«Мәрақил-фәлах» кітабындағы хадис шәрифте: «Жаңа айды көргенде ораза ұстаңдар, тағы бір көргенде оразаны тоқтатыңдар» делінген. Осы әмірге байланысты рамазан айы жаңа ай көрінуімен басталады. Жаңа айды көрмей тұрып, алдын ала жасалған есеп және күнтізбелер бойынша бастаудың жаиз болмайтындығын «Ибн Абидин» қыбла бөлімінде және «Әшиат-ул-ләмәат» және «Нимети Ислам» кітаптарында білдірілген.
Ибн Абидин «... Рамазанның басталғанын түсіну үшін астрономиялық есептерге мойынсұнылмайды. Өйткені Рамазан айының басталуы көкте жаңа айды көру арқылы болады. Хадис шәрифте: «Жаңа айды көргенде оразаны бастаңдар» делінген. Жаңа айдың тууы көрумен емес есеппен анықталады. Есеппен анықталған уақыт міндетті түрде дұрыс шығады. Бірақ жаңа ай сол түні көрінуі мүмкін болғанындай, ол түн көрінбей келесі түні де көрінуі мүмкін. Рамазан айының басталуы жаңа айдың тууымен емес, жаңа айдың көрінуімен жүзеге асатындығы әмір етілді.» Күнтізбелер жаңа айдың көрінуін емес, туатын уақытын білдіретіндіктен рамазан айының басталуы күнтізбемен анықталмайды.
Рамазанға және айтқа күнтізбемен, есеппен бастаудың жаиз еместігі «Фәтәуаи хиндийә» кітабында жазылған. Шабанның отызыншы түні бір қалада жаңа ай көрінгенде бүкіл дүние жүзінде оразаға бастауы қажет болады. Күндіз көрінген жаңа ай алдағы (келесі) түннің жаңа айы болып саналады.
Шабан айының отызыншы түні күн батқаннан кейін жаңа айды іздеу және көрген кезде қазыға хабар беру уәжіб кифайа болып табылады. Тақиуддин Мұхаммед ибн Дақиқ «Ижтимаи найирайннан» 1-2 күн өтпей тұрып жаңа ай көрінбейтінін айтқан.
Барлық ғасырда, барлық жерде Рамазан айы жаңа айды көргеннен кейін басталатын. Ал қазір Рамазан айы, жаңа айдың туатын уақытын есептеу арқылы басталуда. Рамазанның басталуы Ислами үкімге сәйкес болмауда.
«Мәжмуаи Зухдийә»да былай делінген: «Шәууал айының жаңа айын көрген бір адам аузын аша алмайды. Өйткені бұлтты ауада Шәууалдың жаңа айын екі еркек немесе бір еркекпен екі әйел көрдім деп айтулары керек. Ашық аспанда Рамазан және Шәууалдың жаңа айын көп адамның көрдім деп айтулары керек.» «Қазыхан»да былай делінген: «Жаңа ай шафақтан (құптаннан) кейін батса, екінші түннің шафақтан (құптаннан) бұрын батса бірінші түннің жаңа айы болып табылады.»
Рамазан және айттың айлары куәгерлермен шариғи түрде анықталмаған жерлерде Зүлхиджа айының бірінші күні және бұдан арғы оныншы күні, яғни құрбан айттың бірінші күні есептеліп анықталады. Айттың бірінші күні осы есеп бойынша табылған күн. Немесе бір күн кейін. Бір күн бұрын бола алмайды. Өйткені көкте ай тумай тұрып көрінбейді.
Ай – күннің және жұлдыздардың шығыстан батысқа қарай болатын күндік әрекетеріне ортақ болғанындай, жердің айналасында батыстан шығысқа қарай әрекет етуде. Бұл әрекеті күннің батыстан шығысқа қарай болатын жылдық әрекетінен жылдамырақ болып табылады. Айдың бұл әрекетіндегі бір айналымы 27 күн 8 сағатта орын алуда. Осы себепті күндік айналымын жұлдыздардан 50 минут 30 секунд кейін бітіреді. Күн болса күндік әрекетін 4 минут кейін бітіруде. Сондықтан ай бір күн бұрынғы күнге қарағанда күннен кейінірек Нисфун-нәхарға (күндіз мерзімінің ортасына) келеді және бірінші түні күннен 45 минут кейін батады. Айдың жер шарының айналасындағы қозғалысында орбитасының жазықтығы мен еклиптік жазықтығы арасында шамамен