БІРІНШІ ТОМ, 197-ші, 202-ші, 230-ші ХАТТАР

БІРІНШІ ТОМ, 197-ШІ ХАТ

Құрметті бауырым Мұхаммед Сужадил! Рухани байланыс [яғни бір әулиеге деген махаббат] күшті болса, одан келген фәйздерді алуда сұхбаттың және алыста болудың кері әсері болмайды. Аллаһу та’ала әнфуста [адамда] және афақта [адамнан тыс] емес. Оны осы екеуінің тысында іздеу керек. Бұған ақыл жетпейді.

Ғалымдарымыз бес уақыт намаздан кейін қол жайып Фатиха сүресін оқымады. «Хазанәт-ул риуаят» кітабында: «Қажеттіліктерге қауышу үшін парыздардан кейін Фатиха оқу бидғат болып табылады» делінген. Қол алысуда осындай. Имам Нәуәуи «Әзкар» атты кітабында былай деген: «Кездескен кезде қол алысу мүстаһаб болады. Алайда, мұны таң және екінді намаздарынан кейін жасауды әдетке айналдырмау керек. Кейде жасап тұру сүннет болып табылады.» (Имам Нәуәуи 676 (м.1277) жылы қайтыс болды.)

 

БІРІНШІ ТОМ, 202-ШІ ХАТ

Мына қысқа өмірді өте құнды амалдар жасап өткізіңіз! Түндерде ғибадат жасауды және сәре уақытында жылауды қолдан жіберіп алмаңыз! Қараңғы түндерді Құран кәрім оқумен, дұға мен истиғфар оқумен және Оның есімін айтумен нұрландырыңыз! Саудада шыншыл және сенімді болыңыз! Хадис шәрифте: «Аллаһу та’ала садық [шыншыл] болған саудагерді жақсы көреді» делінген. Фасид (қате, бұзылған) және пайыз араласқан сатылымдардан сақтаныңыз! Бұл заманда осы аталғандардан сақтанатындар бар ма екен? Бұларды Ислам дініне байланған «Әһли сүннет» ғалымдарынан сұрап үйреніңіз!

 

БІРІНШІ ТОМ, 230-ШІ ХАТ

«Тасаууф» – сәйр және сүлук деген сөз. Сәйр мен сүлуктан, риязат тартудан және мужахада жасаудан мақсат – махлұқтарға (жаратылғандарға) деген құштарлықты, махаббатты жоқ қылу, құлшылық жасауды үйрену және адамның әлсіз, мұқтаж екенін түсінуі. Адәмнен (жоқтықтан) келгенін және адәмге кететінін түсінуі. Әйтпесе, тасаууфтан мақсат - адамның құлдықтан құтылуы, құдай болуы және құдайдың кәмілдігіне ортақ болуы емес. Мұхаммед Бахауддин Бұхари хазреттері «Абид (табынушы) ма’будпен (құдаймен) ортақ бола алмайды» деген. Ибн Синаның қате пікірлері Әһли сүннет сеніміне сай емес және күпіріне, адасушылығына себеп болуда. Имам Раббани 245-ші және 266-шы хаттарында: «Имам Ғазали “рахметуллаһи алейһ” Хукеманың қате пікірлерін жазғаннан кейін, әл-Фараби мен Ибн Синаның және осылар сияқтылардың кәпір болғанын білдірді. Расулуллаһ (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) бір әулиенің түсіне кіріп, Ибн Сина жайында «Аллаһу та’ала оған көп білім беру арқылы адасушылыққа жетелеген адам» деді. Салик (тасаууф жолында ілгерілемекші болған адам) жүрегіне келген халдерді қате түсінсе де, бір әулиенің жолын ұстануы қажет. «Тәухиди вужуд» білімі ақыл мен нақылға сай көрінеді дейсіз. Нақыл деген хабарларыңыз ашық білдірілмеген. Мұндай хабаларға «Мутәшабихат» делінеді. Ондай хабарларды «Тәуил» ету керек. Яғни, мәшһүр болмаған мағыналары беріледі. Ал ақыл қабыл ететін нәрселер сендіру үшін айтылады. Ауқымы өте кең. Жәлалуддин Дәуани «Мұндай білімге ақыл жетпейді» деді. Мәулана Жами “қуддиса сиррух” «Ақыл жетпейді дегеніміз – аян және көру арқылы жүректе пайда болып, ақыл түсінбейтін нәрселер. Ақыл түсінген нәрселерді сезім қуаттарының түсіне алмауы да осындай» деді. [Мысалы, ақыл күннің жер шарынан үлкен екендігін түсінеді. Ал көз күнді терезесінің ішінде көргендіктен, мұны түсінбейді.]

