Ғайыпқа иман келтіру шарт

Сұрақ:

Там Илмихал кітабының иман бөлімінде Сәйид Абдулхаким хазреті иманды былай ашықтаған: “Иман – әлемге рахмет болып жіберілген Мұхаммед алейһиссаламның пайғамбар ретінде білдіргендерін ақылға, тәжірибеге және пәлсапаға жүгінбей, қабылдау және сену деген сөз. Ақылға сай болғандықтан қабылдаса, ақылын қабылдаған болады. Расулуллаһты қабылдаған болмайды. Немесе өз ақылын және пайғамбардың айтқандарын бірге қабылдаған болады, ал бұл да пайғамбарға деген иманының толық еместігін көрсетеді. Иманның толық болмауы, иманның жоқтығын білдіреді. Өйткені иман бөлінбейді. Егер ақыл расулуллаһтың білдіргенін дұрыс деп тапса онда бұл ақылдың кәміл екендігін білдіреді.”

Бұл анықтама ақылды шеттетіп жіберген емес пе?

Жауап: Бұл анықтама кәміл болған ақылға емес, кемістік болған ақылға қайшы болып көрінуі мүмкін.

 

Бұл анықтама құранды түсінуге тосқауыл болу үшін айтылған.

Жауап: Керісінше дінді өз ақылына сәйкестендіруге тырысатындарға тосқауыл болу үшін айтылған. Дінді әркім өз ақылына сәйкестендіретін болса, адамдардың санындай діндер ортаға шығар еді. Ғалымдардың ақылдары дінге өлшем болмаған болса сіздің ақылыңыз қалай өлшем болмақ? Бұл анықтаманы айтқан адам ислам ғалымы. Аллаһу та’ала “Білмесеңдер ғалымдардан сұраңдар” деп бұйырған.

 

Догмаларға, яғни аяттарға ақыл сүзбесінен өткізбей сену шынайы иманға жатпайды.

Жауап: Догма деген сөзді көбіне атеисттер қолданады. Атеисттер сендер құранда не деген болса дереу сенесіңдер дейді. Сіздің бұл атеисттерден қандай айырмашылығыңыз қалды? Біреу бізге “мынау аят” деcе біз тек мұның аят па әлде аят емес пе соны тексереміз. Ол аят болса дереу қабылдаймыз.

 

Көрместен, ақылдан өткізбестен сену қисынсыз нәрсе.

Жауап: Сіз жаннатты немесе тозақты көрдіңіз бе? Көрместен қалайша сенесіз?

 

Бақара сүресінің 3-ші аятында “Олар ғайыпқа иман келтіреді” делінеді. Көрместен сенеді делінбеген.

Жауап: Сіз ғайыптың не екендігін білмейді екенсіз. Ғайып – сезім мүшелермен (көру, есту, ұстау, иіскеу, дәмін тату) немесе есеп, тәжірибе арқылы анықталмайтын, түсінілмейтін нәрсе деген сөз. Имам Раббани хазреті былай деген: “Ақыл және қиялымыз Аллаһқа жақындай алмайды. Еш нәрсеге ұқсамайтын және ақылмен де түсінілмейтін жаратушыға, ғайып жолымен сенуден басқа шара жоқ. Өйткені, көріп, ойлап сенуге тырысумен иман болмайды. Ол өзінің ойдан құрағанына сенген болады, ал бұл иман емес.” (2/9)

 

Иман – көргеннен кейін қабылдау деген сөз.

Жауап: Бұл сөзіңіз исламға сенбеймін деудің басқа түрі. Иманның алты шартының қайсысын көрген едіңіз? Иман – көрместен сену деген сөз. Қалтамнан алма шығарсам, кейін бұл алма деп айтсам, мұны көрген адамның қабылдауы сенгендік болмайды, көргендігін айту болады. Ал иман – ғайыпқа cенумен болады. Қалтамда алтын бар десем, сіз маған сеніп “иә бар” деп бар екендігін қабыл етсеңіз бұл сенгендік болады, бірақ алтынды көргеннен соң “иә бұл алтын” деп айту сену емес, көргендігін айту болып табылады. Осы айырмашылықты жақсы түсініп алу керек.

 

Аллаһтың ғайыппен қатысты болған нәрсесін ақыл сүзгісінен өткізбей тұрып сену иманға жатпайды.

Жауап: Ақылмен Аллаһтың қандай екендігін, қалай сөйлейтінін, қалай жарататынын, жаннаттағы жемістердің дәмін сезе аласыз ба? Періштелерді ақылменен суреттеп бере аласыз ба? Аллаһтың қандай екендігін ақылмен суреттеп беру мүмкін бе? Қолдары, көздері, тұратын мекені бар ма? Несімен, қалай естиді? Қалайша әзели (бастаусыз) және мәңгі (шексіз) болады? «Ақыл деген таразы бұл салмақты көтере алмайды» делінген. Яғни ақылмен бұларды түсіну мүмкін емес.

