Ихрам – екі бөлік матадан тұрады, жіппен байланбайды, түймеленбейді және ілмекті инемен де ұсталмайды. Қажылық, умра, сауда-саттық немесе кез-келген бір нәрсе үшін алыстан келгендердің миқат деп аталатын жерлерді ихрамсыз өтіп, Мекке мукаррама хареміне кірулері харам болады. Өткендердің миқатқа кері қайтып, ихрамға кіруі керек. Ихрамға кірмесе, құрбандық шалуы керек болады. Миқат деп аталатын жерлермен Мекке харемі арасы “Хил” деп аталады. Миқаттан өткенде бір жұмыспен Хилде қалуға ниет еткендердің және Хилде тұратындардың қажылықтан басқа ниетпенен ихрамсыз харемге кірулері жаиз. Миқат жерлерінен өткенде ниет етіп және тәлбия етіп, амалдары бойынша ихрамға кіру керек. Миқат жерінен де бұрын, тіпті өз мемлекетінде де ихрамға кіру жаиз және өте жақсы болады. (Харем: Мекке мукаррама қаласынан біраз кең аумақта болып шекарасын Ибраһим алейһиссалам тіккен тастары көрсететін жер (аудан). Бұл аудан ішіне мұсылман еместердің кіруіне тыйым салынғаны үшін және ихрамды күйде кейбір әрекеттерді жасау харам болғаны үшін Харем деп аталған.)
Ихрам киген адамға тыйым салынған нәрселер
Ихрамға кірген адамға ихраммен жүрген мерзімі ішінде (ихрамнан шыққанға дейін) басқа уақыттарда халал болған кейбір әрекеттерді жасауына тыйым салынады. Бұлар ихрамның тыйымдары деп аталады.
Бұл тыйымдар мыналар:
1- Шаш немесе сақал қыру, мұрттарды қырқу.
2- Ұят жерінің және қолтық қылдарын жұлу немесе ұстарамен қыру.
3- Дененің басқа жерлеріндегі қылдарды жұлу немесе қырқу.
4- Тырнақ алу.
5- Денеге немесе ихрамға (әйелдер киімдеріне) әдемі иіс су себу, иіс сабын қолдану.
6- Киім ретінде дайындалған (тігілген немесе тоқылған) нәрселерді кию. Бұларды киместен, бірақ (пальто, шапан, көйлек секілді киімдерді) иыққа жауып немесе жатарда басы ашық қалу шартымен үстіне жамылуға болады.
7- Басын және жүзін жабу, тақия кию немесе басына сәлде орау.
8- Қолғап, нәски немесе тобықтарын жабатын аяқкиім кию. Киімге байланысты айтылған тыйымдар тек еркектерге қатысты. Әйелдер күнделікті киімдерін киеді, ихрам мерзімінде тек беттерін жаппайды.
9- Жыныстық қатынас немесе сүйісу, ойнау, шахуатпен (ләззатпен) ұстау... секілді жыныстық қатынастарға себеп болатын әрекеттерді жасау.
10- Шахуаттық сезімдерді оятатын нәрселерді айту.
11- Құлшылықты қойып, харам істер істеу.
12- Айтысу (сөз таластыру), төбелесу, сөгу, жаман сөз айту секілді жаман әрекеттермен адамдарды ренжіту.
13- Етін жеуге болса да болмаса да құрлықтағы кез-келген жануарларды аулау.
14- Аңшыға аңды көрсету немесе аулау барысында көмекші болу.
15- Жеуге болатын жабайы аңдарға зиян жеткізу.
16- Харем аймағында өздігінен өскен шөп және ағаштарды жұлу ихраммен де ихрамсыз да барлық адамдарға тыйым салынады.
17- Басын шампунь мен жуу.
18- Моншаға түсу.
19- Өзінің үстінде болған битті өлтіру және басқаның өлтіруі үшін көрсету.
