Әуелі Құран кәрім оқуды үйрету керек

Сұрақ: Бала тәрбиесінде неге мән беру керек?

Жауап: Әкенің балаларына ілім, әдеп және өнер (кәсіп) үйретуі парыз. Әуелі Құран кәрім оқуды үйрету керек. Кейін иманның және Исламның шарттарын үйрету қажет. Бала Құран кәрім оқуды және діни білімді үйренбестен мектепке жіберілсе, бұларды үйренетін уақыт таба алмай қалады. Дін дұшпандарының тұзақтарына түсіп, олардың өтіріктеріне, жалаларына алданады. Дінсіз және Ислам ахлақынан мақрұм болып өседі. Мектепті аяқтағанда өз ата-анасына, өз ұлтына, өз мәдениетіне дұшпан болып шыға келеді. Осылайша дүние мен ахиретте пәлекеттерге ұшырайды. Қоғамға және халыққа зиянды болады. Өзіне және өзгелерге жасаған жамандықтарының күнәсі ата-анасына да жазылады. Баласын діни білім үйретпестен кәпірлердің, өзге діндегілердің мектептеріне жіберудің үлкен зияндары «Иршад-ул-хияра фи-тахзир-ил-мүслимин мин мәдарисин-Насара» кітабында ұзақ баяндалған.

Ата-ана балаларын жақсы оқуға және жақсы тәрбие алуға мәжбүрлеуі керек. Ана баласының мұсылмандықты үйренуіне кедергі болса, мінез-құлығына мән бермесе, жаман адам қылып жетілдірсе, әкенің «Мен разы емеспін, мұның күнәсі саған болсын!» деп айтуы оны құтқармайды. Жаман тәрбиеге тосқауыл болуы керек еді. Әйел қырсығып, жанжал шығарса немесе күйеуінен жасырып балаларын жаман адамдарға беріп, жаман жолға оқытса, еркек күнәдан құтылады. (С.Әбәдийа, 595 бет)

Бала ата-ананың қолында аманат. Балалардың таза, пәк жүректері құнды гауһардай. Баланың жүрегі шам балауызы сияқты кезкелген пішінге ене алады. Кішкентай кезінде әлі ешқандай пішінге енбеген, таза, құнарлы топырақтай болады. Таза топыраққа қандай ұрық егілсе, соның жемісі өсіп шығады. Балаларға иман, Құран және Аллаһу та'аланың әмірлері үйретіліп, орындауға дағдыландырылса, дін мен дүние бақытына қол жеткізеді. Бұл бақытқа ата-анасы, ұстазы да ортақ болады. Егер бұларды үйретпесе, бұған дағдыландырмаса, өзінен басқа ешкімді ойламайтын, өзгенің ақысын жеуден қорықпайтын бетбақ болады. Жасаған әр жамандығының күнәсі ата-анасына және ұстазына да жазылады. Тахрим сүресінің алтыншы аяти каримасында: «Өздеріңді және үйлеріңде, қарамақтарыңда болғандарды оттан қорғаңдар!» делінген. Бір әкенің перзентін тозақ отынан қорғауы дүниедегі оттан қорғауынан әлдеқайда маңызды. Тозақ отынан қорғау имандылықты, парыздар мен харамдарды үйрету арқылы және ғибадатқа дағдыландыру арқылы, дінсіз, әдепсіз достардан қорғау арқылы іске асады. Бүкіл жамандықтардың басы – жаман дос.

Пайғамбарымыз (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) «Бүкіл балалар мұсылмандыққа бейім болып туылады. Оларды кейіннен ата-аналары жаман және дінсіз адам етіп өсіреді» сөзімен мұсылмандықтың орнығуында да, жойылуында да ең маңызды істің жастық шақта екендігін білдіруде. Олай болса, әр мұсылманның бірінші міндеті – перзентіне Ислам дінін және Құран кәрімді үйрету. Перзент – үлкен ниғмет. Ниғметтің қадірі білінбесе, қолдан кетеді. Сондықтан «Педагогика», яғни бала тәрбиесі Ислам дінінде өте құнды ғылым болып табылады. (С.Әбәдийа, 35 бет)