Сұрақ: Кейбір адамдар әйелдердің мешітке келуін қолдап: «Әйел мен еркек ақылары тең болған бұл заманда, әйелдер мәжілістерге қатысқан және қызметкер болған осы дәуірде әйелдердің еркектермен бір сапта бірге намаз оқуына тосқауыл болу – әйелдердің ақысын жерге таптау болып саналады» дейді. Бұл жайында дініміздің үкімі қандай?
Жауап: Әйелдердің қажеттілік туындағанда, еркектер жоқ кезде мешітке кіріп уақыт намаздарын оқуына болады. Үйрететін басқа ешкім жоқ болса, еркектерге де көрінбейтін болса, мешіттегі Құран курстарына қатысып, әйел ұстаздан намазға және хайзға (етеккірге) қатысты білімдерді үйренуіне болады. Бірақ мешітте еркектермен бірге намаз оқуына болмайды.
Әйелдерді мешітке жібермекші болғандардың мақсаты – діннің әмірлерін өзгертіп, мұсылман әйелдер арқылы еркектерді бұзу. «Әйелдер еркектермен бірге бір сапта болуы тиіс» деп айтулары да арам ниеттерін көрсетуде. Дінімізде әйел еркекпен тең деп, әйел еркекке имам бола алмайды. Қасқыр да, қой да жануар, бірақ от пен оқдәрі сияқты, екеуі бір жерде тұра алмайды.
Аяти карималарды және хадис шәрифтерді ең жақсы түсінетін Әһли сүннет ғалымдары. Бұл ғалымдар хадис шәрифтерді түсіндіріп берген. Үлкен фиқһ ғалымы Ибн Абидин хазреттері былай дейді:
«Қыздардың, жас және кәрі әйелдердің бес уақыт намаз, жұма және айт намаздарын оқу үшін мешітке баруы жаиз (рұқсат) емес. Бұрыңғы заманда өте кәрі әйелдердің ақшам және құптан намаздарына баруларына рұқсат берілген болса да, қазір олардың да баруы жаиз емес.» (Рәддул мухтар)
Екі ғасыр бұрын «Бұдан былай баруы жаиз емес» деп айтылған болса, қазір қалайша жаиз болады?
Әйелдердің жамағатқа келуі мәкрух. Әуелде «Кәрі әйелдердің бамдат, ақшам және құптан намаздарына келуі жаиз» деген фәтуа берілген болса да, бұл заманда бүліктің кеңінен жайылғаны себебінен әйелдердің мешітке келуі бұдан былай мәкрух болып табылады. Тәбйин кітабында да осылай жазылған. (Фәтауа-и Хиндийа)
Имам Ғазали хазреттері былай айтқан: «Қазіргі таңда, кәрі әйелдерден басқа әйелдердің мешітке бармауы Асхаби кирам заманында да дұрыс саналған фәтуа. Шынында, хазреті Айша анамыз айтқанындай, егер Расулуллаһ бүгінгі жағдайды көргенде еді, мешітке бару үшін әйелдердің үйден шығуына рұқсат бермес еді.» (Ихйа)
Шәйх-ул-ислам Абдуллаһ Руми хазреттері былай деген: «Мешітте еркектерге айтылған уағызды тыңдауға келген әйелдерге тиісті адамдардың тосқауыл болуы қажет болады.» (Бахжет-ул-фәтауа)
Шамил Энциклопедиясында да былай жазылған: «Хазреті Айша анамыз айтқан, Расулуллаһ әйелдердің бұл жағдайын көргенде еді, тура Исраил ұлдарының әйелдерін мешіттен тыйғанындай, оларды да мешітке жібермес еді.» (Бұхари)
(Қазіргі жағдай, әлбетте, 14 ғасыр бұрыңғы Айша анамыз заманындағы жағдайдан әлдеқайда жаман.)
Мазһабсыздар сүйіп тыңдайтын Уәһба Зухайли да былай деген: «Ханафи және Малики мазһабтары бойынша жас әйелдердің жұма және айт намаздарын және басқа да намаздарды оқу үшін мешітке баруына рұқсат берілмейтіндігінде ғалымдардың үкімі біріккен. Өйткені Ахзаб сүресінің 33-ші аятындағы Аллаһу та'аланың «Үйлеріңде отырыңдар!» әмірі үйден басқа жерге намаз оқуға баруға тыйым салуда. Сондай-ақ, әйелдердің жұма және айт намаздарына, жамағатпен намаз оқу үшін үйден шығуы фитнаға себеп болуы мүмкін. Ал фитна – харам. Харамға жетелейтін нәрсе де харам болады. (Ислам Фиқһы Энц.)
Әйел мешітке, жамағатқа не үшін барады? Көбірек сауап алу үшін келеді. Алайда, әйелдердің үйде оқыған намаздары сауаптырақ болады. Екі хадис шәриф:
«Әйелдердің ең қайырлы намазы – үйлерінің ең түпкі бұрышында оқыған намазы.» (Табарани)
«Әйелдердің үйінің ең жасырын жерінде оқыған намазы қонақ күтетін бөлмеде оқыған намазынан абзал. Ал қонақ күтетін бөлмесінде оқыған намазы мешітте оқығанынан абзал.» (Әбу Дауд, И.Ахмед)
Олай болса, әйел көбірек сауап алу үшін мешітке емес, үйінде ең түпкі бөлмесінде намаз оқуы керек. Мазһабсыздардың «Әйелдер құқығы» деген сөздерді бетперде етіп, әйелдерді көшенің әйеліне айналдыруға және еркектердің арасына араластыруға тырысуларына мән бермеу керек.
Сайтымыздағы мәліметтер бүкіл адамзаттың пайдалануы үшін дайындалған.
Түп нұсқасын өзгертпеу шартымен рұқсат алмай-ақ, әркім қалағанынша пайдалана алады. www.islamdini.kz ® 2008-2024