ЕКІНШІ ТОМ, 11-ші ХАТ

Аллаһу та’ала адамдарды өз бастарына тастап қоймаған. Барлық қалауларын жасауға рұқсат бермеді. Нәпістерінің қалауларына және табиғи, хайуани зауықтарына шектен шығып бағынышты болуын, осылайша пәлекетке душар болуын қаламады. Рахаттық пен шаттықта өмір сүруі және мәңгі бақытқа жетуі үшін қалаулары мен құмарлықтарды қолдану жолдарын көрсетті және дүние мен ахирет бақытына себеп болатын пайдалы амалдарды орындауды әмір етті. Зиянды нәрселерді істеуге тыйым салды. Осы әмірлер мен тыйымдарға «Ахкам-и исламийа» (Ислам үкімдері) делінді. Дүниеде рахат өмір сүруді, бақытқа қауышуды қалаған адам Ислам дініне мойынсұнуға мәжбүр. Нәпсінің және табиғатының Ислам дініне бағынбайтын қалауларын тәрк етуі керек. Ислам дініне мойынсұнбаса, иесінің, жаратушысының ашуына, азабына душар болады. Ислам дініне мойынсұнған пенде мұсылман болса да, кәпір болса ді, дүниеде бақытты, рахат өмір сүреді. Иесі оған жәрдем береді. Дүние – егіншілік орны. Егін екпестен, ұрық болатын дәндерді жеп, зауықтанған, рахаттанған адам өнім алудан мақрұм қалғанындай, дүние өмірін өткінші зауықтарын, нәпістің қалауларын шектен шығып орындаумен өткізген адам да мәңгі ниғметтерден, шексіз зауықтардан мақрұм қалады. Бұл жағдай ақыл-есі дұрыс адамның қабыл ететін нәрсесі емес. Шексіз ләззаттарды жіберіп алуға себеп болатын өткінші ләззаттарды зиянды түрде істеуді таңдамайды. [Аллаһу та’ала дүниелік зауықтардан, өткінші ләззаттардан, нәпіске жағымды болған нәрселерден ешбіріне тыйым салмады. Бұларды Ислам дініне сай, зиянсыз түрде қолдануға рұқсат берді.] Ислам дініне толық мойынсұну үшін әуелі «Әһли сүннет» ғалымдарының Асхаби кирамнан үйреніп, Құран кәрім мен хадис шәрифтерден түсініп білдірген «Ақаид»-қа сай иман келтіру, кейін харам болған, тыйым салынғандарды үйреніп, бұлардан сақтану және орындау әмір етілген парыздарды үйреніп, орындау керек. Бұларды орындауға «Ғибадат» жасау делінеді. Харамдардан сақтануға «Тақуа» делінеді.

Ниет етіп ахкам-и исламийаға (Ислам үкімдеріне) мойынсұнуға «Ғибадат ету» делінеді. Аллаһу та’аланың әмірлері мен тыйымдарына «Ахкам-и исламийа» (Ислам үкімдері) және ««Ахкам-и илаһийа» (Аллаһу та'аланың үкімдері) делінеді. Әмір етілгендерге «Парыз», тыйым салынғандарға «Харам» делінеді. Ғибадаттардың ең құндысы және Ислам дінінің тірегі – күніне бес уақыт «Намаз» оқу. [Намаз оқу – құбылаға қарап тұрып Фатиха оқу, құбылаға қарай иілу және құбылаға қарай басын жерге қою деген сөз. Бұларды құбылаға қарай жасамаса, намаз оқу болып саналмайды.] Намаз оқитын адам – мұсылман. Намаз оқымайтын адам не мұсылман, не кәпір. Намаз оқу арқылы пайда болатын қурб-и илаһи [яғни Аллаһу та'аланың жақсы көруі] басқа ғибадаттарды жасау арқылы өте сирек нәсіп болады. Күнде бес уақыт намазды жинақылықпен [яғни дүниелік істерді ойламай] және жамағатпен,  әрі та’дил-и әрканмен, дәретті ұқыптылықпен алып, мүстаһаб болған уақыттарында оқу керек. Намаз оқыған кезде Аллаһу та’ала мен құлдың арасындағы перделер ашылады. Бес уақыт намаз оқитын адам күніне бес рет жуынып тазаланған адам сияқты күнәлардан тазарады. Күнде бес уақыт намазды дұрыс оқыған адамға жүз шәһидтің сауабы беріледі.

