ТІСКЕ ПЛОМБА ЖӘНЕ ҚАПТАМА САЛУ

197 – Қимылдап тұрған тісті алтын сыммен байлау имам Мұхаммедтің үкімі бойынша жаиз. Имам Ағзам болса, алтын сыммен байлаудың жаиз еместігіне ижтиһад еткен. Имам Әбу Юсуф бір риуаятта Имам Мұхаммедтің үкіміне қосылған, ғалым қимылдап тұрған тісті алтынмен байлауға рұқсат берген. Асхаби кирамнан Арфәжә бин Садаға “радиаллаһу та’ала анһ” алтын мұрын тағуға пайғамбарымыздың берген рұқсатын Имам Ағзам тек Арфәжәға қатысты екенін айтқан. Шынында, Зубайрға және Абдуррахманға “радиаллаһу та’ала анһума” жібек киюге рұқсат берілген және бұл рұқсат тек оларға ғана қатысты деген. Бірақ пәтуа имам Мұхаммедтің қаулысына сай берілген.

Қимылдап тұрған тістерді байлап тұратын алтын сымдарды және протез деп аталатын алып-салмалы тістерді ғұсыл аларда шығаруға мүмкіндік бар. Имамдардың үкімдерінің өзгеше болуы байлап тұратын сымның алтын болуына байланысты. Әйтпесе ғұсыл мәселесінде бүкіл имамдарымыздың сөз бірлігі бар. Яғни алтын, күміс және басқа да пломбалардың астына су өтпесе, Ханафи мазһабында ғұсыл сахих болмайды. Яғни адам жүніптіктен құтылмайды. Өйткені Ханафи мазһабының ғалымдары: «Ауыздың іші, басқа теріміз сияқты, дененің сыртынан саналады. Терінің барлық жерін жуу парыз болғанындай, ауыз ішін де, тістерді де және тістің шұңқырларын да жуу парыз» деді. Осы себептен, тырнақтарында лак жағылғандардың, тістеріне пломба және қаптама (коронка) салдырғандардың ғұсылы сахих болмайды. Ғұсылы сахих болмағандардың дәреттері де, намаздары да сахих (дұрыс) болмайды. «Мәжмуа-и жәдидә» атты пәтуа кітабының 1329 [м.1911] жылғы 2-ші басылымында Хасан Хайруллаһ мырзаның “рахиме-һуллаһу та’ала” «Пломбаның ғұсылға зияны жоқ» деген пәтуасы жазылған. Кейбір адамдар осы пәтуаға сүйеніп, тісіне пломба және қаптама салдырғандардың ғұсылы сахих болады деп айтуда. Алайда бұл пәтуа бұл кітаптың 1299 жылы жарық көрген бірінші басылымында жоқ. Төңкерісші революционерлер билеген заманындағы надандар, дінін сатқандар бұл өтірік пәтуаны ойдан шығарып, бұл кітапқа кейіннен енгізген. Себебі, Хайруллаһ мырза 1294 жылы шәйх-ул-исламдықтан айырылған болатын. Осындай ойдан шығарылған пәтуаларға алданбау керек. «Мисбахул-фәлах» кітабында былай делінеді: «Балауыз, сағыз, қатты қамыр сияқты бір нәрсе дененің бір жеріне жабысса немесе қандай да бір нәрсе тістің қуысын бітеп, жуынған кезде астына су өтпейтін болса, ғұсыл толық болмайды.» «Мәжмуа-и Зухдийа» кітабында былай делінеді: «Аз болса да, көп болса да, тістердің арасында қалған тамақтың үгіндісі қатты қамыр сияқты болып, астына су өткізбейтін болса, ғұсылға тосқауыл болады.«Халеби» кітабында да осылай жазылған.» «Ибн Абидин» “рахиме-һуллаһу та’ала” былай деді: «Тістердің арасында немесе шұңқырында қалған тамақтар қатайып, астына су өткізбесе, ғұсыл жаиз болмайды.» Аңғарылып тұрғанындай, Ханафи мазһабында ғұсылдың сахих болуы үшін тістерге және тіс шұңқырларына судың тиюі қажет.

