Бастық болу ынтасы

Әһли хикмет ғұламалар былай деген:

Муинуддин Чәшти хазреттері: «Бастық болуды қалағандарда ықылас пен ғибадат қалмайды» деген. Тек бұлардан айрылғаннан кейін ғана бастық бола алу мүмкін. Аллаһу та'ала бір хадис құдсиде: «Ей, сүйіктім, мені сұрағандарға қызметші бол!» деген. Аллаһу та'аланы кім сұрайды? Мұсылман сұрайды. Яғни көрген әр мұсылманға қызметші болуы, жақсылық жасауы, бастық мәмілесінде болмауы талап етілуде. Раббымыздың бүкіл әлемді Оның құрметіне жаратқан сүйіктісіне берген бұйрығы осындай. Адамдар қандай қиындық тартса, басқаларға қандай қиындық тигізсе, бәрі осы бастық болуға деген ынтасынан туындаған.

Бір мүршид-и кәміл бір шәкіртін жетілдіріп, оған ұстаздық дәрежесін де береді. Оны шығарып саларда соңғы насихатын айтады, кездескен адамның әулие болған-болмағанына қатысты өлшем білдіреді.

Біраз уақыт өткеннен кейін бір ауылға келген бұл шәкіртке адамдар «Бұл жерде бір әулие бар» деседі. Ол «Егер әулие болса, онда онымен көріскеніміз жөн болады» дейді. Бұл хабар әлгі әулие кісіге жеткенде, одан шәкірттері: «Мырзам, пәлен мүршид-и кәмілдің шәкірті келді. Көрісу үшін сізден рұқсат сұрап жатыр, не дейсіз?» деп сұрайды. Әулие кісі «Біз оған өзіміз барайық. Оны бұл жаққа шақыру бізге жараспайды, өйткені оның ұстазы да үлкен әулие» дейді. Орнынан тұрып, оған барады. Сәлем беріп, хал-жағдай сұрасқаннан кейін шәкірт әлгі әулиеге айтады:

-Мырзам, біліміңізден, фәйзіңізден пайдалануды қалаймыз. Қамқорлық көрсетіп, бізге үйретіңіз, сізді тыңдайық.

-Білім, фәйз, берекет қайда, біз қайда? Біз кімбіз? Ол ғалымдар өтті-кетті, одан да сен үйрет, бәріміз сені тыңдап, пайдаланайық!

Шәкірт бұл сөзді ести сала дереу әулиенің қолына жабысып сүйеді. «Әлхамдулиллаһ, міне әулиені кездестірдім» дейді. Өйткені ұстазы оны шығарып саларда айтқан еді: «Барған жеріңде әулие танылған адамды кезіктірсең, "Біліміңізден, фәйзіңізден, берекетіңізден пайдаланайық, бізге үйретіңізші" деп айтасың. Егер ол "Кел, үйретейін" десе, оны тыңдама, одан қаш! Егер "Біз кімбіз? Біз бар болсақ та, есепке алынбаймыз. Жоқ болсақ та, ешкім іздемейді. Негізінде нағыз адамдар – олар. Сен үйрет, біз тыңдайық" десе, одан айрылма! Нағыз әулие осы кісі.»

Бұл өлшемді ұстанып, әлгі кісінің әулие екенін түсінген. Біздің ғалымдарымыз да айтқанындай, біздің кітаптарымыз өте құнды, өйткені ішінде бізге қатысты бір сөз де жоқ. Бұл қадірлілік толығымен Әһли сүннет ғалымдарының жазуларын және сөздерін жеткізу арқылы жалғасуда.

Осындай болса үздіксіз, тұрақты болады. Ал егер адам өз атынан сөйлесе, онда өткінші болады. Өйткені тәкәппарлық – заттық, рухани барлық жақсылыққа тосқауыл.