Сұрақ: Кейбір адамдар: «Сауда – үшке алған затыңды беске сату деген сөз. Сосын өтірік айтпасаң сауда болмайды. Ал бұл нәрсе діни тұрғыдан дұрыс емес» деп жатады. Саудамен айналысу, саудагер болу дұрыс емес пе сонда?
Жауап: Дінімізде сауда-саттық та, шыншыл саудагер де мадақталған. Бірнеше хадис шәрифтің мағынасы мынадай:
«Берекет сауда-саттықта.» (Әбу Дауд)
«Ризықтың тоғызы саудада, біреуі мал шаруашылығында.» (Ибн Сад)
«Жәнната сауда бар болғанда, мануфактура кәсібін әмір ететін едім, себебі Әбу Бәкір матамен айналысатын еді.» (Дәйләми)
«Ең жақсы табыс – еңбекпен табылғаны. Сауда да жақсы.» (Хаким)
«Шыншыл саудагер пайғамбарлар, сыддықтар және шәһидтермен бірге.» (Тирмизи)
«Шыншыл саудагер қиямет күні Арштың көлеңкесінде болады.» (Дәйләми)
«Шыншыл саудагер жәннаттың ешбір есігінде күтіп тұрмайды.» (И.Нәжжар)
«Ең дұрыс табыс мынандай саудагерде – саудада өтірік сөйлемейді, сөзінен қайтпайды, сатқанда затты мақтамайды, алғанда да (арзан алу үшін) жамандамайды.» (Дәйләми)
«Қорқақ саудагер мақрұм қалады, батыл саудагер ризыққа қауышады.» (Қудаи)
«Мына үш адам басқа қамқорлықтар болмаған қиямет күнінде Аллаһтың қамқорлығында болады:
1) Сенімді саудагер,
2) Әділ басқарушы,
3) Намаз оқу үшін уақыттың кіруін шыдамсыздықпен күткен адам.» (Хаким, Дәйләми)
Саудаласу сүннет
Сұрақ: Сауда-саттықта саудаласу шарт па?
Жауап: Шарт емес. Қажеттілік бар болса саудаласу керек. Жалпы саудаласу сүннет. Сауда-саттықта мұсылманның алдануы жаиз болмағанындай, алдауы да жаиз емес. Үш хадис шәрифтің мағынасы мынадай:
«Мұсылманды алдаған адам бізден емес.» (И.Рафии)
«Бізді алдаған адам бізден емес.» (Табарани)
«Алдаған адам жәннатқа кіре алмайды.» (Тирмизи)
Кедейлердің затын көбірек ақшаға алу керек, оларды қуанту керек, бірақ байдан зат сатып аларда алдану сауап емес, жаман. Мүлікті зая қылу болып саналады. Мүмкін болса, саудаласып арзан алу керек. Хазреті Хасан және хазреті Хусейн әр зат сатып аларында саудаласып, арзан алуға тырысатын еді. Адамдар олардан «Бір күнде көптеген садақа бересіңдер, ал бір нәрсе сатып аларда неліктен ұзақ саудаласып әуре боласыңдар?» деп сұрағанда, «Бергендерімізді Аллаһ разылығы үшін береміз. Қанша көп берсек те аз, бірақ сауда-саттықта алдану ақылдың және заттың нұқсан болуынан» дейтін еді. (Кимия-и сәадат)
Саудаласу
Сұрақ: Саудаласу сүннет болғандықтан, біз «Пәлен бағаға бересің бе?» десек, сатушы бұл бағаға разы болмаса, не істейміз?
Жауап: Саудаласу дегеніміз міндетті түрде арзанға алу деген сөз емес. Үндемей алып кете бермей, «Мына бағаға бересің бе?» деп айтуымыздың өзі саудаласқандықты көрсетеді, сүннет орындалған болады.
Сайтымыздағы мәліметтер бүкіл адамзаттың пайдалануы үшін дайындалған.
Түп нұсқасын өзгертпеу шартымен рұқсат алмай-ақ, әркім қалағанынша пайдалана алады. www.islamdini.kz ® 2008-2024