Адамды бір нәрсені істеуге мәжбүрлейтін сәмәуи себепке, яғни адамның еркінде болмаған себепке «Зәрулік» (зарурат) делінеді. Ислам діні әмір етуі, тыйым салуы, қатты ауыру, бір мүшеге немесе өмірге қауіп төнуі, басқа ештеңе істей алмау мәжбүрлігі сияқты себептердің бәрі зәрулікке жатады. Бір парызды орындаудың немесе бір харамнан сақтанудың мүмкін емес немесе машақатты, қиын болуына «Хараж»(қиыншылық) делінеді. Аллаһу та'аланың әмірлері мен тыйымдарына«Ахками исламийа» (Ислам үкімдері) делінеді. Ахками исламийадан бір үкім орындалатын кезде, яғни бір әмір орындаларда немесе бір тыйымнан сақтанарда өз мазһабының ғалымдарының мәшһүр болған, таңдалған сөздеріне бағыну керек. Бұл сөздерге бағынуда хараж пайда болса, таңдалмаған, заиф (әлсіз) сөздеріне бағыну керек. Бұған бағынуда да хараж бар болса, бұл үкім хараж болмаған басқа мазһабтың тақлид ету (үкімінен пайдалану) арқылы орындалады. Басқа мазһабты тақлид етуде де хараж бар болса, харажға себеп болған нәрсенің пайда болуында зәруліктің бар-жоғына қаралады. Зәрулік те бар болса, сол парызды тәрк ету немесе харамды зәрулік мөлшерінде істеу жаиз болады. Зәрулік жоқ болса немесе зәрулікпен бірнеше амал жасау мүмкін болса және бұлардың арасынан бірін таңдауға мүмкіндік болып, хараж болғаны таңдалса, парызды тәрк ету немесе харамды істеу жаиз болмайды. Харажға себеп болған нәрсені істемеу керек болады.

Қаптамасы, пломбасы бар болған тістің астына су өткізудің хараж (машақат) екендігі белгілі. Бұл хараждан құтылу үшін Ханафи мазһабында екінші жол да жоқ. Осы себептен, Малики немесе Шафии мазһабтарының бірін тақлид етуге қажеттілік туындайды. Өйткені, ғұсыл алғанда бұл екі мазһабта ауыздың ішін жуу парыз емес, сүннет. Тақлид ету мүмкін болғандықтан, зәруліктің бар-жоғын іздестіруге қажеттілік жоқ. Малики немесе Шафии мазһабтарының бірін тақлид ету мүмкін болмағанда еді, зәруліктің бар-жоғы сол кезде іздестірілетін еді. Сондықтан, пломба немесе қаптама жасатпақшы болғандар «Мазһабтар – Аллаһу та’аланың мейірімі» деген хадис шәрифке сүйеніп, Малики немесе Шафии мазһабтарының бірін тақлит етуі қажет болады. Басқа мазһабты тақлид етуге себеп болатын бір үзірі болмаған барлық ханафилердің, басқа мазһабтарда парыз болғандарды орындауы және муфсид болғандарынан сақтануы мүстаһаб екендігі Ибн Абидинде және Имам Раббанидың 286-шы мәктубында жазылған. Үзірі болмағандардың да басқа мазһабтарды тақлид етуі мүстаһаб болса, үзірі бар болған адамның тақлид етуіне қарсы шығу дұрыс болмайды. Малики немесе Шафии мазһабтарын тақлид ету үшін ғұсыл алғанда, дәрет алғанда және намазға тұрғанда немесе ұмытқан жағдайда намаздан кейін, ниеттің парыз екенін біліп, «Малики немесе Шафии мазһабтарын тақлид етіп жатырмын» деп жүрегімен ниет етіледі. Бұл мазһабтарды тақлид еткен адамның ғұсылы, дәреті және намазы осы мазһабтар бойынша сахих болуы керек. Шафииде терісі махрем болған он сегіз әйелден басқа бір әйелдің терісіне тиген жағдайда және алақаны өзінің қопал әурет мүшесіне тиген жағдайда қайтадан намазға дәрет алуы керек. Имамның артында Фатиханы оқуы, Фатиха мен зәм сүреден бұрын Бисмиллаһті оқуы керек. Үстінде, денесінде, аяқтары мен басын қойған жерде, өте аз болса да, нәжістің болмауы керек.