бес градустық бұрыш бар. Әр айналымда бір рет ай мен күн жер шарының бір жағында орын алып үшеуі бір түзу бойына келеді. Бұл жағдайға «Ижтима-и найирайн» (Conjunction) деп айтылады. Бұл кезде айдың жерге қараған бөлігі күннен сәуле алмағандықтан қараңғы болып, жерден көрінбей қалады. Бұл уақыт «мухақ» деп аталады. Мухақ уақыты тұрақты емес, 28 бен 72 сағат арасында өзгеріп тұрады. Османлы ғалымдарының күнтізбелерде жалпылама үш күн (72 сағат) деп есептегенін көрудеміз. Ижтима уақыты осы мухақ уақытының дәл ортасын көрсетеді және бұл уақыттар күнтізбелерде әр айда жапзылып тұрады. Жер де күннің айналасында әрекет ететіндіктен екі ижтима арасындағы уақыт 29 күн 13 сағатты құрайды. Ижтима уақытында күн мен ай бірдей уақытта нисфун-нәхардан (күндіз мерзімінің ортасынан) өтуде. Ижтима уақытынан 8 градус(шамамен 14 сағат) ауытқымай тұрып, яғни жер мен айды және жер мен күнді бірлестіріп тұрған екі тура сызық арасындағы бұрыш (Бәйнунет- Elongation) 8 градус (шамамен 14 сағаттан) кіші кезде жаңа ай ешқашан және ешқандай мемлекеттен көрінбейді. Бұрыш 18 градусқа жеткенде ай мухақ жағдайынан құтылып, күн батып жатқанда 45 минуттың ішінде батыс көкжиекте жаңа ай көрінеді. Бірақ 57 минут ихтилафи манзар (параллакс) нәтижесінде ай горизонтқа 5 градус жақындағанда көрінбейді. Мухақ жағдайынан құтылған кезінде күн қай мемлекетте батып жатқан болса, жалғыз сол бойлық дәрежесіндегі мемлекеттерде айды көру мүмкін болады. Одан кейінгі сағаттарда немесе түнде бұл бойлықтың батысындағы мемлекеттерде де күннің батуынан кейін көрінеді.
Бұл есептер қамари айдың басталған уақытын табу үшін емес, жаңа туған ай көрінетін түнді анықтау үшін жасалады. Имам Субқи де осылай білдірген. Имамның сөзін бұрмалап, терісін айтатындарға алданбау керек. Жаңа айдың көрінуі күнтізбемен көрсетілген күн немесе бұдан бір күн кейін болады, бір күн бұрын бола алмайды. (Тахтауи және Шернблали хашиалары) «Ибн Абидин» бірінші том, 289 бетте, қыбла бөлімінде былай деген: «Рамазан айының бірінші күнін анықтауда күнтізбелерге сенуге болмайды делінген. Өйткені ораза көкте жаңа айды көрумен парыз болады. Пайғамбарымыз салаллаһу алейһи уа саллам «Жаңа айды көргенде оразаны бастаңдар!» деген. Негізінде жаңа айдың туғанын көрумен емес, есеппен нақты анықтауға болады, есеп сахих болып білдірілген түні туады. Бірақ ол түні көрінбей келесі түні көрінуі мүмкін және оразаға жаңа ай туған түні емес, көрінген түні бастау керек. Өйткені Ислам осылай әмір еткен.» Аспанда Рамазанның жаңа айын іздеу ғибадат. Бұдан көретініміз Рамазан шәрифтің басталатын уақытын алдын ала хабар беру исламды білмегендіктің белгісі. Құрбан айттың бірінші күні де Зүлхиджа айының жаңа айы көрінуімен анықталады. Зүлхиджа айының тоғызыншы арафа күні, есеппен, күнтізбемен анықталған күн немесе бұдан бір күн кейін болады. Бұдан бір күн бұрын Арафатқа шыққандардың қажылықтары сахих болмайды. Ешбірі қажы болмайды. Шабанның 29 күні күн батқанда, батыс тарапындағы көрінетін горизонт сызығының үстінде Рамазанның жаңа айын іздеу уәжіб.
Әділ болған яғни үлкен күнә істемеген әһли сүннет бір мұсылман жаңа айды бұлтты ауада көрсе Уәлиге (басшыға) хабар береді. Ол қабыл етсе барлық жерде Рамазан басталады. Уәли болмаған жерде бір мұсылман жаңа айды көрсе ол жерде Рамазан басталады.
