Тағамдарға спирт (алкоголь) қосу

Сұрақ: Төмендегі жазбада шындықтың үлесі бар ма?

«Спирт және алкогольді ішімдіктер рахаттық беруші, мас қылушы мақсатында ішілген жағдайда ғана харам болады. Бұлар қайнатылып, пісірілген тағамдарға қосылып, ішкілік болу қасиетінен шығарылатын болса, қалыпты азыққа айналады, харам тізімінен шығады. Хазреті Омар қайнатылған шарапты ішкен еді, ішуді қаламаған Убадә бин Самит атты сахабаға: «Ей, ақымақ! Ол қайнады, шараптық қасиеті қалмады. Сен сіркені де ішпейсің бе? Ол да осы судан пайда болған...» деген.

Олай болса, алкогольдің пісіріліп жатқан тағамдарға дәм шығарушы ретінде қосылуының (ет пен балыққа белгілі мөлшерін қосу сияқты) діни тұрғыдан ешқандай зияны жоқ.» (Қараңыз: Әбу Зәхра 299)

Жауап: Шындықтың титімдей үлесі де жоқ. Оның үстіне хазреті Омарға жала жабылуда. Әбу Зәхра – мазһабсыз жазушы. Шарап сірке ашытқысымен ұйытылады, алкоголь спиртке айналады. Химиялық өзгеріске ұшырағандықтан, сірке суын тағамда қолдану күнә болмайды. Тағамға қосылған шарап сірке суына айналмайды. Мазһабсыз жазушы дінімізді бұзуға тырысуда.

 

Сұрақ: Шараптағы алкоголь тамақ піскен кезде жоқ болып кетеді және мұндай тамақты жегеннен кейін де адамға кері әсерін тигізбейді. Бұл жағдайда неліктен жаиз болмайды?

Жауап: Бір тамшы спирт ішілсе де харам болады. Өлшем зиян беруі немесе зиян бермеуі емес. Бисмиллаһ айтылмай сойылған қой етін жеуге болмайды, өлексе болады, харам болады. Бір тамшы қан немесе бір тамшы сідік ішу адамға зиянын тигізбейді, бірақ бұл харам болып табылады. Діннің әмірінде себеп іздеуге болмайды, тек сол әмірге бағыну керек.

 

Сұрақ: Етті спирт алауында ұстап пісіру жаиз ба?

Жауап: Иә.

 

Сұрақ: Эфирді, спиртте ерітілген шайды жуып ішудің зияны бар ма?

Жауап: Зияны жоқ.

 

Сұрақ: Қоразды төбелестіруден бұрын спирт беріледі, жараланғаннан кейін сойылады. Етін жеуге болады ма?

Жауап: Нәжіс жеген тауық үкімінде болады. Спирт енді берілген болса, жеуге болмайды. Үш күн бұрын берілген болса жеуге болады.

 

Сұрақ: Шетелдік табактар спиртте жуылады екен. Мұндай темекіні шегуге болады ма?

Жауап: Нақты белгілі болмағанша, жобалаумен әрекет етуге болмайды, яғни спирт қосылған деуге болмайды. Егер спиртте жуылғандығы нақты мәлім болса, сол кезде шегуге болмайды.

 

Сұрақ: Алкогольсіз сыра ішуге болады ма?

Жауап: Таза сідік дегенге ұқсайды. (Алкоголь жоқ болса, сыра деп аталмайды. Алкогольсіз арпа суы деуге болады.)

 

Сұрақ: Жаңадан жасалған сірке суында спирт болады. Мұндай жаңа сірке суын ішу жаиз ба?

Жауап: Иә.

 

Пастерленген жүзім шырыны

Сұрақ: Пастерленген жүзім шырынында спирт болуы мүмкін бе, ішуге болады ма?

Жауап: Жасалу тәсіліне сай пастерленген жүзім шырынында спирт болмайды, ішуге болады. Пастерлеу процесі жасалу тәсіліне сай істелмесе, бұзылып, шарапқа айналуы мүмкін. Шарапқа айналған жүзім шырыны көпіреді, дәмі мен иісі өзгереді. Жүзім шырынына мүлдем ұқсамай қалады. Онсыз да ішпекші болған кезде білінеді. Шарапқа айнала бастаған жүзім шырынын ішуге болмайды.

 

Жемістерде спирт

Сұрақ: Апельсин, лимон сияқты жемістердің қабығында және шіри бастаған жемістерде спирт болады. Олай болса, лимонды қабығымен шайға салу немесе апельсин қабығынан тосап жасау жаиз болады ма?

Жауап: Иә, жаиз болады. Піскен жемістер арасында спирт пайда қылмайтыны жоқ. Жеміс-жидектерге, нанға дініміз рұқсат берген. Ал дін тыйым салған спиртті ішуге болмайды.

