Әһли хикмет ғұламалар былай деген:
Қандай шаралар қолданылса да, адам сонда да әлсіз. Ақша, жора-жолдас, жұбай, мансап, абырой немесе мал-мүлік бар болса да, Аллаһтан басқа нәрсеге сүйенген адамға, пәлекет ретінде сол нәрселер жетеді. Өйткені денсаулықты беретін, тамақ жегізетін, тойдыратын, сөйлететін құдірет және қуат иесі – Аллаһу та'ала, әрбір түйір әр сәтте Оған мұқтаж. Кім Аллаһ үшін болса, Аллаһ та ол үшін болады. Аллаһу та'аланың разылығына қауышу жәннат ниғметтерінен де құндырақ. Оның разылығынан ұзақ қалу тозақ азабынан да үлкен азап.
Пайғамбарлардан кейін ең үстем адам болған хазреті Әбу Бәкірден «Бұл дәрежеге қалай қауыштыңыз?» деп сұралғанда былай жауап берген:
«Үш ерекшелігім бар: 1) Әрдайым дүниелікті емес, ахиретімді таңдадым. Бір жағдай туындағанда алдымен ахирет тарапына қарадым. Ахиретке зияны тимейтін іс болса ғана істедім. 2) Ахиретімді Раббыма ауыстырдым. Яғни жәннат үшін, тозақ үшін емес, тек Аллаһ үшін ғана ғибадат жасадым. 3) Басыма келген әрбір істе Аллаһтың разылығын бәрінен үстем деп санадым. "Әуелі Раббымыздың разылығы, кейін қалғандары келеді" дедім. Раббымыздың разы болмаған жерінде мен жоқ болдым. Аллаһу та'ала сүйіктісін (пайғамбарымызды) қатты жақсы көрді. Мен де оны мал-мүлкімнен де, өз жанымнан да қатты жақсы көрдім. Қандай жетістіктерге жетсем де, бәрі осының арқасында болды.»
Руқаййа анамыз қайтыс болғанда хазреті Осман пайғамбарымыздың екінші қызы Үмму Гүлсім анамызға үйленген еді. Бірақ ол да қайтыс болғанда, пайғамбарымыз хазреті Османның ұлылығын көрсету үшін: «Екі қызымды онымен үйлендірдім. Тағы бір қызым бар болғанда, оны да Османға берер едім» - деді.
Бір күні пайғамбарымыз хазреті Әлиге бір мәселеге қатысты ренжіген еді. Сахабалардың ең үлкендері келіп, оны кешіруін сұрады, бірақ Расулуллаһ ешбірін қабылдамады. Хазреті Осман келіп хазреті Әлиді кешіруін сұрағанында оның шапағатын бірден қабылдады. Асхаби кирам мұның хикметін сұрағанда Расулуллаһ (саллаллаһу алейһи уәсәлләм): «Ол сондай адам, "Йа, Раббым, жер мен көктің орындарын ауыстыр" немесе "Бұл үмбеттің бәрінің күнәларын кешір" десе, Аллаһу та'ала оның дұғасын қабыл етеді. Осындай адамның өтінішін қалай қабылдамаймын?» - деді.
Міне осындай қасиетті адам болған хазреті Осман «Сіз бұл дәрежеге қалай жеттіңіз?» деген сұраққа былай жауап берген:
«Раббым жасырын-ашық барлық нәрсемді біледі. Мен Құран кәрімді оң жағыма, Расулуллаһтың сүннетін сол жағыма алдым, яғни үкімдеріне мойынсұндым. Қандай дәрежеге жеткен болсам да, осының арқасында болды.»
Сайтымыздағы мәліметтер бүкіл адамзаттың пайдалануы үшін дайындалған.
Түп нұсқасын өзгертпеу шартымен рұқсат алмай-ақ, әркім қалағанынша пайдалана алады. www.islamdini.kz ® 2008-2024