Сұрақ: «Оны істеме, күнә болады, мұны істеме, күнәға батасың» деп жатады. Сонда дінде барлық нәрсе күнә ма?
Жауап: Жоқ, дінімізде барлық нәрсе күнә емес. Халал болған нәрселердің қасында харамдар өте аз. Бүкіл жеміс-жидектер, көкөністер, улы шөптерден басқа барлық өсімдіктер мубах. Теңіз жәндіктерінен басқа бүкіл балық түрлері, мас қылатындардан басқа бүкіл сусындар халал. Махрем туыс және кітапсыз кәпірлерден басқа бөтен әйелдердің кез келген бірімен үйлену жаиз. Жібектен басқа бүкіл киімдер мубах. Имам Раббани хазреттері былай деген: «Аллаһу та'ала рұқсат берген нәрселердің түрлері және саны өте көп. Ал харам қылған, тыйым салған нәрселері өте аз. Мубахтардағы пайда мен ләззат харамдардан әлдеқайда көп. Бәрінен де маңыздырақ болғаны, Аллаһу та'ала мубах істейтін адамды жақсы көреді, ал харам істейтін адамды жақсы көрмейді. Ақылы бар болған адам лезде өтіп кететін ләззат үшін Аллаһу та'аланың ашуына тиюді әлбетте қаламайды.» (1/163)
«Аллаһу та'ала құлдарына аса мейірім танытып, қамқор етіп мубахтармен зауықтануға рұқсат берген және көптеген нәрсені мубах қылған. Халал болған осыншама сансыз ләззаттарды, зауықтарды тастап, харам етілген бірнеше ләззатқа алдану Аллаһтың алдындағы үлкен әдепсіздік болады. Сондай-ақ, Аллаһу та'ала харам еткен ләззаттарды артығымен мубахтарда да жаратқан. Халал болған әр түрлі ниғметтердің ләззаттарынан бөлек адамның амалы үшін Раббының разы болуынан асатын ләззат болуы мүмкін бе? Бір құлдың ісін қожайынының ұнатпауынан асатын қасірет бар ма? Біз құлмыз, иеміз болған Аллаһқа бағыныштымыз. Еркін емеспіз.» (1/73)
Бір адам кім екенін, не үшін жаратылғанын, не істеуі, неден сақтануы керек екенін, жақсының, жаманның, пайдалының, зияндының, досының, дұшпанының кім екенін білмесе, жануардан қандай айырмашылығы болады? Адамды және бүкіл жаратылысты Аллаһу та'ала жаратты. Жіберген пайғамбарлары арқылы «Сендерді мен жараттым. Мені тану арқылы қадірленулерің, пендешілік жасауларың үшін жараттым. Мыналарды істесеңдер, дүниеде де, ахиретте де рахат және бақытты боласыңдар. Бұларды істемесеңдер, дүниеде де, ахиретте де бетбақ болып, үлкен азап шегесіңдер» деді. Орындауымыз және сақтануымыз қажет болған нәрселерді білдірді. Міне осы білдірген қағидалардың жиынтығына дін делінеді. Яғни дін – адам деп аталатын осы кәміл болмыстың қолдану нұсқамасы. Рахат және бақытты болу, өзіне және адамдарға пайдалы болу, өзін және адамдарды зияннан қорғау нұсқамасы. Жақсыны және жаманды, пайдалыны және зияндыны, досты және дұшпанды тану энциклопедиясы. Бұл қағидалардың бәрін адамды жаратқан Аллаһу та'ала білдірген. Бізді Ол жаратты және әрине жаратушы жаратқанын жақсы біледі. Мейірім және қамқорлық танытып, бұларды бізге білдірді. Білдірмегенде еді, бұл жағдайымызбен жануардан айырмашылығымыз қалмас еді. Ішіп-жеп, сындырып-төгіп, жатып-тұрып, бәрін бұзатын едік. Бізге бүкіл ниғметтерді нәсіп еткен Раббымызға шүкір етудің орнына рахметсіздік танытсақ, мұның жазасы да әрине ауыр болады.
Сайтымыздағы мәліметтер бүкіл адамзаттың пайдалануы үшін дайындалған.
Түп нұсқасын өзгертпеу шартымен рұқсат алмай-ақ, әркім қалағанынша пайдалана алады. www.islamdini.kz ® 2008-2024