Сұрақ: Әйелім үнемі жалғаннан ауру болып көрініп жүреді. Бұл дұрыс па?
Жауап: Жалғаннан ауырып қалғандай болып көріну дұрыс емес. Хадис шәрифте былай делінеді:
«Ауру болып көрінбеңдер – шынымен ауру боласыңдар.» (Дәйләми)
Сұрақ: Кейбір адамдар кездескен адамдарының бәріне аурып жатқанын айта береді. Ауруды жасыру қажет емес пе?
Жауап: Ауруды жасыра білу, ешкімге айтпау – ниғмет. Хадис шәрифте айтылған:
«Үш нәрсе жақсылық қазынасы: Ауруды, қиыншылықты, садақаны жасыру. Аллаһу та'ала айтады: "Мүмин ауырған кезде көңілін сұрап келгендерге менен шағымданбаса, етінің орнына жақсырақ ет, қанының орнына да жақсырақ қан беріп жақсартамын, күнәларын да кешіремін, өлсе мейіріміме қауышады."» (Табарани)
Барлық ауруларды ниғмет біліп, бұдан ғибрат алу керек! Хадис шәрифте былай делінеді:
«Мүмин ауырып, жазылған кезінде, ауруы күнәларының кафараты (өтемі) және келешігі үшін сабақ болады. Мұнафиқ болса, ауырып жазылған кезінде, байланып, кейін босатып жіберген түйе сияқты тұрады. Не себеппен байланғанын және не үшін босатылғанын білмейді.» (Табарани)
Аурулар түрлі себептерден пайда болады, дегенмен жалпы көп ішіп-жеуден туындайды. «Әр аурудың басы – қарынды қатты толтыру» хадис шәрифі мұны айқын білдіріп тұр. (Ибн Сүнни)
Сұрақ: Ауыр науқасқа не істеу керек?
Жауап: Науқас қаламаса да, салих адамдар барып бір Ихлас сүресін оқитындай уақыт отыру керек! Дәрігер «Ешкіммен көріспесін, ешкіммен сөйлеспесін деп айтты» деп науқасты мақрұм қалдырмау керек! Жанына салихтар барып, Ясин сүресін оқуы керек! Жай дауыспен оқу да пайдалы. Басқа дұға да оқуға болады. Хадис шәрифте былай делінген:
«Ажалы келмеген науқастың көңілін сұрап келген адам жеті рет "Әсәлуллаһәл азыйм, Раббил Аршил азыйм ән йәшфиәк" десе, Аллаһу та'ала оны осы аурудан саламаттыққа қауыштырады.» (Хаким)
Науқасқа зиянды болған азықтардан басқа, науқас өзі қалаған, жақсы көретін тағамдарын беру керек! Хадис шәрифте: «Науқасқа жаны қалаған нәрсені жегізіңдер» делінген. (Ибн Мажа)
Өлім ауруы
Сұрақ: Өлмекші болып жатқан науқасты төсегінде қалай жатқызу керек? Жан тапсырғаннан кейін жуындырғанда қалай жатқызылады?
Жауап: Өлім ауруы оң жанымен жатқызылып, беті құбылаға қаратылады. Осылай жатқызу сүннет. Аяқтарын құбылаға қаратып, арқасымен жатқызу да жаиз (рұқсат), бірақ басының астына бір нәрсе қою керек. Осылайша құбылаға қараған болады. Бұларды істеу қиын болса, ыңғайына келетіндей түрде жатқызуға да болады. Мәйіт арқасымен немесе ыңғайлы болған түрде жатқызылады. Құбылаға қаратып жатқызу сүннет.
Сайтымыздағы мәліметтер бүкіл адамзаттың пайдалануы үшін дайындалған.
Түп нұсқасын өзгертпеу шартымен рұқсат алмай-ақ, әркім қалағанынша пайдалана алады. www.islamdini.kz ® 2008-2024