ЗЕКЕТ БЕРУ

212 – Толық мүлік болған мал-мүліктің зекетін және ұшырын беру парыз болып табылады. Қолданылуы жаиз және мүмкін болған мал-мүлікке «Толық мүлік» делінеді. Төрт түрлі зекет мүлкі бар:

1) Алтын мен күміс.

2) Сауда үшін сатып алынған әр түрлі заттар.

3) Қырда, жайлауда жайылып жүрген төрт аяқты малдар.

4) Егін өнімдері, яғни ұшыр.

Әбу Ханифа “рахимә-һуллаһу та’ала” былай деген:

Жаңбыр немесе өзенмен суарылған жерден шыққан егіннің, жемістің, көкөністің және балдың мөлшері қанша болса да, өнімді алған адамның сол сәтте сатып, оннан бірін кедейлерге беруі парыз. Бұл «Ұшыр» деп аталады. Ұшырын бермей тұрып жеу харам болады.

Алтын мен күмістің және сауда заттарының зекетін беру үшін нисаб мөлшерінде болуы қажет. «Нисаб» – бай мен кедейдің арасындағы шекара деген сөз. Нисаб мөлшері – алтында жиырма мисқал. Күмісте екі жүз дирхам. Қажеттілік болған заттардан басқа нисаб мөлшеріндегі әр түрлі жыныстағы мал-мүлкі бар болған адамға «Бай» делінеді. Осы мөлшерде мал-мүлкі болмаған адамға «Кедей» делінеді. Алтын ақшаның, заттың және әйелдің әшекей бұйымдарының, тістің бетіндегі алтын қаптамалардың, әр түрлі сауда тауарларының салмағының қосындысы жиырма мисқал болса, ал күміс заттардың қосындысы екі жүз дирхам болса және осы уақыттан хижри бір жыл, яғни ислами жыл санақ бойынша бір жыл иелікте қалса, бұл жағдайда салмақтарының қырықтан бірін ажыратып, Құран кәрімде білдірілген сегіз топтағы адамдардың біріне немесе бірнешесіне беріледі. Бұл «Зекет» деп аталады. Бір мисқал – жиырма карат. Бір шариғи карат – бес арпа, яғни жиырма төрт сантиграмм. Бір мисқал – төрт бүтін оннан сегіз [4,8] грамм болады. Жиырма мисқал – тоқсан алты [96] граммға тең болады. Тоқсан алты грамм алтыны бар болған адам бір ислами жылдан кейін екі жарым [2,5] грамм алтынды зекет ниетімен ажыратып, қалаған кезінде, қалаған кедейіне береді. Бір шариғи дирхам – он төрт шариғи карат болады. Яғни үш грамм үш жүз алпыс милиграмм [3,360 грамм] болып, күмістің нисабы алты жүз жетпіс екі грамм [672 грамм] немесе жиырма сегіз мәжидияға (Осман Империясында қолданылған күміс ақша) тең. Бір мәжидия – жүз шариғи карат немесе жиырма төрт грамм. 96 грамм алтын және 672 грамм күміс бірдей нисаб мөлшерін көрсеткендіктен, құны да бірдей деген сөз. Бұл жерден алтынның бірдей салмақтағы күмістен жеті есе құнды екені аңғарылуда. Түркияда қолданылатын бір лиралық алтындардың барлық түрі бір жарым мисқал, яғни отыз карат [7 грамм, 20 сантиграмм] болғандықтан, алтын нисабы [20/1,5=13,33] он үш дана алтын лира және бір лираның үштен бірі болады. Яғни осынша данасы бір лиралық алтын болуда. Урфи дирхам шариға дирхамнан кішірек болып, таза үш грамм еді. Себебі, урфи дирхам он алты урфи карат еді. Ал бір урфи карат төрт арпаға тең еді. [Ибни Абидин] Османдықтар соңғы замандарында қолданған бір карат – жиырма сантиграмм, бир дирхам – 3,207 грамм еді.

Сауда заттарының нисабы есептелгенде алған бағасымен, ақша ретінде қолданылатын таңбалы алтынға немесе күміске қарай құндары нисаб мөлшеріне жеткенде, бұл сауда заттарының зекеті алтын немесе күміс, яки сауда заттарынан беріледі. Қазір саудада қолданылып жүрген қағаз ақшалар – алтын ақша баламасы болған құжаттар. Қазіргі таңда күмістің алтынға қарағанда құны Ислам дініндегіден, яғни жетіден бірден әлдеқайда төмен болғандықтан, зекет есептерін тек алтынмен ғана бағалануы керек. [«Ибн Абидин» 1271, Бұлақ баспасы, 4 том, 28 және 182 беттер.]

Алашағы бар болған бір адамның, қолында құжаттары бар болса, зекетін беруі қажет. Бірақ, құжаттың қырықтан бірін бере алмайды. Өйткені құжаттар «дәйн» болған, яғни қолда болмаған мүлікті көрсетеді. Дәйн болған мүліктің зекетін беру керек. Бірақ зекет «айн» болып беріледі. Дәйн болған мүлік берілмейді. Яғни қолында бар болған мал-мүліктен беріледі. Кедейге мүлікті тапсырып беру керек. Құжат – айн болған мүлік емес, тек бір қағаз парағы. Құжатта жазылып тұрғаны алтын болса, алтын беруі, күміс болса, күміс беруі қажет.