Философтар «Бар болған нәрсе жоқ болмайды. Жоқ болған нәрсе де бар болмайды» деді. [Француз химигі Лавуазье де осылай айтты. Бұл сөздері дұрыс емес. Олар бұл сөздерді жобалаумен айтқан. Бұл сөз Аллаһу та’аланың шексіз құдіретін жоққа шығару болып саналады. Лавуазье бұл сөзін жалпылама айтпағанда, химиялық құбылыстарда бар және жоқ болмайды дегенде еді, сөзі дұрыс болар еді. Ислам дұшпаны – мәңгүрттер қайта тірілуді жоққа шығарып жатқанда Лавуазьенің осы қате сөзін алға тартуы білімге, ғылымға деген үлкен жала болып табылады.] Аллаһу та’ала дүние мен ахиретті, яғни барлық нәрсені жоқтан бар етті. Барлығын қайтадан жоқ қылады және қиямет күні тағы бар ететіндігін пайғамбарлары арқылы хабар берді. Жаратуы мен жоқ қылуы Оның құдіретіне қарасақ, таңқаларлық құбылыс емес. Философтардың жоғарыдағы сөздері әлемнің жоқ етілетіндігін жоққа шығаруда. Бұлай сөйлеу күпір болып табылады. Бұл сөздеріне сенген адам Аллаһу та’ала жіберген хабарға сенбеген болып, кәпір болады. Бүкіл діндер әлемнің жоқтан бар етілгендігін және қайта жоқ етілетіндігін бір ауыздан білдіруде. Философтардың бұл сөздері мақлұқтардың бар болып тұра алу үшін Аллаһу та’алаға мұқтаж емес екендігіне де сілтеуде және Аллаһу та’аланың болмысты жоқ қылуға құдіреті жетпейтіндігін көрсетуде. Денелердің және сипаттарының бар болғанын және жоқ болып кеткенін көріп жүрміз. [Мысалы, теңіздің сулары бу күйіне, бұлт, яғни майда бөлшектер күйіне және қар, мұз күйіне айналуда. Су бір күйі жоқ болып, басқа күйі бар болуда. Денелердің күйлерін жоқ кезде бар қылған және бар кезінде де жоқ қылған Аллаһу та’аланың денелердің өздерін де жоқ кезінде бар қылуға және бар кезінде жоқ қылуға құдіреті жетеді. Қазіргі таңда барлық діндер өлгеннен кейін қайта тірілуге, жәннатқа, тозақ азабына сенеді. 1989 жылы Американың ең үлкен «Мисури» соғыс кемесі Стамбұлға келді. Ішінде екі үлкен шіркеу бар. «Қасиетті кітап» деп атайтын Інжілді ағылшын тілінде басып шығарған.  Терімен қаптаған. Әр келушіге сыйлайды. Біздегі білгіштер Еуропаға, Америкаға ғашық екендігін айтып жүр. Олар сияқты есірткі, алкоголь қолданатын әйелдермен, қыздармен қонақ үйдің бөлмелерінде, саябақтарда зауықтардың барлық түрін және жағажай сауықтарын жасап жүр. Осы тірліктеріне заманауилік деп жүр. Мұсылмандарға жәннатқа, тозаққа сенгені және Аллаһу та’'аланың әмірлеріне мойынсұнғаны үшін керітарта деп айтуда. Дүние жүзіндегі барлық сенгендерге керітартпа демейтіндігіне қарағанда, нәфсани, хайуани зауықтарға және Ислам дұшпандығына ілгерілеушілік деп атағандары аңғарылады.]

(Бахауддин Бұхари 791 (м.1389) жылы Бұхарада қайтыс болды.

Әбу Әли Хусейн ибн Сина 428 (м.1037) жылы Хамеданда қайтыс болды.

Имам Мұхаммед Ғазали 505 (м.1111) жылы Тус (Мәшһәд) қаласында қайтыс болды.

Мұхаммед Фараби 339 (м.950) жылы Шамда қайтыс болды.

Мұхаммед Дәуани 908 (м.1502) жылы Ширазда қайтыс болды.

Абдуррахман Ахмед Нурәддин Жами 898 (м.1492) жылы Хиратта қайтыс болды.

Лавуазье 1209 (м.1789) жылы революциясында өлтірілді.)