Үзір иесі болу

Сұрақ: Қандай да бір себеппен дәретін ұстай алмайтын адам қалай әрекет етеді?

Жауап: Дәретін ұстай алмайтын адам үзір иесі болса, қалаған уақытында дәрет алады. Бұл дәретпен қалағанынша парыз, нәпіл намаздар және Құран кәрім оқиды. Намаз уақыты шыққанда дәреті бұзылған болады. Әр намаз уақыты кіргеннен кейін жаңадан дәрет алып, бұл уақыт шыққанға дейін барлық ғибадаттарды орындайды. Бесіннен басқа төрт намаздан бірінің уақыты кірмей тұрып алған дәретпен бұл намазды оқи алмайды. Өйткені бесін намазының уақыты басталған кезде басқа намаздың уақыты шықпайды.

Үзірлі адамдардың жалғасып жатқан үзірі дәретін бұзбайды. Бірақ дәретті бұзатын басқа бір себеппен бұзылады. Уақыт шыққанда үзір себебімен де дәрет бұзылған болады. (Тахтауи)

Үзір иесі болу үшін дәретті бұзатын бір нәрсенің тұрақты түрде бар болуы керек. Өтелуі парыз болған қандай да бір намаз уақыты ішінде намаз уақытының басынан соңына дейін дәрет алып, тек парызды ғана оқитындай мерзім бойы дәретті болып қала алмаған адам үзірді көрген сәттен бастап үзір иесі болып саналады. Мысалы, зәр және басқа да ағынтылар, жел шығару, жарадан қан, ірің ағуы, яки омырау, кіндік, мұрын сияқты бір жерден қан, ірің ағуы сияқты дәретті бұзатын нәрселердің бірі үздіксіз ақса, яғни бір намаз уақытының басынан соңына дейін бір дәрет алып, парызды оқитындай уақыт тоқтатыла алмаса, ол адам үзір иесі болады.

Бір намаз уақыты кіргеннен парызды оқитындай уақыттан кейін үзір басталса, уақыттың соңы жақындағанға дейін күтеді. Мүлдем тоқтамаған болса, уақыттың соңында дәрет алып, сол уақыттың намазын оқиды. Намаз уақыты шыққаннан кейін келесі намаз уақыты ішінде тоқтаса, алдыңғы намазды қайта оқиды. Екінші намаз уақытының басынан соңына дейін мүлдем тоқтамаса, үзір иесі болғандығы аңғарылады және оқыған алдыңғы уақыттың намазын қайта оқымайды.

Ең қолайлы болғаны, үзірлі адамның Малики мазһабын тақлид етуі. Өйткені Маликиде дәретті бұзатын басқа бір себеп жоқ болса, ол адамның үзірі намаз уақыты шықса да дәретін бұзбайды.

Әр намаз уақытында бір рет шығуы да шарт емес. Күніне бір рет немесе бірнеше күнде бір рет үзір пайда болса, бұл жағдайда да үзірі дәретін бұзбайды. Намаздан бұрын немесе намаз ішінде зәр немесе жел жіберіп қойған, яғни келген желді ұстай алмаған немесе ағынтысы бар болған адам Малики мазһабын тақлид етсе, дәреті бұзылмаған болады. (М.Әрбәа)

 

Уақыт шыққанда

Сұрақ: Ағынты, жел жіберіп қою, яғни келген желді ұстай алмау сияқты бір үзір себебінен Малики мазһабын тақлид еткен адамның әр намаз уақытында дәрет алуы қажет пе? «Үйінде болса, дәрет алуы керек» деп айту дұрыс па?

Жауап: Жоқ, үйінде болса да қайтадан дәрет алу хараж (қиындық) болады. Онсыз да осы сияқты үзірлерде әр уақытта дәрет алу қиыншылығынан құтылу үшін Малики мазһабы тақлид етіледі. Малики мазһабын тақлид еткенде де әр намаз уақытында қайтадан дәрет алу қажет емес. Мазһаб тақлиды хараж болған істерде жасалады. Дәрет бұзылғанда қайтадан дәрет алынуы хараж болып табылады. С.Әбәдийа кітабында: «Жолда, көліктерде және сауда-саттықта қарсы жыныспен жанасу қаупі бар болған Шафии мазһабын ұстанушы Ханафи немесе Малики мазһабтарының бірін тақлид етуі керек» делінеді. Кітаптағы бұл үкімге қайшы «Жолда, автобуста, базарда бір әйелмен жанасу арқылы дәреті бұзылған Шафии, зәрулік жоқ болса, барып дәрет алсын» деп айтпау керек. Жолда, сауда-саттықта дәреті бұзылған адам қайтадан дәрет ала алады, бірақ жаңадан дәрет алудың хараж (қиындық) екендігі С.Әбәдийа кітабында анық жазылған. Дініміз берген рұқсаттардан адамдарды ұзақтату дұрыс емес. Бір хадис шәрифтің мағынасы мынадай:

«Рұқсаттардан пайдаланбаған адам Арафат тауындай күнә істеген болады.» (Табарани)