Мұхаммед Әмин Хобон – әрі дипломат, әрі миссионер. Әлеуметтік мәселелермен айналысқан ғалым және дін адамы.
Еуропалықтар неліктен өз діндерін тастап, мұсылман болуда? Мұның көптеген себебтері бар. Бұлардың ең басында Хақ келеді. Ислам дінінің негізгі қағидалары өте қисынды, өте дұрыс болғаны соншалық, дінде хақты, ақиқатты іздеген ақылы толық, оқығын адамның бұларды қабылдамауы мүмкін емес. Мысалы, Ислам діні жалғыз бір тәңірдің бар екенін білдіреді. Адамдардың сәлім ақылына (саналылығына) үндеп, оларды көптеген қате сенімдерге сендіруге түспейді. Ислам діні әлемдегі барлық адамдардың, қандай нәсілден болса да, бәрінің Аллаһу та’аланың құлы ретінде бір-бірімен тең, бір-бірінің ұқсасы екендігін білдіреді. Біз, немістер, негізінде Аллаһу та’аланың бізге күш-қуат беретін, рухымызды жетілдіретін ұлы жаратушы екендігіне сенеміз. Аллаһ ұғымы біздің жанымызға сақтық пен тыныштық орнатады. Алайда, христиан діні осы тыныштықты бере алмауда. Тек Ислам діні ғана Аллаһу та’аланың ұлылығын бізге үйретуде, сонымен қатар өлгеннен кейін адам рухының қайда баратыны туралы бізге жол көрсетуде. Ислам діні тек дүниеде ғана емес, ахиретте де бізге жол көрсетуде. Ахиретте рахаттыққа қол жеткізу үшін бұл дүниеде не істеу керектігін өте айқын және логикаға сай түрде үйретуде. Аллаһу та’аланың ахиретте адамдардан дүниедегі істерін әділ түрде есепке тартатындығын білу оларды дүниеде дұрыс әрекеттер жасауға итермелейді. Сондықтан да шынайы мұсылмандар дүниеде жақсылап ойланбастан, жасамақшы болған істің шынымен қайырлы болатындығына көз жеткізбестен ештеңе істемейді. Осылайша, бұл ұлы дін ешбір дүниелік полиция ұйымы атқара алмайтын түрде адамдарды бақылауда, олардың әрдайым дұрыс жолда қалуын қамтамасыз етуде.
Ислам дінінің еуропалықтар тарапынан таңдалуының басқа бір себебі – ғибадат кейіпі. Намаз адамдарға әрдайым жұмысты өз уақытында істеуді, ал ораза қалау күшін қуаттандыруды үйретеді. Өмірде жетістікке жету үшін «Жұмысты уақытылы атқарудан және қалауына ие болудан» маңыздырақ басқа не бар? Ұлы тұлғалар тек осы екі фактордың арқасында жетістікке жеткен. Ал енді Ислам дінінің ең керемет тұсына тоқталамын, Ислам діні адамдарға әдептілік және адамгершілік негіздерін қисынды түрде үйретуімен қатар, оларды ешқашан күші жетпейтін істерді жасауға мәжбүрлемеген. Керісінше, оларға жақсы және рахат өмір сүру үшін көптеген мүмкіндіктер берген. Аллаһу та’ала адамдардың рахат және бақытты өмір сүруін қалайды. Осы себептен адамдарға күнә істемеуді әмір етеді. Мұсылмандар өздерінің әрдайым Аллаһу та’аланың алдында екеніне сенеді. Күнә істемеуге тырысады. Басқа діндерде де, Еуропада құрылған жүйелерде де осыншалықты тамаша, осыншалықты пайдалы қағида жоқ.
Мен әлемнің көптеген жерлерінде және мұхиттарында дипломат және миссионер ретінде болдым. Басқа діндерді, қоғамдық жүйелерді мұқият зерттедім. Бірақ Ислам діні сияқты дұрыс, Ислам дініндей кәміл дінді де, қоғамдық жүйені де кездестірмедім. Коммунизм адамдарға бір қарағанда дұрыс түсінік сияқты болып көрінеді. Осы сияқты, әлемде ең үлкен басқару түрі деп есептелетін батыстағы демократия мен нацизмде де кейбір дұрыс тұстары бар. Бірақ олардың ешбірі толық емес. Барлығында көптеген кемшіліктер бар. Толық және кемшіліксіз болғаны – тек Ислам діні ғана. Адамдарды жетілдіретін құрал еуропалықтардың табысы болған әлеуметтік ойлар емес, тек қана Ислам діні. Сондықтан әрбір сәлім ақыл (саналы) иесі ешбір күмәнсіз Ислам дінін қабылдайды. Мен де солай істедім. Мұсылмандық – көзқарастар діні емес, амалдық (практикалық) дін. Ислам діні – адамның рахим және ғафур (мейірімді және кешірімді) болған және дұрыс жолды көрсеткен Аллаһу та’алаға өзін тапсыруы деген сөз. Бұдан жақсы не болуы мүмкін?
Сайтымыздағы мәліметтер бүкіл адамзаттың пайдалануы үшін дайындалған.
Түп нұсқасын өзгертпеу шартымен рұқсат алмай-ақ, әркім қалағанынша пайдалана алады. www.islamdini.kz ® 2008-2024