Қағаз ақшалар да айн болған мүлік емес. Дәйн болған мүлікті көрсетуде. Ол үкіметтер бекіткен бір дәйн құжаты және алтынның баламасы. Күмістің баламасы емес. Қолында он мың теңгелік қағаз ақшасы бар болған кісі мұның баламасы болған алтынды банкке немесе алтын зергеріне қарызға берген адам деген сөз. Қолындағы қағаз ақша – сол алтынның құжаты деген сөз. Олай болса, бұл кісінің сол алтындардың зекетін айн қылып беруі, әрі алтын күйінде беруі керек. Шынында, фулустың, яғни мыс ақшаның зекеті құнынан беріледі. Фулус ретінде берілмейді. Бір мүліктің құны – нарық бойынша баламасы болған алтын ақша мөлшері деген сөз. Сондықтан, қырық мың қағаз ақшасы бар болған адам газетте жазылған алтын бағаларынан бағасы ең төмен болған алтын бойынша нисабын есептейді. Бағасы ең төмен болған Хамид алтыны болса және бір Хамид алтынның құны бір мың бес жүз қағаз ақша болса, сол күннің қағаз ақшаның зекет нисабы: 13,3х1500=19950 ақша болып, қырық мың ақшаның зекетін алтын күйінде беру қажет болады. Мұның зекеті мың ақша. Кедейге мың қағаз ақшаның баламасы болған бір жарым алтын ақша мен бір ширек алтын немесе бір алтынның үштен екісіндей, яғни шамамен бес грамм салмағында бір алтынның бөлшегін, мәселен білезік немесе жүзік береді.

Бұрынғы Ливия үкіметі Әуқаф (Қорлар) басшылығындағы ілім алқасы тарапынан шығарылған айлық «Хәди-ул-ислами» журналының 1393 [м.1973] жылғы Рамазан айындағы санында, шәйх Милад Жәласи қолтаңбасымен былай делінеді: «Әурақ-и малийаның, яғни қағаз ақшалардың да зекетін беру керек. Қағаз ақшалардың нисабы зекет беретін адамның тұрғылықты жеріндегі үкімет шығарған алтын ақша баламасындағы құндарымен алтын ретінде есептеледі. Күміспен есептелмейді. Қағаз ақшалардың нисабы тек алтын ақшамен ғана есептеледі. Өйткені қағаз ақшалар алтынның баламасы ретінде бағаланады.» Мысырдағы Ислам ғалымдарынан шәйх Абдуррахман Жәзиридің бысшылығындағы бір алқаның төрт мазһаб бойынша жазған«Китабул-фиқһ аләл-мәзаһибил әрбә’а» кітабы бес томнан құралып, 1392 [м.1972] жылы басылып бітірілген. Хақиқат Китапүйі тарапынан Стамбұлда қайта басылған. Қағаз ақшалардың алтын баламасы болған қарыз құжаты екендігі осы кітапта да ұзақ жазылған.