 

Сұрақ: Ақылына және зерттеуге аса мән беретін бір досым “Бұл неліктен парыз? Бұл неліктен күнә? Бұлардың хикметімен себебін білмейінше қабылдамаймын. Мен көрмеген Аллаһқа кәрі кемпірлер секілді сене бермеймін” дейді. Дініміз көрместен иман келтіруді әмір етпеген бе?

Жауап: Бұл досыңыз сияқты сөйлеу өте қауіпті. Иләһи әмірдің хикметі түсінілмесе де Аллаһтың әмірі болғандықтан еш күмәнсіз қабыл ету шарт болып табылады. Ислам ғалымдарының ұлыларынан болған, Хужжәтул-Ислам деген атақ берілген Имам Ғазали хазретінің «Ихия» атты кітабында және Имам Суюти хазретінің  «Жами-ус-сағир» кітабында білдірілген хадис шәрифте былай бұйырады: “Ақыр заманда әртүрлі сенімдер шыққанда, кәрі кемпірлер секілді сеніңдер!” (Дәйләми)

 

Бұл хадис шәриф кемпірлер секілді қате нәрселерге де сене бер деген сөз емес. Аллаһ пен расулының айтқандары, білдіргендері ақылыңа симаса да (түсіне алмасаң да), дәлелдей алмасаң да сен дегенді білдіреді. Жаннат, тозақ, сырат көпірі және ақырет өмірі ақылмен, логикамен дәлелденбейді. Мутазила атты секта ақылға қонымсыз деп сырат көпірін, миғражды және соған ұқсас нәрселерді жоққа шығарады. Қазіргі кезде көпетеген мұсылмандар осы секілді мәселелерде сенбей мүртәд болып жүр, мүшриктер ақылға қонымсыз деп сенбей жүр, ал хазреті Әбу Бәкір: “Расулуллаһ айтқан болса, дұрыс айтқан” деп иманның шыңына жеткен.

 

Көрместен, ақылымен өлшеместен, бір сәтте миғражға барып келгендігіне сеніп Расулуллаһты қолдауы иманын қаншама есе көтерген. Күн нұрынан да жарық болған иманына қарап пайғамбарымыз: “Әбу Бәкірдің иманымен барлық адамдардың имандарын жинап таразға тартса, Әбу Бәкірдің иманы ауыр басады” деп бұйырған.

 

Қажетті фикх ілімдерін үйрену парыз-айн бола тұра оны тастап, “иманды зерттеймін” деп үнемі ағаштардың, гүлдердің, адам мен жануарлардың анатомиясын зерттеумен уақыт өткізу жаиз емес. Иман негіздерін тексеруге, зерттеуге болмайды. Пайғамбарымыз ғайыпқа иман келтіруді әмір еткен. Дәлелменен иман болмайды. Иман – көрместен сену деген сөз. Құран кәрімде салихтар мадақталғанда: “Олар тақуалар ғайыпқа иман келтіреді.” деп бұйырған. (Бақара 3)

 

Демек ғайыпқа сену – тақуалардың сипаты. Расуллулаһ не айтқан болса барлығы да дұрыс деп сенгендер құтылады. Иман ізденіп, зерттеп, ақылмен табылатын нәрсе емес. Ислам ғалымдары иманды былай ашықтаған:

 

Иман – Мұхаммед адейһиссаламның пайғамбар ретінде білдіргендерін, тексерместен ақыл, тәжірибе және пәлсапаға жүгінбестен қабылдау деген сөз. Ақылға сай болғаны үшін қабылдадым десе, онда өз ақылына иман келтірген болады. Яғни пайғамбардың білдірген нәрселеріне емес, өз ақылының мойындағандарына сенген болады. Немесе өз ақылы және пайғамбардың айтқандарына бірге сенген болады, ал бұл да пайғамбарға деген иманының кәміл, толық емесігінің белгісі. Иманның толық болмауы, иманның жоқтығын білдіреді. Өйткені иман бөлшектенбейді. Хадисте айтылған: “Дінді ақылымен  өлшейтін адамнан асқан зиян жоқ.” (Табарани)

 

Кәміл болған ақыл өте қадірлі. Хадис шәрифте: “Ақыл – дұрыс пен бұрысты айыратын бір нұр” деп бұйырған. Аллаһу та’ала адамға дұрысты бұрыстан, жақсыны жаманнан айыра білуі үшін ақыл берген. Ақыл бір өлшеу құралы. Бірақ Аллаһу та’алаға қатысты нәрселерде өлшем бола алмайды. Махлұқтарға қатысты нәрселерде өлшем болады. Ақыл әр адамда әртүрлі болатыны үшін кейбір адамдар мақлұқтарға қатысты мәселелерді дұрыс тапса, кейбіреулері жаңылысуы мүмкін. Адамға жол сілтеушісі болмағандықтан, өз ақылымен Аллаһтың білдірген тура жолын таба алмады. Тарихқа көз салсақ, өз бастарымен жүргендердің бәрі бұрыс жолға түсіп адасқандары көрінеді. Сондықтан Расуллуллаһқа мойынсұну шарт болып табылады.

