Ахиретке иманмен көшу үшін...

Ахиретке иманмен көшуді қалайтын адам Әһли сүннет сенімінде болуы керек. Басқа жетпіс екі топтан болғандардың мұндай үлкен бір ниғметке қауыша алуы өте қиын...

Адамның ең құнды болмысы – иманы. Мұны қорғау үшін әр түрлі қайсарлық көрсетуі қажет. Мәңгі бақыттың немесе (Аллаһ сақтасын) мәңгі пәлекеттің себебі – соңғы демді иманмен шығара алу немесе бұл үлкен ниғметтен мақрұм қалып, дүниемен қош айтыса алу.

Бір адам соңғы демін калима-и шаһадат айтып шығара алған болса, Раббымыздың ең үлкен ниғметіне қауышты деген сөз. Иманның дұрыс болуы үшін діннің бүкіл әмірлеріне сену керек.

Мысалы, бір адам «Мен діннің барлық әмірлеріне сенемін, бірақ көрмеген нәрсеме де сенбеймін. Жындарды көрмегенім үшін бұған сенбеймін» десе, толық дінге сенбеген болады. Бұл адам таңға дейін намаз оқыса, ораза ұстаса, бәріне жақсылық жасаса, бұлардың ешқандай пайдасы болмайды...

Иманда күмән болмау керек. Күмәнді иманға иман делінбейді. Мысалы бір адам «Мен өлгеннен кейін тірілуге сенемін, бірақ осыншама адам қалай тіріледі, бәрінен есеп қалайша сұралады?» деп күмәнданатын болса, ол адам ахиретке сенбеген болып саналады. Бұл ойында Аллаһу та'аланың құдіретіне күмән бар. Бұл пікір оның мәңгілік азап шегуіне себеп болады.

Иманын қорғауды және иманмен ахиретке өтуді қалаған адам Әһли сүннет сенімінде болуы керек. Басқа 72 ағымда болғандардың мұндай үлкен ниғметке қауыша алуы өте қиын.

«Мен Әһли сүннет сеніміндемін» деу «Пайғамбарымыз алейһиссалам және Асхаби кирам алейһимурридуан қалай иман келтірген болса, қалай сенген болса, мен де дәл солай сендім» деп айту деген сөз. Олай болса, тозақтан құтылу үшін әр мұсылманның әуелі осы жолды үйренуі және соған сай ғибадат жасауы қажет.

 

Сену керек болған нәрселердің кейбірлері мыналар:

-Құран кәрімнің Аллаһу та'аланың сөзі болып, мақлұқ (жаратылыс) емес екеніне сену.

-Асхаби кирамның (сахабалардың) бәрін жақсы көру, ешбірін жамандамау.

-Жәннатта Аллаһу та'аланың көрінетіндігіне сену.

-Құбыла әһліне, намаз оқушыларға жасаған күнәлары үшін кәпір демеу. Ғибадат иманның бөлшегі емес. Иман артпайды да, кемімейді де.

-Миғраж рух және денемен бірге болған.

-Мұғжиза мен керемет хақ.

-Қазіргі заманда төрт хақ мазһабтың бірін ұстану, мазһабсыз болмау.

-Төрт ұлы халифаның халифа екендігіне және үстемдіктерінің халифалық ретіне сай екендігіне сену.

-Қабір зияраты, пайғамбарлардан және әулиелерден жәрдем сұрау жаиз. Оқылған Құран кәрімнің және берілген садақаның сауабын өлілерге бағыштаудың жаиз екендігіне, бұл сауаптардың және дұғалардың өлілерге жетіп барып, азаптардың азаюына себеп болатындығына сену.

-Қабір сұрақтары хақ. Қабір азабы рух пен денеге бірдей беріледі.

-Сырат көпірі бар.

-Шапағатқа, есепке және мизанға сену.