Спирт және парфюмерия

Сұрақ: Спирттің барлық түрі нәжіс пе?

Жауап: Харам және нәжіс болғаны тек этил спирті. Басқаларының да химиядағы атауы спирт. Олар нәжіс емес. Намаз оқитын кезде этил спиртті ғана тазалау керек.

 

Иіссу және парфюмдер

Сұрақ: Иіссу, йод сияқты спирт қоспасы бар нәрсе жағылған киіммен намаз оқу жаиз ба?

Жауап: Иә, жаиз. "Спирт дәрі, иіс немесе су сияқты нәрселерге бір пайдасы үшін араластырылғанда, қоспа таза болады." (И.Ахлақы)

Демек, спирт иіссу, йод сияқты нәрселерге бір пайдасын көздеп араластырылғандықтан, намазға кедергі болмайды. Ешқандай пайдасы болмаса да араластырылатын болса, қоспа таза болмайды. Мысалы суға спирт құйып, оны киімге жақсақ, бұл да қоспа ғой деп ойласақ, ондай киіммен намаз оқуға болмайды.

 

Құрамында спирті бар болған мазь

Сұрақ: Спирті бар мазь намазға кедергі болады ма?

Жауап: Жоқ, кедергі емес.

 

Иіссу (одеколон) таза

Сұрақ: Ислам Ахлақы кітабында былай жазылған:

1) Су мен топырақ араластырылған кезде бұл екеуінің бірі таза болса, пайда болған балшық та таза болады және бұл қаулы сахих болып табылады. Фәтуа да осындай.

2) Бұл фәтуаның заиф (әлсіз) екендігін білдірген ғалымдар бар болса да, хараж (қиындық) болғанда заиф қаулымен амал етуге болады.

3) Нәжіс болған сұйықтық, мысалы спирт дәрі, иіссу (су немесе топырақ) сияқты нәрселерге (бір пайдасы үшін) араластырылса, қоспа таза болады. (Алайда дәрі үшін болмағандарын ішу харам болады.) Осы себептен, йод пен иіссу Ханафи мазһабында таза.

Бұл сөздерден хараж, қиындық болмастан иіссу себіліп оқылған намаздың сахих болатындығын түсінемін. Иіссу таза делінгені бойынша, хараж болмастан үстімізге сепсек, онымен намаз оқудың жаиз екендігі аңғарылып тұр ма?

Жауап: Иә, сондай екені анық. Бұл жерде екі түрлі қаулы жайында айтылған:

Бірінші қаулыда «Қоспа таза, бұл қаулы сахих және фәтуа осындай» делінеді. Фәтуа осындай дегеннен кейін ешқандай мәселе қалмады деген сөз. 3-ші бөлімде 1-ші бөлімдегі сахих болған фәтуаның түсіндірмесі жасалған. Йод пен иіссудың таза екендігі, сондай-ақ дәрі үшін жасалған қоспалардың да, яғни құрамында спирт бар болған дәрілерді қолданудың да жаиз екендігі ашық түрде білдірілген.

Екінші бөлімде сахих болған қаулы және фәтуа берілген қаулыға кейбір ғалымдардың заиф дегендігі білдірілген. Сахих қаулы білдіргеннен кейін кейбір ғалымдар делінгенде бұл қаулымен амал ету қажет емес екендігі аңғарылады. Бұл жерде иіссу, йод сияқты қоспалардың таза екендігін білдіретін қаулы заиф емес, сахих қаулы және фәтуаның да осылай берілгендігі білдірілуде. Заиф қаулы деп мұның терісін айтып, мұсылмандарды қинау жаиз болмайды.

 

Спирт нәжіс

Сұрақ: Алкогольді ішімдіктер мен иіссу нәжіс емес пе?

Жауап: Алкогольді ішімдіктер төрт мазһабта да нәжіс. Нәжісті тазалау үш мазһабта парыз, ал Малики мазһабында бір қаулыда намаз үшін нәжісті тазалау парыз немесе уәжіп емес, сүннет. (Ислам Ахлақы)

Иіссуда спирттің мөлшері көп, бірақ алкогольді ішімдік тобына кірмейді. Қоспа болғандықтан, Ханафи және Шафиида намазға кедергі емес. Иіссудың таза екендігі Ислам Ахлақы кітабында жазулы. Ал Маликиде онсыз да нәжісті тазалау парыз болмағандықтан, иіссу себілген киіммен намаз оқуға болады.

 

Шафииде иіссу

Сұрақ: Шафии мазһабы бойынша түрлі кітаптар жазған бір молда «Шафииде иіссу қолдану, оны алып-сату жаиз емес, өйткені спирт – нәжіс» дейді. Олай болса, құрамында спирт бар болған йод сияқты дәрілерді де қолдану жаиз болмайды ма? Бұл мәселеде Ханафи мазһабын тақлид етуі керек пе?

Жауап: Ол молда кейбір мәселелерді кем немесе қате жазып жатыр. Әсіресе Ханафи мазһабына қатысты көптеген қателері бар. Мазһаб тақлидына қажеттілік болмастан, йод сияқты спиртті сұйықтықтарды қолдану Шафии мазһабында да жаиз.

Шафии мазһабында нәжіс сұйықтықтардың дәрі және парфюмді жақсарту үшін қолданылған мөлшерінің кешірімді екендігі Әл-фиқһу-аләл-мәзаһиб-ил-әрбәа кітабында және Молла Халил Сиридидің Әл-Мафуват атты кітабының Сүлейман бин Абдуллаһ шәрһінің 1368 (м.1949) жылғы Қамышлы басылымында жазулы. (С.Әбәдийа)