Әһли хикмет ғұламалар былай деген:
Аллаһу та'ала бізге берген ниғметтері үшін бізден екі нәрсе талап етеді: Оны танып, шүкір етуімізді талап етеді. Мұны біраз айқындайық:
1) Жаратқан махлұқтарының арасында тек адамды ғана қадірлі қылды. Өзін тануды нәсіп етті. Аллаһу та'аланы тану өте құнды. Пайғамбарымызды бәрі көретін еді, бірақ бәрі танымады. Тану қиын. Танығандар Асхаби кирам болды. Аллаһу та'ала танылуды қалайды. Бір хадис құдсида: «Мен танылуды жақсы көрдім», яғни «Адамдарды мені тануы арқылы қадірленуі үшін жараттым» дейді.
2) Ол нәсіп еткен ниғметтерге қайтарым ретінде шүкір талап етеді. Яғни біздің шүкір етуімізді қалайды. Аллаһу та'алаға шүкір ету қалай орындалады? Шүкір – намаз! Өйткені зекет мүлкің бар болса, қажылық шарттары бар болса орындалу қажет, ораза да сондай, бірақ намазға қатысты ешқандай тосқауыл жоқ. Тәйәммум етіп, ишаратпен, жатып болса да, оқу керек, ауру кезде де оқу қажет, яғни ешбір бөгет болмағандықтан, Аллаһу та'ала шүкірді намазбен бастаған. Сондықтан, намаз оқымайтын адамның ешқандай шүкірі Аллаһу та'ала тарапынан қабыл етілмейді. Иманның байрағы, белгісі – намаз. Бір мүмин жүз мың рет қажылыққа барса, жүз мың алтын садақа таратса, жүз мың кедейді тойдырса, егер намаз оқымайтын болса, ешбір құны болмайды.
Бала-шағамызға Ислам дінін үйретуіміз керек. Намаз оқудың маңызын түсіндіруіміз керек және міндетті түрде намаз оқытуға тырысуымыз қажет. Намаз оқуына кедергі болған барлық нәрсенің пәлекетке себеп болатынын білуіміз және айтуымыз керек.
Намаздарымызды кешіктірмей оқиық. Балаларымызға ішіп-жеуден бұрын намаздарын уақытылы оқуын үйретейік. Имам Раббани хазреттері айтқан:
Дүниеде бақыт, ахиретте жәннат екі нәрсе арқылы жүзеге асады:
1) Аллаһтың бір сүйікті досына қауышу және оның тарапынан қабыл етілу,
2) Дұрыс оқылған намаз.
Мейірім – дәрігердің науқасына жаны ашуы сияқты. Шынымен жаны ашыған дәрігер науқасын аурудан құтқарады. Бір ананың, әкенің мейірімі де оның жанашырлығы сияқты болу керек. Намаз оқымайтын балаға жанашырлық көрсетілмеген болып саналады. Бұл жердегі мейірім сияқты болып көрінген нәрсе мейірімсіздік, оны отқа тастау деген сөз. Баланың келешегін кепілге алу тек жақсы мұсылман болуы арқылы ғана мүмкін. Дипломмен келешегі кепілге алынған болмайды. Тіпті оның пәлекетіне себеп болуы мүмкін. Қарақшының қолына қару бергендей болады. Жақсы мұсылман болса, диплом сол кезде жарайды. Ол кезде дұшпанмен соғысып жатқан әскерге жәрдем беру сияқты болады.
Ата-ана, егер перзенттеріне Ислам дініне, Ислам ғұламаларына деген сүйіспеншілікті бере алмаса, олардың бас дұшпаны. Нәпсіне берілген ата-ана, яғни балаларын өз нәпсі үшін жақсы көретін ата-ана – балаларының ең үлкен дұшпаны.
Сайтымыздағы мәліметтер бүкіл адамзаттың пайдалануы үшін дайындалған.
Түп нұсқасын өзгертпеу шартымен рұқсат алмай-ақ, әркім қалағанынша пайдалана алады. www.islamdini.kz ® 2008-2024