Бұл қатарларды қаптама мен пломбасы бар болған ханафилердің ғұсылдары сахих болуы үшін жазып жатырмыз. Оларға оңай жолын көрсетпекшіміз. "Қаптамасы (коронкасы) немесе пломбасы бар болған имамға ұйымаңдар" деп те айтпаймыз. Зәрулік туындағанда немесе зәруліксіз жасалған бір себепке байланысты өз мазһабы бойынша орындалуында хараж (қиындық) бар болған бір ғибадатты басқа мазһабты тақлид етіп орындау керек екендігі «Ибн Абидин»-де, Тахтауидің«Мәрақил-фәлах» шәрһінде, түрікше «Нимети ислам» кітабында, молда Халил Әсирдинің “рахимә-һуллаһу та’ала” «Ма'фууат» кітабында жазылған. «Ибн Абидин» “рахимә-һуллаһу та’ала” рижи талақты түсіндіріп жатқанда былай деген: «Ханафи ғалымдары "Хараж болған кезде Малики мазһабы тақлид етіледі" деген. Бір амалдың қалай орындалатындығы Ханафиде білдірілмеген болса, бұл амал Малики мазһабын тақлид ету арқылы орындалады. Өйткені, Малики мазһабы Ханафиға жақынырақ.» Имамдықты түсіндірген жерінде: «Басқа мазһабтағы имамға ұюдың сахих болуы үшін имамның ұйыған адамның мазһабының парыздарын да орындауы және ұйыған адамның мұны білуі керек. Басым болған қаулы – осы. Имам бұл парыздарды тәрк етсе, оған ұю сахих болмайды. Өз мазһабындағы жамағат бар кезде басқа мазһабтағы имамға ұю мәкрух болады. Жоқ болса, жалғыз оқудан абзал болады. Кейбір ғалымдардың “рахимә-һуллаһу та’ала” айтуынша, имамның өз мазһабы бойынша намазы сахих болса, басқа мазһабтағы адамның оған ұюы сахих болады» деген. Тахтауидің «Мәрақил-фәлах» хашиясында да осылай жазылған. Қаптамасы немесе пломбасы жоқ болған ханафидың қаптамасы мен пломбасы бар болған имамға ұюының сахих болуы немесе сахих болмауына қатысты екі қаулы бар: Бірінші қаулы бойынша сахих болмайды. Екінші қаулы бойынша, имам салих болса және Малики немесе Шафии мазһабтарының бірін тақлид ететін болса, оған ұю сахих болады. Тақлид етпейтіндігі мәлім болмағанша қаптамасы, пломбасы болмаған ханафилар да осы имамға ұю керек. Одан тақлид етуі жайында сұрау, іздестіру жаиз емес. Ханафи имамның қаптама немесе пломбасы болмаса да, Малики немесе Шафии мазһабтарына ұюының мүстаһаб екендігі«Дуррул-мухтар» және «Мәрақил-фәлах» кітаптарында жазылған. Хараж болған кезде заиф (әлсіз) болған қаулымен амал етудің абзал екендігі«Хадиқа»-да, фитна бабында жазылған. Мазһабтарға мән бермейтін, төрт мазһабтың бірімен жүрмейтін адамның «Бидғатшы» адасушы немесе мүртәд [Аллаһқа дұшпан] болатындығы аңғарылады. Намаздары сахих болмайды. Оған ұю да сахих болмайды.

Уағызшылардың бірі қаптама тіске қатысты зерттеулер жүргізгендігін айтып, нәтижесінде шыққан дәлелдерді былай реттеген:

1) «Ғұсыл алатын адамның аузындағы тістер қапталған немесе пломбаланған болса, үкім мұның үстіне өтеді. Үстін жуу арқылы ғұсыл толық болады. Жара және таңғыштың үстіне мәсіһ ету жаиз болып, үкім бұлардың үстіне ауысуда, яғни тек үстінің мәсіһ етілуінің жеткілікті болуына ұқсайды. Жараның үстіндегі таңғышты шешіп, астын жууға мәжбүрлік болмағаны сияқты» дейді.

Бұл жазба, бұл үкім толығымен қате. Ғылыми үкім емес, ойдан шығарылған пікір. Мұның дұрысы фиқһ кітаптарында, мәселен, Ибн Абидинде былай көрсетілген: «Сүйек сынған, шығып кеткен, жара, ісік, ауру бар болған жерді немесе бұлардың үстіне жағылған дәріні немесе үстіне оралған таңғышты шешіп, астындағы теріні жуу парыз. Суық сумен жуу зиянды болса, жылы сумен жуылады. Бұл да зиянды болса, жараның үстіне мәсіһ тартылады. Жан-жағындағы сау теріні жуады. Айналасын жуу жараны асқындыратын болса, айналасына да мәсіһ тартылады. Бұл да зиянын тигізсе, тек осы жағдайда ғана таңғыштың үстіне мәсіһ тарту жаиз болады. Яғни, тек осы кезде ғана үкім таңғыштың үстіне өтеді. Үкім таңғыштың үстіне ауысқаннан кейін, таңғыштың үстіне мәсіһ етіледі. Сау терінің үстіндегі таңғышқа және арасындағы ашық қалған сау терінің көбінің үстіне мәсіһ тартылады. Бұл әрекет дәретке де, ғұсылға да бірдей. Таңғышты шешу, алып тастау, жара жазылғаннан кейін де, жараға немесе айналасына зиянды болса, яғни жараның қанауына, ағуына, жараның үлкеюіне немесе шыдай алмайтындай қатты ауруына себеп болса, яки қайтадан байлай алмаса немесе байлайтын ешкім табылмайтын болса, таңғышты шешпейді. Үстіне мәсіһ тартады. Аяқтағы жарықтарға жағылған май [және жараның үстіне жабыстырылған пластырь, коллодий сияқты нәрселер және жараның үстінде пайда болған қабық] та таңғыш сияқты. Мәсіһ тарту да зиянды болса, тәрк етіледі. Таңғыш, май жара жазылғаннан кейін түссе, үстіне тартылған мәсіһ сахих (дұрыс) болмайды. Жараның үстін жуу қажет болады.»

