Сұрақ: Неліктен нәпістің қалауларына еру дінімізде қатты жамандалған? Нәпістің қалауларының бәрі жаман және зиянды ма?
Жауап: Көңіл ауруларының бірі – «Нәпістің хауа»-сына, шәһуеттеріне, қалауларына, ләззаттарына бағынышты болу. Мұның жаман екендігі аяти карималарда айқын білдірілген. Нәпістің қалаулары адамды Аллаһ жолынан адастырушы екендігі Құран кәрімде хабар берілген. Өйткені нәпіс әрдайым Аллаһу та'аланы жоққа шығаруды, Оған қарсы шығуды қалайды. Әр іс-әрекетте нәпістің қалауларына еру – нәпіске табыну болады. Нәпсіне ерген адам күпірге немесе бидғатшы болуға жол ашады, яки харам істеуді бастайды. Әбу Бәкір Тамистани (рахимә-һуллаһу та'ала) айтқанындай: «Нәпіске еруден құтылу – дүние ниғметтерінің ең үлкені.» Сәһл бин Абдуллаһ Тустари айтқанындай: «Ғибадаттардың ең құндысы – нәпіске ермеу.» Ислам бин Юсуф Бәлһи Хатем-ул-Әсамға бір зат сыйлады. Хатем мұны қабылдағанда оған «Мұны қабылдау нәпістің қалауына еру болып саналмайды ма?» деседі. Сонда ол «Қабыл ету арқылы өзімді бейшара, ал оны қадірлі қылдым. Егер алмай қайтарғанымда, мен қадірлі, ол бейшара болар еді, бұл нәпісіме жағатын еді» деді. Расулуллаһ (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) ұзын хадис шәрифтің соңында былай деген: «Адамды пәлекетке жетелейтін үш нәрсе бар: Сараңдық, нәпіске еру, өз-өзін ұнату.» Имам Ғазали (рахимә-һуллаһу та'ала) айтқан: «Аллаһу та'аланың адамға көмектесуіне тосқауыл болған перделердің ең жаманы – «Ужб». Яғни өз кемшіліктерін көрмей, ғибадаттарын ұнатуы. Иса алейһиссалам былай деген: «Ей, хауарилер! Жел көптеген шамдарды сөндірген. Ужб та көптеген ғибадаттарды сөндірген, сауаптарын жойып жіберген.»
Хадис шәрифте: «Үмбетімнің екі жаман мінезге тап болуынан қатты қорқамын. Бұлар: нәпіске еру және өлімді ұмытып, дүниенің артынан жүгіру» делінген. Нәпіске еру Ислам дінін ұстануға бөгет болады. Өлімді ұмыту нәпіске еруге себеп болады.
Хадис шәрифте: «Ақылдың белгісі нәпісті жеңіп, оны басқару және өлгеннен кейін қажет нәрселерге дайындалу. Ақымақтықтың белгісі – нәпіске еріп, Аллаһтан кешірім, мейірім күту» делінген. Нәпіске еріп, тәубе мен истиғфар жасамастан кешірім мен жәннатты күту ақымақтық болуда. Себебін орындамай бір нәрсе күтуге «Тәмәнни» делінеді. Себебін орындағаннан кейін күтуге «Рәжа» делінеді. Тәмәнни адамды жалқаулыққа апарады. Ал рәжа жұмыс істеуге, еңбектенуге себеп болады. Нәпістің жақсы көретін, қалайтын нәрселеріне «Хауа» делінеді. Нәпіс жаратылысында жамандықтарды, зиянды нәрселерді ұнатушы және қалаушы. «Нәпсіңнен сақтан әрдайым, оған жүгінбе ешқашан. Жетпіс шайтаннан да асқан үлкен дұшпан ол саған» шумағы өте орынды айтылған. Нәпістің адамды харамдарға, мәкрухтарға жетелеуінің зияндары мәлім. Оның қалауларының бәрі хайуани қалаулар. Ал хайуани қалаулардың бәрі дүниедегі қажеттіліктер. Адам осы қалауларының соңынан жүрген уақыты бойы ахирет қажеттіліктерін дайындауда артта қалады. Өте маңызды болған тағы бір жайт, нәпіс мубахтарға тоймайды. Мубахтарды қолдануы артқан сайын қалауларын да арттыра береді. Сонда да тоймайды. Адамды харамдарға жетелейді. Бұдан басқа мубахтарды шамадан тыс қолдану қиындықтарға, дерттерге, ауруларға себеп болады. Ондай адам үнемі қарнын, рахатын ойлап жүреді. Сараң және жексұрын болады. (Ислам Ахлақы, 30-31 беттер)
Сайтымыздағы мәліметтер бүкіл адамзаттың пайдалануы үшін дайындалған.
Түп нұсқасын өзгертпеу шартымен рұқсат алмай-ақ, әркім қалағанынша пайдалана алады. www.islamdini.kz ® 2008-2024