Қысқасы, үкімет шығарған алтын ақшалардан нарықтағы құнынан ең төмен болғанынан он үш алтын немесе үштен бір алтын баламасы шамасында немесе одан да көп қағаз ақшасы бар болған адамның бір араби жылдан кейін, осы қағаз ақшаның қырықтан бірі құнындағы алтынды зекет ретінде беруі керек. [Бұл қағаз ақшалардың алтын баламасы ретіндегі мөлшері биржаға байланысты болып, уақытқа қарай өзгеруде.] Өйткені, зекет – кедейлердің алдындағы қарыз. Қарыздардың барлық түрі зекет мүлкінен беріледі. Зекет қарызы айн болған мүліктің өзін кедейге берумен, яғни кедейдің немесе оның өкілінің қолына тапсыру арқылы өтеледі. Қағаз ақшамен беруге болмайды, қабыл болмайды. Алдыңғы қағазбен берілген зекеттерді алтынмен дәуір жасау тәсілімен қазасын өтеу керек. Мүлкінің құрамында күмісі де бар болған адам, кедейлерге пайдалы болу үшін, нисабты күміспен есептей алса да, бұл жағдайда қағаз ақшаның зекетін де күміс қылып беруі қажет болады, осыншама күміс ақша бар болса да, кедейлерге жарамайды. Бір адам жолдасына айту арқылы немесе алыстағы адамға хат жазу немесе біреу арқылы хабар жіберу арқылы «Мен үшін пәленше алтын зекет бер. Мен саған кейін қайтарамын» десе, әлгі адам да алтындарды кедейлерге берсе, жаиз болады. Бір адамға он мың қағаз ақша беріліп немесе жіберіліп, «Бұл менің зекетім. Мұны Ислам дініне сай пәленше қайырымдылық қорына бер!» деген бұйрық алған адам сол күнгі нарық бойынша, құны ең төмен болған алтын ақшаны сұрастырып біледі. Құны ең төмен болған алтын ақша, мысалы Хамид алтыны болса және мұның сол күнгі бағасы 1500 қағаз ақша болса, он мың ақшаның баламасы 6,6 дана Хамид алтын ақшасы болады. Ол адам жеті дана кез келген жыныстағы алтын ақшаны немесе осылардың салмағындай қырық жеті жарым грамм немесе одан көп жүзік, білезік сияқты алтындарды мекемеден немесе зергерден сатып алады. Бұларды осы істерді білетін, сенімді бір кедей кісіге береді. Кедей осы алтындарды қабылдап алғаннан кейін бұл адамға сыйлық ретінде береді. Осылайша зекет алтын күйінде берілген болады. Бұл адам кейін сол алтындарды бұйырылған қайырымдылық қорына береді. Ханафи мазһабындағы үлкен ғалымдардан Ибн Нужәйм Зәйнул Абидин Мысри «Әшбах» кітабының соңғы бөлімінде былай дейді: «Қолындағы мал-мүліктің зекетін бөлек бермей, кедейдегі алашағын зекетінің өтемі қылуды қалаған адам кедейге зекетін [алтынмен] беріп, кейін қарызы ретінде мұны кері алады. Себебі, айн болған мүліктің зекеті дәйн болған мүліктен берілмейді. Осы сияқты, бір кедейдегі алашақ немесе мұның бір бөлігі басқадағы алашақтың зекеті болмайды. Бір бай бір кедейдегі алашағын оған беретін зекеттің орнына санай алмайды. Яғни кедей қарызын өтеген болмайды және бай бұл кедейге соншама зекет берген болып саналмайды. Байдың осыншама зекетті кедейге тапсыруы, кедейдің сол алған зекетін кері қайтарып қарызын өтеуі қажет. Кедей алған зекетін кері қайтармаса, бай одан күштеп алады. Күштеп ала алмаса, сот арқылы алады. Немесе қарыздар адам зекетін алу және мұны қарыз болған кісіге беріп қарызын өтеу үшін, бай көрсеткен бір адамды өкіл қылады. Өкіл зекетті алған кезде кедейдің мүлкі болады. Ол арқылы кедейдің байдың алдындағы қарызын өтейді. Кедейдің басқа біреуге де қарызы бар болса, бай берген зекетпен оның қарызының өтелуінен қорқса, кедей алған зекетін байға сыйлап кері қайтарады. Бай сыйлықты алған кезде алашағын қарыздарына халал етеді, кешіп жібереді.» «Фәтауа-и Хиндийа» кітабының алтыншы, яғни соңғы томында да осылар жазылған. Немесе «Кедей басқа біреуден байдың алдындағы қарызы мөлшерінде алтынды қарызға алып, мұны байға сыйлайды. Бай мұны зекеті ниетімен кедейге қайтарып береді. Кейін алашағын кедейге халал етеді.» Қағаз ақшасының зекетін ақшалай таратуды қалаған бай адам да осылай жасайды. Бұл үшін бір танысынан тарататын қағаз ақшаларының құнындай алтынды қарызға алып, бұларды жақсы танитын және сенімді болған бір кедейге зекет ниетімен береді. Кедей қабыл алғаннан кейін байға сыйлап кері қайтарады. Кейін бай тарататын қағаз ақшасының бір бөлігін осы кедейге сыйлайды. Қалғанын қалаған қайырымдылығына жаратады. Ислам дініне мойынсұнуда кедергі, бүлік бар болған кезде осы міндетті атқару үшін оңай болған бір шара іздеуге «Хилә-и шәрийа» делінеді. Ислам дініне мойынсұна алу үшін Хилә-и шәрийа жасау керек екендігі «Хадиқа» және «Хиндийа»кітаптарында жазылған. Ислам дініне сай болуы үшін зекетті алтын ретінде беру және кедейлерге жеңілдік болуы үшін қағаз ақша ретінде тарата алу ниетімен жоғарыда білдірілген хилә-и шәрийаны жасау қажет. Бірақ, кедейден немесе өкілінен алтындарды кері алғаннан кейін зекет берілді деп кедейлерге, Ислам дініне қызмет ететін жерлерге қағаз ақша бермеу, осылайша Ислам дініне мойынсұнудан қашу үшін хилә-и шәрийа жасау харам, үлкен күнә болып табылады. Мұсылмандарға осындай харам болған хилә-и шәрийаны, яғни «Хилә-и батила» жасауды үйрететін фиқһ кітаптарын оқымау керек. Өз көзқарасын діни үкім ретінде айтатын, мұсылмандарды мазһабсыз қылатын надан дін адамына «Муфти-йи мажин» делінеді. Муфти-йи мажинді соттың айыптауы, жазалауы керек болады. Саудамен айналысатын адам зекетін алтынмен де, сауда мүлкінен де бере алады. 292-ші және одан кейінгі беттерге қараңыз!