Аңғарылып тұрғанындай, тістегі пломбаның, қаптаманың үстін жуу таңғыштың үстін жууға мүлдем ұқсамайды. Өйткені, таңғыш және осыған ұқсас нәрселер жараның үстіне қажеттілікпен қойылған және басқа да мазһабты тақлид ету мүмкін болмағандықтан, зәрулік күйіне енген. Ал ауырған тісті жұлуды, протез жасатуды адамның өзі қаламады, пломба немесе қаптама жасатуды қалаған, басқа мазһабты тақлид ету мүмкін болғандықтан, пломба немесе қаптама жасатуында зәрулік болмады. Зәрулік болмаған нәрсені зәрулік болған нәрсеге ұқсату дұрыс емес.

2) «Даретте бетті жуу парыз болса да, сақалы қалын болған адамның сақалының үстін жууы жеткілікті болғаны және сақалдың түбін жууға қажеттілік болмағаны сияқты, қапталған тістің астын жууға да қажеттілік жоқ» екен.

Бұл сөзі де фиқһ кітаптарының баяндамаларын қате түсінгенін көрсетіп тұр. Қараңыз «Мәжма'ул-әнһур» кітабында не жазылған: «Сахих болған риуаят бойынша, дәретте сақалдын үстін жуу парыз. Өйткені, бетті жуу әмір етілді. Сақалы қалын болған адамда беттің терісі бет болудан шыққан. Бет – қарсы алдындағы адам қарағанда адамның жүзінен көрінген жер деген сөз. Сақалы қалың болған адамның терісі емес, осы терінің үстіндегі сақал көрінеді. Сондықтан, дәрет алғанда терінің үстін емес, сақалдың үстін жуу парыз.» «Дурр-ул-мүнтәқа» кітабында былай делінеді: «Имам Ағзамнан келген айқын риуаят бойынша, жүздің маңындағы қалың сақалдың үстін жуу парыз. Пәтуа да осындай. Жақтағы ұзын сақалды жуу және мәсіһ ету парыз емес. Бетті үш рет жуғаннан кейін саусақтарды төменнен жоғарыға қарай кіргізіп, ұзын сақалды тарамдау сүннет. Сирек сақалдың астындағы көрініп тұрған теріні жуу парыз.» Жоғарыдағы сөз иесінің қате салыстырмасы бойынша, дәрет алғанда қалың сақалдың тек үстін жуу жеткілікті болғандықтан, ғұсылда да сақалдың тек үстін жуу жеткілікті болып, сақалдың түптерін және қалың сақалдың астындағы теріні жуу қажет емес екен. Алайда, ақиқат мұндай емес. Ғұсылда қалың сақалдың да астындағы терінің жуылуының парыз екендігі фиқһ кітаптарында ашық жазылған. Мәселен, «Мәрақ-ил фәлах» кітабында және мұның түрікше аудармасы болған «Нимети Ислам» кітабында ғұсыл тақырыбында былай делінеді: «Сақалы қалың болса да, сақалдың арасын және астындағы теріні жуу парыз.» Ғұсылдағы сақал жуу дәреттегі сақалды жууға ұқсатылмағаннан кейін, ғұсылдағы тістерді жууды дәреттегі сақалды жууға қалайша ұқсатуға болады? Жоғарыдағы сөз, иесінің ғылымға сүйеніп емес, сезімге беріліп айтқанын көрсетеді. Осы адасқан пікіріне сүйеніп, ғұсылда сақалының астын жумаған болса, әрі өзінің, әрі оған сенген мұсылмандардың ғұсылдары мен намаздары сахих болмады.

