Әһли хикмет ғұламалар былай деген:
Ахиретте сұралатын ең маңызды сұрақ: «Құлым, мұны не мақсатпен істедің?»
Бұл сұрақтың екі түрлі жауабы бар: Не Аллаһ разылығы үшін, не нәпсіміз үшін. Аллаһ разылығы үшін істеген адам құтылады, нәпсінің пайдасы үшін істеген адам күйеді. «Ықылассыз амал, яғни Аллаһ разылығы үшін орындалмаған ғибадаттар, қызметтер, іс-әрекеттер іші бос дәнекке ұқсайды» делінген. Бұл дәнек егілсе, іші бос болғандықтан өніп шықпайды, ағаш бола алмайды, жеміс бере алмайды. Бұл дәнекті жемекші болсақ, іші бос, жеуге де келмейді. Бос дәнек тек отқа немесе қоқысқа тасталады.
Мәңгі өмірге татыйтын Аллаһ разылығын тастап, үш күндік дүниелікті көздеп өзгелердің «Жарайсың!» сөзін есту мақсатымен жұмыс істеу үлкен қателік. Адам өмірі ғасырларға созылса да, соңы бар, мәңгі өмірдің жанында ешқандай қадірі жоқ.
Бір Әһли сүннет ғалымы айтқан:
Дін үшін атқарылған қызметтер жәннаттан жерге түскен дастархан. Ешкім мұның егесі бола алмайды. Кім егер мұны иеленуге тырысса, құриды. Заттық болсын, рухани болсын, қол жеткізілген ниғметтің түйірін өзімнен деп білген адам құриды. Бұлардың бәрі Аллаһтың рұқсатымен, әулиелердің берекетімен іске асады. Өйткені біз бұл жолдан хабарсыз едік, басқа жолда едік. Сол ғұламалар бізді ол жолдан алып, осы жолға түсірді. Олай болса, бұл жолға түскеннен кейін бұл жолда жасалған әр қызмет, әр ниғмет сол ғұламаларға тиесілі. Оларға тиесілі болған бұл жолда адам өз пайдасы үшін не ойлауы мүмкін? Тек осы жолдан таймауға, осы жолмен өмір сүруге мән береді.
Имам Раббани хазреттері былай деген:
Егер Аллаһу та'ала сендерге осындай жол нәсіп еткен болса, бұл сондай қасиетті жол, бұл жолдағылар күнәхар болса да, бәрі қадірлі, мүбәрәк.
Бұл қадірлілік сол адамның өзінен емес, жолдың қадірлілігінен туындауда.
Шах-и Нақшибәнд хазреттерінің мынадай бір дұғасы бар:
«Йа, Раббым, маған міндетті түрде қауыштыратын жол нәсіп ет, бұл жолда болғандар, осы әулиелерді танығандар мақрұм қалмасын, ниғметтерге оңай қауышсын.»
Бұл сондай жол, Аллаһу та'аланың разылығына міндетті түрде қауыштырады. Дүниеде болмаса, қайтыс боларда, өлерде болмаса қабірде, бұл кезде де болмаса, махшарда немесе жәннатта міндетті түрде қауышады. Міндетті түрде қауыштыратын осындай жолдың қадірін білу керек, басқа жолдарға адаспау керек, өзгелердің де осы жолға түсуіне тырысу керек.
Сайтымыздағы мәліметтер бүкіл адамзаттың пайдалануы үшін дайындалған.
Түп нұсқасын өзгертпеу шартымен рұқсат алмай-ақ, әркім қалағанынша пайдалана алады. www.islamdini.kz ® 2008-2024