Сұрақ: Дүниеде және ахиретте бақытқа қауышу мүмкін бе? Жүректі қалай тазалауға болады?
Жауап: Бақытқа қауышу үшін үш нәрсе қажет:
1) Мұсылман болу керек. Бір рет «ЛӘ ИЛАҺА ИЛЛАЛЛАҺ МУХАММАДУН РАСУЛУЛЛАҺ» деп айтқан адам мұсылман болады.
2) Мұсылман болғанын таныстарға және періштелерге білдіру үшін «Әшһәду ән лә илаһа иллаллаһ уә әшһәду әннә Мухаммадан абдуһу уә расулуһ» деп айтылады.
3) Жүректі тазалау және дүние мен ахиретте бақытқа қауышу, дерттерден, бәле-жаладан, аурулардан, дұшпанның зиянынан, сиқырдан, дуаланудан, жынның ұруынан құтылу, ниғметтерге қауышу үшін әр мұсылманның күнде жүрекпен тәубе етуі және бұл тәубені сөйлеуі қажет. Мұны сөйлеуге «Истиғфар» делінеді. Көп истиғфар оқу керек. Истиғфар «Астағфируллаһ мин кулли ма карихаллаһ» немесе қысқаша «Астағфируллаһ» деп айту деген сөз.
Ахками исламийаны (Ислам үкімдерін) ұстанған адамның дұғалары міндетті түрде қабыл болады. Истиғфарды және истиғфар дұғасын бүкіл түн бойы оқып, ұйқысыз қалмау керек. Истиғфарды және барлық дұғаларды мағынасын ойламай, таза жүрекпен айтылмаса, тек ауызбен ғана айтылса, еш пайдасы болмайды. Истиғфарды ауызбен үш рет айтқан кезде таза жүрек те айта бастайды. Күнә істеу арқылы қарайған жүректің айтуы үшін ауызбен көп айту керек. Харам азық жеген және намаз оқымайтын адамның жүрегі қап-қара болады. Ондай жүректердің айта бастауы үшін истиғфар дұғасын үш рет оқу және кейін 67 рет истиғфар айту, яғни «Астағфируллаһ» деу керек. Аллаһу та'ала «Тәубе және истиғфар еткен адамды жақсы көремін және күнәларын кешіремін» деген. Тәубе – күнә істегеніне өкіну, күнә істеуден дереу бастарту және ендігәрі мүлдем жасамауға шешім қабылдау және кешіруі үшін Аллаһу та'алаға жалбарыну деген сөз. Бұл төрт нәрсенің бірі нұқсан болған тәубе қабыл болмайды және күнә кешірілмейді. Тәубеден кейін күнәні қайтадан істесе, тәубесі бұзылмайды, жаңадан күнәға түседі. Сондықтан бөлек тәубе етуі қажет болады. Шынайы тәубесі жасалған күнә міндетті түрде кешіріледі. Тәубе жасалмаған күнәні Аллаһу та'ала қаласа кешіреді, қаласа азап береді. (Хақ сөздің дәлелдері, 125 бет)
Сайтымыздағы мәліметтер бүкіл адамзаттың пайдалануы үшін дайындалған.
Түп нұсқасын өзгертпеу шартымен рұқсат алмай-ақ, әркім қалағанынша пайдалана алады. www.islamdini.kz ® 2008-2024