Бидғатшы, фасық (күнәһар) адамның сөзі қабыл етілмейді. Ашық аспан жағдайында көп адамның хабар беруі керек. Жаңа ай көрінбесе Шабан айы 30 күн деп қабыл етіліп, келесі күн рамазан болады. Күнтізбемен, астрономиялық есептермен Рамазан басталмайды. «Бахр», «Хиндийә» және «Қазыхан» кітаптарында былай делінген: «Дарул-харбтегі тұтқын, Рамазанның басын білмей күнтізбеге қарап, бір ай ораза тұтса, Рамазаннан бір күн бұрын немесе Рамазанның екінші күні немесе рамазанның дәл уақытында бастаған болуы мүмкін. Бірінші жағдайда рамазаннан бір күн бұрын бастап рамазанның соңғы күнін айт ретінде өткізген. Екінші жағдайда Рамазанның бірінші күні тұтпай, соңғы күнін айт кезінде тұтқан болады. Екі жағдайда да Рамазанның 28 күнін тұтқан болып, айттан кейін 2 күн қаза тұтуы керек болады. Үшінші жағдайда да ораза тұтқан бір айдың алғашқы және соңғы күндері Рамазанға сәйкес келгендігі шүбһәлі. Рамазан екендігі шүбһәлі күндердегі оразалар сахих болмайтындықтан, бұл жайтта да 2 күн қаза тұтады.» Бұдан да аңғарылатыны, Рамазан айына аспанда жаңа айды көрместен, алдын ала дайындалған күнтізбелермен бастағандардың айттан кейін екі күн қаза ниетімен ораза тұтуы керек. Мәселен «Рамазаннан кейін екі күн ораза тұту қайдан шықты? Ешқандай кітапта мұндай нәрсе жоқ» дейтіндер болуы мүмкін. Ешбір кітапта жазылмаған деген сөзі қате. Өйткені әр ғасырда Рамазан айы жаңа айды көрумен басталатын. Екі күн қаза тұтудың қажеті жоқ еді. Ал қазір барлық жақта Рамазан айы жаңа айдың туатын уақыты есептеліп басталуда. Рамазанның басталуы Ислами үкімге сәйкес келмеуде. Бұл қателікті түзету үшін айттан кейін екі күн қаза оразасын тұту қажеттігі Тахтауидің «Мәрақил-фәлах» хашиасында жазулы. Рамазанға жаңа айды көрместен бастап, 29 түні айттың жаңа айы көрінсе, Шабан жаңа айды көру арқылы басталған болса, айттан кейін бір күн қаза етіледі, Шабан жаңа айды көрумен басталмаған болса 2 күн қаза тұтатыны «Хиндийә» және «Қазыхан» кітаптарында жазулы.
«Ибн Абидин» рахимәһуллаһу та’ала «Рәддул-мухтар» кітабында былай деген: «Рамазан айының басында көкте жаңа айды іздеу ақыл есі дұрыс, балиғат жасындағы әрбір мұсылманға уәжиб кифая болып табылады. Көрген кезде қазыға, яғни уәлиге (басшыға) хабар беруі де уәжіб. Қазы қабыл етіп жариялағанында (барлық елдерде) бүкіл мұсылмандардың ол күні ораза тұтулары парыз болады. Бұлтты ауада әділ болған бір мұсылманның хабары қабыл етіледі. Бұлытсыз ашық аспанда көп адамның хабар беруі керек. Қазысы немесе мұсылман уәлиі болмаған жерлерде әділ мұсылманның көрдім деуімен бұны естігендердің ораза тұтулары қажет болады. Рамазан айының күнтізбе, есеп арқылы басталуы жаиз емес. Әділ болса да Рамазан айының басталуын анықтауда бұлардың есептерінің маңызы (қуаты) жоқ. Бұлардың рамазанның жаңа айы туатын күнде алдын ала хабар беруімен рамазан басталмайды. Шафии ғалымдарынан Имам Субқи рахимәһуллаһу та’ала: “Шабанның отызыншы түні жаңа айды көргенін айтқан адам болса, ал есеп бойынша жаңа айдың келесі түні туатыны білдірілген болса, есепке сеніледі. Өйткені есеппен нақты уақыт табылады. Жаңа ай тумай тұрып көрінуі мүмкін емес.” деген. (Жаңа айды көрумен Рамазанның басталуы есеппен табылған уақыттан бір күн кейін болуы мүмкін. Бірақ бір күн бұрын болуы мүмкін емес.) Шәмсул-Әиммә Халуани рахимәһуллаһу та’ала былай деген: “Рамазан айының басталуы жаңа туған айдың көрінуімен жүзеге асады. Жаңа айдың тууымен басталмайды. Есеп жаңа айдың туатын түнді білдіретіндіктен Рамазан шәриф айының басталуы есеппен болмайды. Екі әділ мұсылманның жаңа айды көрдік деп айтуларымен немесе қазының үкім етуімен бір жерде рамазан айы басталған болса дүниенің барлық жерінде оразаға бастауы қажет болады. Қажылық, құрбан, және намаз уақыттары бұлай емес. Бұларда уақыттарының бір жерде мәлім болуымен басқа жерлерде де бұлай болуы қажет емес.”» (Яғни бұл үшеуі жергілікті уақыттарына байланысты)
Күнтізбелер жаңа айдың көрінуін емес, туатын уақытын білдіретіндіктен Рамазан айының басталуы күнтізбемен анықталмайды. Күнтізбелерде білдірілген түннен бір күн алдыңғы түні “жаңа айды көрдік” деу қате. (Мұндай қате сөздерге еріп Арафатқа шыққандардың қажылықтары сахих болмайды. Ешбірі қажы болмайды.)
ТҮРКИЯ КҮНТІЗБЕСІ
УАҚЫТ ЕСЕПТЕУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ӘКІМШІЛІГІ
Эл.пошта адресіміз: bilgi@turktakvim.com
Сайтымыздағы мәліметтер бүкіл адамзаттың пайдалануы үшін дайындалған.
Түп нұсқасын өзгертпеу шартымен рұқсат алмай-ақ, әркім қалағанынша пайдалана алады. www.islamdini.kz ® 2008-2024