Аллаһу та'ала бұл әлемді жоқтан бар қылды және қияметке дейін адамдармен абат болуын қалады. Адам алейһиссаламды топырақтан жаратып, Оның балаларымен әлемді безендірді. Адамдарға дүниеде және ахиретте рахат өмір сүруге, бақытқа қауышуға қажет болған нәрселерді білдіру үшін кейбірлерін пайғамбар етіп қадірлендірді. Оларға жоғары дәрежелер беріп, өзге адамдардан ажыратты. Бұл пайғамбарларға Жәбірейіл алейһиссалам есімді бір періште арқылы әмірлері мен тыйымдарын білдірді. Олар да бұл әмірлерді үмбеттеріне хабарлады. Пайғамбарлардың біріншісі – Адам алейһиссалам, соңғысы – Мұхаммед алейһиссалам. Бұл екеуінің арасында көп пайғамбарлар келіп кеткен. Олардың санын тек Аллаһу та'ала біледі. Есімдері мәлім болған жиырма жетісі: Адам, Шит, Идрис, Нұх, Худ, Салих, Ибраһим, Исмаил, Исхақ, Яқуб, Юсуф, Әййуб, Лұт, Шуаиб, Мұса, Юша, Харун, Дауд, Сүлейман, Юнус, Илияс, Әлйаса, Зүлкифл, Зәкәрия, Яхия, Иса және Мұхаммед алейһимуссалам.
Олардан Шит пен Юшадан басқа жиырма бесі Құран кәрімде білдірілген. Құран кәрімде Узейр, Лұқман және Зүлқарнәйн де жазылған. Бірақ ғалымдарымыз арасында бұл үшеуіне және Тубба мен Хызырға қатысты пайғамбар деушілермен қатар, әулие дегендер де бар.
Мұхаммед алейһиссалам – Хабибуллаһ, Ибраһим алейһиссалам – Халилуллаһ, Мұса алейһиссалам – Кәлимуллаһ, Иса алейһиссалам – Рухуллаһ, Адам алейһиссалам – Сафийуллаһ, Нұх алейһиссалам – Нәжийуллаһ. Бұл алтауы басқа пайғамбарлардан үстемірек. Оларға Улул-азм делінеді. Бәрінің үстемі Мұхаммед алейһиссалам.
Аллаһу та'ала жер жүзіне 100 парақ және төрт үлкен кітап түсірген. Бұлардың бәрін Жәбірейіл алейһиссалам әкелген. 10 парақ Адам алейһиссаламға, 50 парақ Шит алейһиссаламға, 30 парақ Идрис алейһиссаламға, 10 парақ Ибраһим алейһиссаламға жіберілгені хадис шәрифте білдірілген. Бұл жерде «парақ» дегеніміз – кішкентай кітап, кітапша деген сөз. Төрт кітаптан Таурат Мұса алейһиссаламға, Забур Дауд алейһиссаламға, Інжіл Иса алейһиссаламға, ал Құран кәрім Мұхаммед алейһиссаламға түскен.
Нұх алейһиссалам заманында топан болып, бүкіл әлемді су қаптады. Жер бетіндегі адамдардың және жануарлардың бәрі батып кетті. Нұх алейһиссалам мен кемеде болған мүминдер құтылды. Нұх алейһиссалам кемеге мінерде әр жануардан бір-бір жұптан алды, сондықтан жануарлар да осылардан тарады. Бұл Мұса алейһиссаламның мұғжизасы еді.
Нұх алейһиссаламның кемеде үш баласы бар еді: Шам, Яфес және Хам. Қазір жер жүзіндегі адамдар осы үшеуінің тегінен. Осы себептен Нұх алейһиссаламға «Екінші Ата» делінеді.
Сайтымыздағы мәліметтер бүкіл адамзаттың пайдалануы үшін дайындалған.
Түп нұсқасын өзгертпеу шартымен рұқсат алмай-ақ, әркім қалағанынша пайдалана алады. www.islamdini.kz ® 2008-2024