Әһли хикмет ғұламалар былай деген:
Аллаһу та'ала құл ақыларын кешірмейді. Құлдар арасындағы күнәларда міндетті түрде бір күні есеп жасалып, әділет орнайды. Құл ақысы араласпаған күнәлар – Аллаһ пен пенде арасында қалады. Оларды Хақ та'ала қаласа кешіреді, қаламаса жазалайды. Ол тіпті бір күнәхар пендесін де әулие қылуы мүмкін. Оны Раббымыздың Өзі біледі. Мысалы, бір жерде жұмыс істейтін адамның жұмысқа келуі-келмеуі, жұмысын жақсы атқаруы немесе атқара алмауы, оның жазаға лайықты болуы-болмауы бастығы мен сол адамның арасындағы мәселе. Бастығы қаласа, кешіреді. Өйткені бұл мәселелерде ол адамның жауапкері тікелей оның бастығы. Бірақ ол адам заңға қайшы бір қылмыс істесе, мысалы біреуді өлтірсе және ол мәселе сотқа асса, бастығының бұл мәселеге қатысы бола алмайды.
Міне, құл ақысы да осы сияқты. Аллаһу та'ала құлдар арасындағы күнәлардың махшар күнінде құрылатын сотта шешілуін тағдыр еткен. Ол жердегі сотта мүйізсіз қошқар оны сүзген мүйізі бар қошқардан ақысын алады. Осыншалықты нәзік бір әділет бар.
Мұсылмандар мен кәпірлер арасында, мұсылмандар мен жануарлар арасында, мұсылмандар мен мұсылмандар арасында өте нәзік бір сот құрылады. Жануар ақысын өтеу мұсылман ақысынан, кәпірдің ақысын өтеу де жануар ақысынан қиынырақ болады. Бала ақысы, әйел ақысы, ұстаз ақысы, ата-ана ақысы, дос ақысы сияқты тағы көптеген ақылар бар. Мысалы бір адам біреуге жала жапса, айқайлап оны қорласа, екі мұсылман кездескен кезде бірі екіншісіне қабақ асып қарап ренжітсе немесе бірі екіншісінің бетіне қарамаса, бетін одан бұрса, ақысын жеген болады. Өйткені екіншісі «Мен оған не істедім, бір айып істеп қойдым ба екен? Неге маған суық қарады?» деп ойланып ренжиді.
Неге үйленбедің?
Имам Нәуәуи хазреттері мүлдем үйленбей өткен. «Неге үйленбедің?» деп сұрағандарға «Құл ақысынан қорқтым» деп жауап берген. Бишр Хафи хазреттері де дәл осы себептен үйленбеген. Ибн Абидин хазреттері де «Әйелінің адамдық құқығына мән бермейтін адам үйленбеуі керек» деген. Имам Раббани хазреттері «Мойнымызда ешкімнің ақысы қалмауына қатты мән беруіміз керек! Ақысын дүниеде өтеу оңай. Сыпайылықпен, жұмсақтықпен кешірім сұрап ақыдан құтылу мүмкін. Бірақ ахиретке қалатын болса, ондай мүмкіндік болмайды. Ол жерде кісі ақысынан құтылу өте қиын, шарасы табылмайды» деген.
Сайтымыздағы мәліметтер бүкіл адамзаттың пайдалануы үшін дайындалған.
Түп нұсқасын өзгертпеу шартымен рұқсат алмай-ақ, әркім қалағанынша пайдалана алады. www.islamdini.kz ® 2008-2024