 

Сұрақ: “Көрмеген нәрсеге сену ақылыма сыймайды, діндегі мәсеселерден жаным түршігеді” дейтін досыма не деп жауап берсем болады?

Жауап: Сиымсыз ақылын, түршігетін рухын көрсетуін сұраңыз, көрсете алар ма екен көрейік.

 

Сұрақ: «Мен көрмеген Аллаһқа сенбеймін» деп айту дұрыс па?

Жауап: Дұрыс емес. Имам Раббани хазреті былай деген: ”Біз білетін нәрселер, ойымызға, қиялымызға келген, сезім мүшелеріміз арқылы әсерін сезінген нәрселердің бәрі махлұқ болып табылады. Біздің “Аллаһу та’ала еш нәрсеге ұқсамайды” деп айтуымыздың өзі ұқсату болып табылады. Біздің түсінігіміздегі ұлылық, кішілік болып келеді. Ибраһим алейһиссалам кәпірлерге: “Не үшін өздерің жасаған пұттарға табынасыңдар! Сендерді де, жасаған істеріңді де Алллаһу та’ала жаратты!” деді. Қолымызбен жасаған нәрсеміз де, ақылымызбен, қиялмен ойдан құрағанымыз да барлығы Аллаһу та’аланың махлұқы. Ол біз білетін, ойдан құраған, көзімізге елестеткен нәрселердің еш қайсысына ұқсамайды және қандай екендігін біз түсіне алмаймыз. Ақылымыз, қиялымыз оған жақындай алмайды. Мұндай еш нәрсеге ұқсамайтын және ақылмен де түсінілмейтін ұлы жаратушыға ғайып жолымен сенуден басқа шара жоқ. Өйткені, көріп немесе ойланып түсінуге тырысып сену, Аллаһу та’алаға сенгендік болмайды. Өз жасаған нәрсемізге сенгендік болады. Ал бұл да болса оның жаратқан мақлұқы. Мұны оған ортақ еткен, Одан басқаға иман келтірген боламыз. (2/9)

 

Сұрақ: Әулие кісілерден кейбіреулері: “Біз жаннатты, тозақты көрсек те, иманымызда көбею секілді бір өзгеріс болмайды” деген. Бұл қалай болады? Адамның бір нәрсені білуіне «илмәл яқин» іліми жақындық, көзбенен көруіне «айнәл яқин» негізгі жақындық делінеді. Көзбен көру, іліми білуден де жоғары тұрады емес пе? Аталарымыз “Көзім саған сенейін бе? Әлде сөзім саған сенейін бе?” деп босқа айтпаған болар? Бұл әулиелердің бұлай айтуларының хикметі не?

Жауап: Әрине, естіп білгенге қарағанда, көзбен көріп білу мықты дәлел болып табылады. Бірақ бұл біз сияқты (қарапайым) адамдар үшін. Шынайы иманға қауышқан әулие кісілердің ілімдері мүлдем басқаша. Хазреті Әбу Бәкірдің: “Расулуллаһ айтқан болса дұрыс айтқан” деуі мұның айқын өрнегі. Көз жаңылысуы мүмкін, бірақ бұл ілім иелерінің имандары берік болғандығы соншалықты, еш нәрсе оны өзгерте алмайды. Көзбен көрген адамның иманы мұншалықты мықты бола алмайды. Иман келтіруде көз өлшем емес. Тек қана көз өлшем болғанда, расуллуллаһты көргендердің бәрі иман келтіруі керек болар еді. “Әбу талибтің жетімі” деп қарағандар кәпірлікте қалды, “Аллаһтың расулы” деп қарағандар иманға қауышты. Бастағы көз жаңылысуы мүмкін, бірақ жүректегі көз жаңылыспайды. Мұсылмандардың көруі және түсінуі жүрек көзімен болады. Көз қараған кезінде, ал жүрек сенген кезінде көреді. Мұсылманның жүрегі сенеді. Аллаһу та’аланың мейіріміне қауышады. Дүниеде де ақыретте де дәрежелеріне қарай көп нәрселерді көре алады.