 

Тағамға қосылған шарап

Сұрақ: «Тағамға қосылған шарап тамақ піскеннен кейін химиялық өзгеріске ұшырағандықтан, жеудің зияны болмайды» деп жатады. Сондай-ақ, киімімізге шарап төгілсе, кепкенде ұшып кетеді дейді. Бұл сөздер дұрыс па?

Жауап: Дұрыс емес. Тағамға қосылған шарап химиялық өзгеріске ұшырамайды. Шараптың су бөлігі ұшады, бірақ нәжіс бөлігі қалады. Киімімізге бір стакан сідік төгілсе, кепкенде су бөлігі ұшып кетсе де, нәжіс бөлігі қалады. Тағамға қосылған шараптың немесе зәрдің де нәжістігі жалғасады.

 

Спирттің тамшысы да нәжіс

Сұрақ: «Бір тағамның немесе ішімдіктің ішіне бір қасық шарап қосылса, мұны ішу харам болмайды, өйткені ол тамақтан немесе сол ішімдіктен қанша көп ішіп-жесе де, адам мас болмайды» дейді. Мазһабы болмағандығын мақтанып айтатын Әбу Зәхра да «Алкогольді ішімдіктер қайнатылып, пісірілетін тамаққа қосылып, ішкілік болу қасиетінен шығарылса, қалыпты азыққа айналады, харам тізімінен шығады. Спирттің пісіріліп жатқан тамақтарға дәмін күшейту мақсатында қосылуының, ет пен балыққа кішкене шарап қосып пісірудің діни тұрғыдан ешқандай зияны жоқ» дейді. Спирт сідік сияқты нәжіс емес пе? Тамақтың немесе ішімдіктің ішіне бір қасық сідік қосылса, ол тамақ нәжіс болмайды ма?

Жауап: Әрине нәжіс болады. Құрамында 10% шамасында алкоголь бар болған шараптың да бір тамшысы нәжіс. Шарап сірке ашытқысымен ұйытылса, спирт сірке суына айналады. Химиялық өзгеріске ұшырағандықтан, сірке суы күнә болмайды. Тамаққа қосылған шарап болса ешқашан сірке суына айналмайды. Осындай қателермен дінімізді бұзуға тырысып жатыр.

Құрамында спирті (алкоголі) аз болған шарап та харам болып табылады. Мас қылмаса да, бір тамшысын ішу харам болады. Бұған халал деген адам кәпір болады. Шарап – сідік сияқты ауыр нәжіс. Әр түрлі қолдану, дәрі жасау, жануарға ішкізу, клизма арқылы қабылдау, мұрынға тарту сөз бірлігімен харам болып табылады. Шарап көбіктенгеннен кейін қайнатылып, үштен екісі кетсе де, қалғанының және дистильдеу арқылы пайда болған спирттің, ракенің шарап сияқты ауыр нәжіс екендігі сөз бірлігімен білдірілген. Бұлардың бір тамшысын да ішудің харам екендігі Бәһжет-ул-фәтәуа кітабында жазылған. (С.Әбәдийа)

Хамрдың (спирттің) шарап сияқты ауыр нәжіс екендігі сөз бірлігімен білдірілді. (Рәддул мухтар)

Алкогольді ішімдіктердің бәрі ауыр нәжіс және харам болып табылады. Бір хадис шәрифте «Ихтимар еткен (ашытылып, спирт түзілген) барлық ішкілік харам» делінеді. (Әбу Дауд)

Бұл хадис шәриф фиқһ кітаптарында былай түсіндірілген: «Бал, інжір, арпа, бидай, жүгері, тары, өрік, алма және осы сияқтылардың бірі суық суда тұрып, қайнатылмаса да, спирт түзіліп, сыра сияқты болады. Сыра – дәмі ашты және өткір болғандықтан (құрамында спирт бар болғандықтан), азы да, көбі де Имам Мұхаммедтің үкімі бойынша харам болып табылады, фәтуа да осындай. Қалған үш мазһабта да харам.» (С.Әбәдийа)

Хамрдың харам болуы затынан, мас қылғаны үшін емес. Тамшысы да, титімдей мөлшері де нәжіс. (Мән'и мускират)

 

Айран ашып кетсе

Сұрақ: Қатты ашыған айранды ішу жаиз ба? Айран ашыған кезде спирт пайда болады ма?

Жауап: Жоқ, айран ашыса да, спирт түзілмейді. Ашыған айран ішудің зияны болмайды, тіпті денсаулыққа пайдалырақ келеді.

 

Сірке суына шарап құйылса

Сұрақ: Ішіне шарап құйылған сірке суын тағамда қолдануға болады ма?

Жауап: Құйылған шарап сірке суына айналған кезде жеуге болады. Қалыпты шарап та сірке суы күйіне келгенде, тағамда қолдануға болады.