Әһли хикмет ғұламалар былай деген:
Асри саадатта (пайғамбарымыз заманында) Дыхйа есімді бай, сымбатты, жас бір саудагер бар болатын. Дыхйа пайғамбарымызға сыйлықтар алып келетін еді. Пайғамбарымыз (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) оның сыйлықтарын қабыл ететін еді. «Ей, Дыхйа, сымбаттысың, жассың, байсың. Өлгеннен кейін тозаққа түсуің обал болмайды ма? Бір рет "Лә илаһа иллаллаһ, Мухаммадун Расулуллаһ" деп айт, өзіңді тозақ отынан қорға» дейтін еді. Дыхйа пайғамбарымызды шынымен де жақсы көретін, бірақ еш мұсылмандықты қабылдамайтын еді, пайғамбарымызды да ренжіткісі келмейтін еді. «Біраз ойланайын, иншаллаһ, бұл да орындалар» дегендей жылы сөздермен кешіктіруге тырысатын еді...
Дыхйа тағы бір күні сыйлықтар алып келді, кейін: «Йа, Расулаллаһ, Шамға және басқа да Византия өлкелеріне жүзден аса рет бардым. Көптеген римдықтармен, поптармен сөйлестім. Қатты мән бергенім, поптардың сөздері бір-біріне сай келмейді, сондай-ақ сөздерінде шынайылық, шындық пен тұтастық жоқ. Ал сенің әрбір сөзің ешбір сөзіңді бұзбайды. Үнемі жақсылық, пайдалы нәрселер жайында айтасың. Түсіндім, сен Аллаһтың пайғамбарысың. Мұсылман болуды қалаймын» деді. Калима-и шаһадат айтты. Сүйікті пайғамбарымыз Дыхйаның мұсылман болғанына қатты қуанғаны соншалық, сахабаларға оның атынан дастархан жайды.
Жәбрейіл алейһиссалам адам кейіпінде келген кезінде Дыхйаның кейіпінде келетін еді. Хазреті Дыхйа Шам кәмпиттерін әкеліп, ол кезде әлі бала болған хазреті Хасан мен хазреті Хусейнге беретін еді. Бір күні тағы да Хасан мен Хусейн алыстан Оны көргенде ойындарын тастап, Дыхйаның құшағына жүгіріп келді. «Бізге не алып келген екен?» деп қалтасын ақтара бастады. Алайда бұл келген Жәбрейіл алейһиссалам еді. Расулуллаһ немерелерінің осы әрекеттерін ұнатпады. «Бауырым Жәбрейіл, немерелерім сені Дыхйа деп ойлап қалды. Әйтпесе олар әркіммен бұлай жақын мәміледе емес» деді. Жәбрейіл алейһиссалам сасып қалды. «Балалар менен бір нәрсе күтіп жатыр» деп ойлады да, дереу қолын созып, жәннат бақшаларынан бір-бір үзімнен жүзім және анар алып, балаларға берді. Сол сәтте бір қарт келді. «Қанша күннен бері аурып жүрмін, ашпын, ештеңе жемедім, аштықтан өлейін деп жатырмын, Аллаһ разылығы үшін жейтін бір нәрсе беретін адам жоқ па?» деп жалына бастады. Балалардағы тектілік пен тәрбиеге қараңыз, енді жемекші болғандарында әлгі қартты көріп, жүгіріп жемістерін апарды. Қартқа енді берейін деп жатқан сәтте Жәбрейіл алейһиссалам келіп: «Жоғал, опасыз шайтан! Жәннат бақшасынан жемістерді жұлғанымды көріп, қарт кейіпіне енді. Жәннат жемістерін жеу үшін қулық жасады. Алайда Аллаһу та'ала оған жәннат ниғметтерін харам еткен. Бермеңдер!» деді. Шайтан да сол сәтте жоқ болып кетті.
Сайтымыздағы мәліметтер бүкіл адамзаттың пайдалануы үшін дайындалған.
Түп нұсқасын өзгертпеу шартымен рұқсат алмай-ақ, әркім қалағанынша пайдалана алады. www.islamdini.kz ® 2008-2024