Сауда заттарының және жайлаудағы малдардың [әрі егістіктен, ағаштардан алынған өнімнің, қағаз ақшаның, алашақтардың] зекеттерін әмір етілген жерлерге қуана-қуана беру керек. Зекеті берілген мал-мүлік азаймайды. Зекеті берілмеген мал-мүлік тозақта от болады. Аллаһу та’ала аса мейірім танытып, қажеттіліктен артық болған мал-мүлік нисаб мөлшеріне тең болса,бір жылдан кейін зекетін беруді әмір етті. Жан мен малды беретін – Ол. Мал-мүліктің барлығын және жанды беруді әмір еткенде еді, Оның ғашықтары дереу беретін еді.

Қасиетті Рамазан айында Аллаһу та’аланың әмір еткендіктен, қуана-қуана ораза тұту керек. Осы аштық пен шөлді бақыт деп білу керек.

Ислам дінінің бес тірегі бар: Біріншісі, «Әшһәду ән ла-илаһа-иллаллаһ уә әшһәду әнна Мухаммадән абдуһу уә Расулуһу» деу және мұның мағынасын біліп, бұған сену. Бұған «Кәлима-и шаһадат» делінеді. Қалған төртеуі намаз, зекет, ораза және қажылық. Осы бес негіздің бірі бұзылған болса, Ислам діні де бұзылған болады. Сенімді дұрыстағаннан және Ислам дініне мойынсұнғаннан кейін Софийа-и алийаның жолында ілгерілеу қажет. Аллаһу та’аланың марифеті осы жолда пайда болады және нәпістің қалауларынан құтылу нәсіп болады. Иесін танымаған адам қалай өмір сүре алады, қалай рахат жүре алады?! Бұл жолда марифет иесі болу үшін «фәна бил-ма’руф» қажет. Яғни, Аллаһу та’аладан басқа барлық нәрселердің ұмыту керек. Өзін бар деп білген адам марифетке қауыша алмайды. «Фәна» және «Бәқа» – ожданда, көңілде пайда болатын нәрселер. Бұл түсіндіру арқылы түсінілмейді. Марифет ниғметіне қауышпаған адамның мұны әрдайым іздеуі қажет. Қорлау әмір етілген және уақытша болған нәрсені жөндеумен әуре болмау керек.

СИҚЫР-ДУАЛАУ: Жындардың адамдарда тудырған ауруларға «Сиқыр-дуа» делінеді. Мұсылман болған жындардың адамдармен еш шаруасы жоқ. Олар тек ғибадат жасайды. Әһли сүннет ғалымдары оларды таниды. Дос болады. Салих адамдар сияқты көрінеді. Сұхбаттасады. Олардан адамдарға зиян келмейді. Кәпір болған жындар адамнан айрылмайды. Жындар әр түрлі кейіпте көрінеді. Шыбын-шіркей, құрт-құмырсқа, микроп түріне де енеді.  Адамның тамырларында жүреді. Тек қана мүминдердің жүрегіне кіре алмайды. Кәпір жындар жақсы адамның кейіпіне де енеді. Кез келген жақсылықты жасайды. Адамдарға пайдалы болады. Кәпір және пасықтармен достық құрса, олардан еш айрылмайды. Кәпір адамдар сияқты, кез келген жақсылықты жасағаннан кейін, артынша күпірге, күнә жасауға себеп болады. Адам көрсеткен кісілерге ауру, сиқыр жасайды. Бұл аурудан құтылу үшін бұл жынды өлтіру немесе қуу қажет. Жынның зиянынан құтылу үшін ең әсерлі екі қару – «Кәлима-и тәмжид» және истиғфар дұғасы. Кәлима-и тәмжид – «Лә хаула уа лә қууата илла биллаһил алийил азыйм». Мұны оқыған адамнан жындардың қашқандығын, сиқырдың бұзылғанын Имам Раббани 174-ші хатында және истиғфар дұғасының әр дертке дауа екендігі білдірілген хадис шәрифтерде айтылған. 122-ші бетке қараңыз!