Миқаттан бұрын:
1- Тырнақтарды алу керек.
2- Қолтықтың астының және ұят жерінің қылдарын қыру керек.
3- Ғұсыл алу керек, болмаса дәрет алады.
4- Еркектер ихраммен оранады. (Әйелдер киімін шешпейді.)
5- Бас ашық және аяқтар жалаңаяқ болады.
Миқат шекарасында:
Ихрамның сүннеті ретінде екі рәкат нәпіл намаз оқиды. Бірініші рәкатта кәфирун екінші рәкатта ихлас сүресін оқу абзал. Тек қажылық үшін ниет және тәлбия етеді. Осылай ихрамға кірген болады.
Ихрамға кіргеннен кейін:
Ихрамнан шыққанға дейін ихрамды адамға тыйым салынған нәрселерден тыйылады. Тәкбір, тәһлил, салауат және тәлбия айтып ары қарай жүреді.
Мекке мукаррамада:
1- Ғұсыл алып немесе дәрет алып Харам мешітіне барып “қудум тауафын” жасайды. Бұл сүннет болып табылады.
2- Тауафтан кейін екі рәкат тауаф намазын оқиды. Бірінші рәкатта кәфирун екінші рәкатта ихлас сүресін оқу жақсы болады.
3- Зәмзәм суын ішеді, үстіне, басына құю жақсы болады.
4- Сафа және Мәруа арасында умраның сайиын жасайды. Кейін шаштың ең аз төрттен бір бөлігін немесе толығымен қырады немесе қысқартады. Осылай ихрамнан шыққан болады.
5- Ихрамсыз күйде Меккеде қалады. Қалағанша “нәпіл тауаф” жасауға болады.
Тәруия күні (8 Зүлхижжа)
Тәруия күні қажылық үшін ниет және тәлбия етіп қайтадан ихрамға кіреді. Таң намазын мүмкіндік болса, Меккеде оқып Минаға шығады. Арапа күні таң намазын оқып кейін Арафатқа қарай жүреді.
Арапа күні (9 Зүлхижжа)
1- Әр мүмкіндікте тәлбия, тәсбих, тәкбир, тәһлил және салауат оқиды. (Қажылар өздеріне әке-шешесіне және бүкіл мұсылмандарға дұға етеді.)
2- Бесін және екінді намаздарын, бесін уақытында жәм етіп оқиды.
3- Намаздан кейін уақфаға тұрады.
4- Күн батпай тұрып Арафаттан кетпеу керек. Күн батқаннан кейін ақшам намазын оқымай Муздалифаға қарай жүреді.
5- Ақшам және құптан намаздарын Муздалифада құптанның уақытында жәм етіп оқиды. Түнде Муздалифада қалады. Шайтанға тас лақтыру үшін тас жинайды.
Айттың бірінші күні (10 Зилхижжа)
1- Таң намазын оқығаннан кейін Муздалифада “Мәшарил харамға” барып, ол жақта уақфаға тұрады.
2- Айнала жарық болғанда күн шықпастан бұрын Минаға қарай жүреді.
Минада палаткаға орныққаннан кейін:
1- Ақаба жәмресіне (үлкен шайтанға) 7 тас лақтырады.
2- Уәжіп болған шүкір құрбандығын сояды. Құрбандыққа мал таба алмау немесе ала алмау себебімен соя алмайтын болса, Зүлхижжаның 9-ына дейін үш күн және айттан кейін 7 күн тағы ораза тұтуы керек болады. Барлығы 10 күн болады. Бұл қалған 7 күнді еліне қайтқаннан кейін де тұтуына болады.
3- Шаштарды толығымен қырып тастайды немесе қысқартады. Осылай ихрамнан шыққан болады.
Айттың 2,3, және 4 күндері:
1- Айттың бірінші күні жасамаған болса, зиярат тауафын жасайды. (Зиярат тауафын айттың бірінші күні жасау өте қадірлі болып табылады.) Жасаған болса, қажылықтың сайиын жасайды. Бұларды үшінші күні күн батқанға дейін жасау керек. Бұл уақытқа дейін жасамаса, уәжіпті уақытында орындамағаны үшін жаза өтеуі керек болады.
2- Кіші, орта және ақаба жәмресіне (үш шайтанға) әр күні жеті тастан лақтырады.
Минадан қайтқанда:
“Уәда тауафын” жасайды. Бәйтуллаһқа қарап зәмзәм суын ішеді. Бетін және басын жуады. Кейін мүмкіндік болса, қасиетті Қағбаның үлкен есігін сүйеді.
Сайтымыздағы мәліметтер бүкіл адамзаттың пайдалануы үшін дайындалған.
Түп нұсқасын өзгертпеу шартымен рұқсат алмай-ақ, әркім қалағанынша пайдалана алады. www.islamdini.kz ® 2008-2024