде бір тазалауға да болады. 40 күннен асыру күнә болады. Еркектің еркекке, әйелдің әйелге кіндік пен тізе арасына қарау харам болғандықтан, өз жынысы болса да, шап қылдарын лазермен, эпиляциямен, балауыз арқылы тазалау сияқты тәсілмен басқа біреуге алдыру рұқсат болмайды.
Еркектердің қас жұлдыруы жамал ниетімен, яғни ұсқынсыз көрінбеу үшін жаиз (рұқсат), ал сән үшін, әдемі көріну үшін болса жаиз емес.
Әйелдердің қастарын жұлуы, жұқартуы жаиз (рұқсат) емес.
Маңдай, бет, жақ және мұрт маңайындағы қылдарды және екі қас арасындағы қылдарды алуға болады. Аяқтарындағы және денесінің басқа жеріндегі қылдарды қажеттіліксіз қандай да бір тәсілмен алу тәнзиһән мәкрух.
Еркектердің де аяқтарындағы, көкірек немесе арқасындағы қылдарды қажеттіліксіз алуы жаиз болмайды.
Құлақтағы қылдар
Сұрақ: Шаштараздар құлақтың ішінде өскен қылдарды спирт алауымен жағады. Осы жолмен қылдарды жоюға болады ма?
Жауап: Иә, болады.
Құмырсқа майы
Сұрақ: Құмырсқа жұмыртқасының майын қыл тазалауда қолдану жаиз ба?
Жауап: Иә, жаиз (рұқсат).
Ғұсылдан кейін
Сұрақ: Жүніптіктен құтылу үшін ғұсыл алып жатқанда немесе ғұсылдан бұрын шапты қыру дұрыс па? Әлде ғұсылдан кейінге қалдыру керек пе?
Жауап: Ғұсылдан бұрын немесе ғұсыл алып болмай тұрып шапты қыру жүніп үшін мәкрух. Хайз (етеккір) жағдайындағы әйел үшін мәкрух емес.
Жақ сақал өсіру
Сұрақ: Жақ сақалдарымызды (бакенбарды) құлақ жұмсағына дейін өсіру дұрыс па?
Жауап: Жоқ, мүлдем өсірмеген дұрыс болады. Құлақтың үстіне дейін қырып тастау керек.
Сайтымыздағы мәліметтер бүкіл адамзаттың пайдалануы үшін дайындалған.
Түп нұсқасын өзгертпеу шартымен рұқсат алмай-ақ, әркім қалағанынша пайдалана алады. www.islamdini.kz ® 2008-2024