Аллаһу та'аланың мүминге берген сыйлықтары

Әһли хикмет ғұламалар былай дейді:

Ауру, кедейлік, жалаға ұшырау сияқты дерт пен бәле-жала Аллаһу та'аланың таққан мойын жібі. Яғни Аллаһу та'аланың сүйіктілерінің мойнына өзін ұмытпасын, діннің сыртына шықпасын, тозаққа түспесін деген мақсатпен таққан мойын жібі және мейірімі. Сондай адам шайтанға, нәпсіне немесе жаман досқа алданып, діннің сыртына шығайын деп жатқанында мойын жібі тартылып, мойнын қысады, тұншығатындай болады да, кері қайтады. Яғни өз-өзін құртатындай ештеңе істей алмайды.

Дерт пен бәле-жала күнәлардың көптігінің емес, көп кешірілгенінің белгісі. Бәріміз онсыз да күнәхармыз. Тіпті Аллаһу та'аланы ұмытып тартқан және шығарған әр тынысымыз күнә болып табылады. Олай болса, Аллаһу та'аланың дерт пен бәле-жала берген құлдары – кешіруді қалаған пенделері. Күнәларын төгіп, сабырын сынап көргісі келген пенделері.

Себептер нәтижеге қарай бағаланады. Дерт пен бәле-жала кешірілуге себепші, бұл жақсы, бірақ мұны қалау дұрыс емес. Расында, пайғамбарымыз алейһиссалам «Аллаһтан дерт пен бәле-жала сұрамаңдар. Берген болса, шағымданбаңдар!» деген. «Йа, Раббым, маған дүниеде жақсылық бер, ахиретте де жақсылық бер, мені тозақ азабынан қорға» және «Йа, Раббым, сенен денсаулық, афиет және тағдырыңа разылық тілеймін» деп те дұға еткен. Біз де осылай дұға етуіміз керек.

 

Шағымданбау керек

Аурулар – Аллаһу та'аланың мүмин құлдарына берген сыйы. Сыйлық сүйіктіге беріледі және сыйлықты беруші де жақсы көріледі. Әулиелеріміз дерт пен бәле-жаладан алған ләззатты денсаулықтан, рахаттықтан ала алмаған. Сондықтан, сабыр ету керек және шағымданбау қажет. Науқас болған адам сабыр еткен жағдайда сауап алады. Сауап сабыр етушілерге беріледі. Мысалы, бір адам бізге бір сыйлық берсе, біз рахмет айтудың орнына «Неге ондай, неге мұндай» деп болмашы сөздер айтсақ, кейін «Мен ол адамды қатты жақсы көремін» десек, кім сенеді? Сондықтан, жағдайына шағымдану мүлдем жақсы емес. Керісінше «Демек, Раббым мені жақсы көрді, мені кешіруді қалады да, осындай ауру берді» деп, берілген дерт пен бәле-жаланың сыйлық екенін біліп, қуану керек және қадірін білу қажет. Осы күйде болудың белгісі – сабыр, жағдайына шағымданбау.