Әһли хикмет ғұламалар былай деген:
Пайғамбарымыз (саллаллаһу алейһи уәсәлләм): «Сырат көпірінде әр мұсылман жеті сұрақтан, яғни иманнан, намаздан, оразадан, қажылықтан, зекеттен, ғұсылдан және құл ақысынан есепке тартылады. Құл ақысына қатысты сұрақтан, күнәсіз болса да, тіпті пайғамбарлар да қорқады» деген.
1) Иман: Иман – «Әмәнту...»-де білдірілген алты негізге сену деген сөз. Иманы болмағандар тозаққа түсіп, онда мәңгі қалады. Сондықтан иманнан айыратын себептерді жақсылап үйренуіміз керек. Мысалы, Ислам дінінің қандай да бір үкіміне мән бермеген, маңызсыз деп санаған адамның немесе «Бұл заманда ондай нәрсе жоқ» деген адамның иманы кетеді. Мұхаммед алейһиссаламның үмбетінен болып, сенімі қате болған адамдар тозаққа түссе де, титімдей имандары бар болғаны үшін ол жақта мәңгі қалмайды. Төрт хақ мазһабтың бірінде болып, Әһли сүннет сенімінде болғандар тозаққа түспейді, екінші сұрақтан есепке тартылады.
2) Намаз: Шарттарына сай оқылу керек және мүлдем қаза намазынан қарыз болмау керек. Намаз – дін деген сөз. Намазсыз дін болмайды.
3) Ораза: Оразаны жақсы көріп ұстау керек. Бұл өте құнды. Аллаһу та'ала: «Әрбір жақсылыққа 10 еседен 700 есеге дейін сауап беріледі, бірақ ораза маған тән, оның қайтарымын мен беремін» деді. Имсак және ауызашар уақыттарында тәмкин мерзіміне мән беретін дұрыс кестелерді қолдану керек.
4) Қажылық: Қажылықтың шарттарын жақсылап үйреніп орындау керек. Мысалы, Арапа күні Арафатта уақфада тұрмаған адамның қажылығы сахих болмайды. Сондықтан Зүл-хиджа айының хилалын күту және Арапа күнін дұрыстап анықтау керек.
5) Зекет: Зекеті берілмеген мал-мүлік, ақша тозақ отында қыздырылып, иесінің маңдайына, бүйіріне, арқасына мөр сияқты басылады. Зекет шарттарына сай түрде берілу тиіс.
6) Ғұсыл: Ғұсылдың шарттарына мән беру керек, ғұсылымыз фиқһ кітаптарына сай болу керек.
7) Құл ақысы: Мойнында құл ақысы бар болған адамның сауабы алынып, ақы иесіне беріледі, сауабы жоқ болса, оның күнәсі бұл адамға жүктеледі. Ұрлық және қарақшылық – құл ақысына жатқанындай, адам ренжіту, жала жабу және ғайбаттау да құл ақысына жатады.
Жәннатқа кіруді қалаған адам осы жеті сұраққа қазірден бастап дайындалуы керек.
Сайтымыздағы мәліметтер бүкіл адамзаттың пайдалануы үшін дайындалған.
Түп нұсқасын өзгертпеу шартымен рұқсат алмай-ақ, әркім қалағанынша пайдалана алады. www.islamdini.kz ® 2008-2024