Бұларды біліп немесе білмей, ұмытып жасағандарға, құрбандық, садақа жазаларын өтеуі керек болады. Жаза ретінде сойылған құрбандықтың етінен иесі жей алмайды. Ифрад қажылықта бір құрбандық шалуды керек ететін кінәні, қарин қажы істесе, екі құрбандық шалуы керек болады.
Ихрам киген адамға тыйым салынбаған нәрселер
Ихрамға кірген адамға тыйым салынбаған нәрселер мыналар:
1- Басына тигізбеу шартымен кез-келген бір нәрсенің астына және көлеңкесіне отыру. Зонт қолдану.
2- Жуыну, иіссіз сабын қолдану.
3- Ихрам маталарын жуу немесе ауыстыру.
4- Қылы жұлынбайтындай етіп қасыну, көзден шыққан қылды немесе сынған тырнақты жұлу.
5- Тісті (щеткамен) тазалау, сүрме жағу.
6- Тіс жұлдыру, қан алдыру, укол салдыру, жараның бетін орау.
7- Әдемі иіс су сататын дүкенде отыру немесе иіс су сатып алу.
8- Жүзік, сағат тағу және қару алып жүру, белге белбеу орау, әмиян алып жүру, белдік тағу, иыққа сөмке асыну.
9- Пальто, шапан немесе костюм секілді тігілген киімді жеңдерін киместен иықтарына жабу.
10- Көрпемен немесе кез-келген жамылғы түрімен бет және бастан басқа дененің барлық жерін жамылу.
11- Балық және т.б. су жануарларын аулау.
12- Өзінің әмірінсіз ихрамсыз кісі тарапынан ауланған құрлық аңдарының етін жеу.
13- Қарға, лашын, жылан, шаян, тышқан, маса, құмырсқа, бүрге, ара, кене, кесіртке, көбелек, тасбақа секілді жеуге болмайтын аңдарды немесе құрт-құмырсқаларды, құтырған және қабаған ит, қасқыр және жолбарыс секілді жыртқыш жануарларды өлтіру.
14- Бүрге, әр түрлі шыбын-шіркейлерді, біреудің үстіндегі битті, тышқан, жылан, шаян, қасқыр, лашын секілді зиянды және қауіпті аңдарды өлтіру.
15- Жаздық үсті ашық аяқкиім кию.
16- Бит өлмейтіндей және шаш түспейтіндей етіп қасыну.
17- Түрлі-түсті ихрам кию.
18- Ғұсыл алу.
19- Басты әдеттен тыс нәрселермен жабу (шылапшын, леген, пакет секілді нәрселер қою.)
20- Адамдар егіп өсірген өсімдік, ағаштарды жұлу.
21- Дұшпанмен төбелесу.
22- Әйелдерге теріге тимейтіндей етіп беттерін жабулары және тігілген киім, мәсі, нәски киюі, орамалдарының ішінен әшекей бұйымдарын тағуы жаиз болады.
Бір қажы арапа күні бесін намазының азанынан құрбан айттың бірінші күнінің таңғы намаз уақытына дейінгі уақыт ішінде, Арафатта біраз тұрса, немесе ихрамды күйде Арафаттан өтсе, немесе ихрамға кіргеннен кейін ауырып ұйқыда жатқанда, зембілменен немесе басқа нәрсемен Арафатқа әкеліп нусуқ жасалса, немесе ихрамға кірместен бұрын науқастанған, есінен танған адамның орнына басқа адам ихрамға кіріп ол оянбастан, есін жимастан бұрын, бұның орнына да бөлек нусуқ жасаса немесе арапа күні екендігін білместен Арафатта тұрса, қажылығы сахих және қудум тауафын орындау қажеттілігі жойылады. Ол жердің Арафат екендігін білу және ниет ету керек емес. Ол күні немесе ол түні Арафатта болмағандар немесе Арафаттан өтпегендер қажы болмайды.
Сайтымыздағы мәліметтер бүкіл адамзаттың пайдалануы үшін дайындалған.
Түп нұсқасын өзгертпеу шартымен рұқсат алмай-ақ, әркім қалағанынша пайдалана алады. www.islamdini.kz ® 2008-2024