Аллаһ жолында бір қадам басудың сауабы

Әһли хикмет ғұламалар былай деген:

Бүкіл дүниелікті садақа ретінде беру Аллаһ жолында Оның дінін дұрыс жаю үшін басылған бір қадамның сауабына жете алмайды. Арадағы айырмашылық үлкен. Теңіз бен тамшы арасындағы айырмашылықтан да үлкен.

Дінімізде ниет өте маңызды. Ахиретте амалдың көптігіне емес, не үшін жасалғанына қаралады. Не үшін сұрағына берілген жауап болымды болса, яғни Аллаһ үшін болса, жасалған іс ұйықтау сияқты мубах болған тірлік болса да, соңы жақсы болады. Егер жауап болымсыз болса, жасалған іс ғибадат болса да, соңы жаман болады. Бүкіл дүниелік болып көрінген амалдар бір ниетпен ахиреттік, ал бүкіл ахиреттік амалдар да бір жаман ниетпен дүниелік болып кетеді.

Аллаһу та'аланың құлдары арасынан ең жақсы көретіні – Оның құлдарына қызмет еткен адам. Қызметтің, жақсылық жасаудың өте көп түрі бар. Сәлем беру, қол алысу, ауырған адамның көңілін сұрап бару, хал-жағдайын сұрау, жаназасына бару, үйге шақыру, ас беру және зиярат етіп бару – өте құнды амалдар. Тіпті марқұм Хусейн бин Саид хазреттері «Бір мүминді Аллаһ разылығы үшін зиярат еткен адамға Аллаһу та'ала көп сауап беретіндігі соншалық, Аллаһу та'аланың осы разылығының себебімен аспаннан жерге бір шам түсетін болса, ол шамның нұрынан, жарығынан күн қарайып қалады» дейтін еді.

Зиярат – міндетті түрде денемен бару деген сөз емес. Баруға мүмкіндік болмаса, телефон шалу арқылы, хат жазу арқылы да зиярат жасалған болып саналады. Жазысу – көрісудің жартысы. Бір мұсылманға киім, аяқ киім сатып алып беру де жақсылық. Алайда барлық осы жақсылықтар Аллаһу та'аланың құлдарын отта жанудан құтқару үшін басылған қадамның жанында теңіз бен бір тамшы сияқты да бола алмайды. Шынында, Имам Раббани хазреттері «Бұл заманда орындалатын ең олжалы, ең пайдалы іс – адамдарды шексіз пәлекеттен құтқаруға тырысу» деген.

Ғалымдар, әулиелер бүкіл рахаттықтарын, зауықтарын тәрк етіп, адамдардың құтылуы үшін еңбектенді. Осыншама тырысуының себебі – мейірім еді. Адам бір мысықтың да отта жанғанына қарап тұра алмайды, бұған шыдай алмайды. Ал басқа бір адамның мәңгі жануына қалай шыдасын?

Иманның қуатты болуының белгісі – тағы бір кісі құтылсын деп, қолдан келгенін істеу. Хазреті Әбу Бәкір Сыддық мұсылман болған кезінде «Йа, Расулаллаһ! Тағы алты досым бар, оларды да алып келейін бе?» деген еді. Егер бұлай тырыспайтын болсақ, біздің иманымызда бір нұқсандық бар деген сөз. Алған ниғметімізді басқаларға таратып, жауапкершіліктен құтылуымыз керек. Басқаларды құтқарудың ең жақсы жолы – Әһли сүннет ғалымдарының кітаптарын беру. Кітап беру қайта-қайта түсіндіруден әлдеқайда жақсырақ.