Сұрақ: Жалқаулық жайлы мәлімет бересіз бе, жалқаулықтан қалай құтылуға болады?
Жауап: Жалқаулық, еріншектік жаман мінезге жатады. Жалқаулықтан құтылу үшін әуелі мұның жаман екенін білу керек, сосын шарасын іздеу керек. «Адам тек еткен еңбегінің пайдасын көреді» мағынасындағы аятты ойлау керек. Расулуллаһ алейһиссалам жалқаулықтан Аллаһу та'алаға сыйынған, «Йа Раббым, мені жалқаулықтан сақта» деп дұға еткен. Жалқаулықтың шарасы, құтылудың жолы – еңбекқор адамдармен сөйлесу, жалқау, енжар адамдардан аулақ жүру. Аллаһу та'аладан ұялу керек екенін және азабының қатты болатынын ойлау керек. Дінін жақсы білетін салих адамдармен көрісіп жүру керек.
Дінімізде бос нәрселермен, пайдасыз істермен, ойындармен уақыт өткізуді “малаяни” деп атайды. Өміріміз бос нәрселермен уақыт өткізердей қадірсіз емес. Ахиретте әрбір сөзіміз және әрекеттеріміз үшін есепке тартыламыз. Өмірін босқа өткізгендер, қажетсіз істермен өткізгендер қатты өкінеді. Хадис шәрифтерде былай делінеді:
«Қиямет күні күнәсы ең көп болатындар малаяни сөйлегендер.» (Әбу Наср)
«Пайдасыз нәрселермен уақыт өткізген адамның қатесі, күнәсы көп болады.» (Әл-Аскери)
Намазға қатты мән беру керек, намаз да жалқаулықтың шарасы. Діни кітаптарды көбірек оқу керек, салих мұсылмандармен жиі көрісіп тұру керек. Нәпіске ие болу керек. Нәпісті еркіне жіберсең шәхуат пен жалқаулықты қалайды. Аллаһу та’аланың әрбір іс-әрекетімізді, әрбір ойымызды көріп, біліп тұрғанын ойлау керек.
Ерте жатып, ерте тұру қажет. Хадис шәрифтерде былай делінеді:
«Таңертеңгілік ұйқы әлсіздік, жалқаулық, бостық және ұмытшақтыққа себеп болады.» (И. Мауәрди)
«Таңертеңгілік ұйқы ризыққа кедергі болады» (Бәйһақи)
Ынталы, талапты, жігерлі болу қажет. Алдыңа үлкен мақсаттар қою керек. Істеп жатқан жұмысыңда қандай да бір кедергі пайда болғанда оны асып өтпестен, жеңбестен бір адымға да кері шегінбеу керек. Тез беріле салу да жалқаулықтың белгісі. Тайсалмау, кедергілерді жеңе білу еңбекқорлықты, еңбекке деген сүйіспеншілікті тудырады.
1082 жылы жазылған «Кабуснама» атты насихаттар кітабында былай делінеді:
Қандай іспен айналыссаң да жалқаулыққа жол берме. Жалқау болудан ұял. Жалқаулық бақытсыздықтың басы. Әр ісіңе еңбегің сіңсін. Маңдай термен, еңбекпен атқарылған істің соңы жалқаулықпен атқарылғаннан әлдеқайда жақсы. Өйткені еңбек, іс-әрекет неғұрлым көбейген сайын, жалқаулық та соғұрлым азая түседі. Обал емес пе, бір мезеттік еңбектен түсетін өнімді, жалқаулық салдарынан қолдан жіберу. Олай болса қол қусырып отыру ақылдың ісі емес. Әйтпеген жағдайда мұқтаждық ішінде өмір сүресің. Мұқтаж жағдайға түскеннен кейін «Қап, әттеген-ай, еңбектенуім керек еді, жалқаулық етпеуім керек еді» деудің, өкінудің пайдасы болмайды.
Еңбегің зая кетпейтіндей түрде еңбектен, өйткені еңбегіңнің нәтижесін өзің жейсің. Сенде құнды нәрсе бар болып, біреу сенен оны сұраса, егер лайықты адам болса одан оны есіркеме. Өйткені не де болса адам мазарға ешнәрсе алып кете алмайды. Жаратуыңды табысыңа қарай ретте, кедейлік алауы саған жол таба алмасын. Қолыңдағы барға разы бол, өйткені қанағат екінші байлық. Байқа, ашкөзді болма. Өйткені саған жүк болатын нәрсе қайда болсаң да жеткілікті.
Сайтымыздағы мәліметтер бүкіл адамзаттың пайдалануы үшін дайындалған.
Түп нұсқасын өзгертпеу шартымен рұқсат алмай-ақ, әркім қалағанынша пайдалана алады. www.islamdini.kz ® 2008-2024