Сұрақ: Байлардың үлкен үй соғуы күнә ма?
Жауап: Зекетін кедейлерге беріп тұратын және маңдай терімен халалдан ақша тапқан адамның зәулім үй соғуы мүлдем харам емес. Бұл халал және берекетті. Жалқауланып, жұмыс істемей кедей болу немесе бар тапқанын харам жерлерге жұмсап, қарапайым үйде тұру дұрыс емес. Осындай жалқаулардың және мүлкін харамға жұмсайтын адамдардың кесірінен еңбекқорлар неліктен айыпты болсын? Зекетін бергендердің зәулім үйде тұруы, сәнді киінуі, ғылым тапқан барлық жеңілдіктерді пайдалануы халал болып табылады. Бір аяти кариманың мағынасында: «Мен берген ниғметтердің қолданылғанын жақсы көремін» делінген. Аллаһу та'ала «Жұмыс істеген адамға беремін» дейді. Жұмыс істеп ақша табу – ғибадат. Бай болу күнә емес. Аллаһу та'ала шүкір етуші байларды жақсы көреді. Бай болғаны үшін өз-өзін жақсы көру, өзін өзгелерден үстем санау харам болып табылады. «Қысас-и Әнбия» кітабында былай делінеді:
«Ашәрә-и мубәшшәрадан, яғни жәннатқа кіретіндігі сүйіншіленген он кісіден Зубәйр бин Аууам (радиаллаһу та'ала анһ) саудагер еді. Мәдинада, Басрада, Куфада және Мысырда мүліктері және үлкен жер телімдері бар еді. Мың қызметшісі бар еді. Бірақ бүкіл табысын кедейлерге тарататын еді. Жәннатпен сүйіншіленген Талха (радиаллаһу та'ала анһ) да бай еді. Қымбат киініп, сәнді жүретін еді. Жүзігінде қымбат жақұт тасы бар еді. Жәннатпен сүйіншіленгендерден Осман (радиаллаһу та'ала анһ) да бай саудагер еді. Тәбук соғысында он мың алтын және мал-мүлік жүктелген мың түйе беріп, Расулуллаһтың (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) дұғасын алды.
Бай болу айып емес. «Ақыр заманда бай болу – бақыт» хадис шәрифі «Рамуз-ул әхадис» кітабында жазылған. Ибраһим, Дауд және Сүлейман пайғамбарлар да (алейһимуссалам) өте бай еді. Асхаби кирамның кедейлерінің көбісі «Байлар біз сияқты ғибадат етуден бөлек тағы мал-мүліктерімен қайырлы амалдар жасап көп сауап алуда» деп, ағния-и шакиринге (шүкір етуші байларға) сүйсінетін еді.» (Пайдалы мәліметтер, 389 бет)
Сайтымыздағы мәліметтер бүкіл адамзаттың пайдалануы үшін дайындалған.
Түп нұсқасын өзгертпеу шартымен рұқсат алмай-ақ, әркім қалағанынша пайдалана алады. www.islamdini.kz ® 2008-2024