3) «Тіс те денедегі бір мүшеге жатады. Бұл мүшенің бұзылмауы үшін, зәрулікке байланысты, тіске пломба салу және қаптату жаиз» деген екен. Басқалар шіріген тіске пломба және қаптама салу жаиз емес деп жатқандай осылай айтуда. Иә, біз де шіріген тіске пломба және қаптама салу жаиз деп жатырмыз. Бірақ, Ханафи ғалымдарының фиқһ кітаптарында жазылған мәліметтерге бағыну да керек екендігін және мұның оңай жолын кітаптардан тауып айқындап жатырмыз.

4) «Имам Мұхаммедтің үкімі бойынша, қимылдап тұрған тісті алтын сыммен байлату, түскен және жұлынған тістердің орнына алтын тіс тағу жаиз. Фәтуа да осындай. Тістерді алтынмен қаптау тұрғысында имам Мұхаммедтің ижтиһадымен амал етуге болады» деген екен.

Дәлел деп айтылған бұл сөз, ақиқатында, бұл кісіге сенуге болмайтындығының дәлелі. Сөз иесіне сұрақ: Имам Мұхаммедтің “рахимә-һуллаһу та’ала” «Түскен және жұлынған тістің орнына алтын тіс тағу жаиз» деп айтқанын қай кітаптан оқыды? Әрине ешбір кітаптан оқымады! Имам Мухаммед “рахимә-һуллаһу та’ала” қимылдап тұрған немесе түсіп, қайта орнына қойылған тісті алтын сыммен қасындағы тіске байлау жаиз болады деген. «Татарханийа» пәтуасында тісі түскен адам имам Мұхаммедтің үкімі бойынша алтыннан жасалған тіс қояды деуі, имам Мұхаммедтің алтын сыммен байлау жаиз болады дегені үшін айтылған. Бұл фәтуада айтылғандар алтын тіс қаптама немесе пломба емес. Сыммен жанындағы тістерге байланады. Жұлынған тістің орнына алтын немесе басқа заттан жасалып қойылған протез деп аталатын жасанды алмалы тіс сияқты, ғұсылда алып тастауға мүмкіндік бар. Астына су тиетіндіктен, шығарудың да қажеті жоқ. Осындай үлкен имамның айтпаған сөзін айтты деп айту дін адамына жарасады ма? Айтылмаған бір сөзге еріп, амал етуге болады деу әбестік болмайды ма?

5) «Қаптама мен пломбасы бар болғандардың дәретте және ғұсылда Малики немесе Шафии мазһабтарының бірін тақлид етуіне қажеттілік жоқ. Себебі, имам Мұхаммедтің рұқсаты бар» деген.

Қаптама мен пломбасы бар болғандардың Ханафи мазһабында ғұсылы сахих болмағандықтан, дәрет пен ғұсылда «Малики немесе Шафии мазһабтарының бірін тақлид етуге ниет етуі» қажет деп жатырмыз. Өйткені, Ханафи мазһабының ғалымдары «Зәрулік болса да, болмаса да, парызға бөгет болған нәрсені жасаған адам басқа мазһабқа еріп,  бұл парызды тәрк ете алады» деген. Бұл фәтуаның таңдаулы екендігі Ибн Абидинде, намаз уақыттарының соңында жазылған. Осыған сай, көптеген істердің жасалуына рұқсат берілген. Бұл фәтуа Ханафи мазһабын ұстанушылардың тіске қаптама және пломба салдыруына рұқсат беруде. Имам Мұхаммед “рахимә-һуллаһу та’ала” тістеріне қаптама салғандардың ғұсылы сахих болады деп айтпаған. Қимылдап тұрған тістерді күміс сыммен байлау жаиз болғанындай, алтын сыммен байлау да жаиз болады деген. Себебі, байланған тісті ауызды жуғанда шығарып алуға болады. Астына су өтетіндіктен, шығарып алуға да қажеттілік жоқ. «Имам Мұхаммед қаптама тісі бар болған адамның ғұсылы жаиз болады деген» деп айту бұл ұлы имамға жала жабу және мұсылмандарды алдау болып саналады.

6) Қаптама және пломбасы бар болғандар ғұсыл алғанда «Малики немесе Шафии мазһабын тақлид етемін» деп ниет етудің қажет емес екендігін дәлелдеу үшін пайғамбарымыздың (саллаллаһу алейһи уәсәлләм): «Жеңілдетіңдер, қиындатпаңдар!» деген хадис шәрифті негізге алу қайран қылатын әрекет. Бұл хадис шәриф «Жаиз болмаса да, ыңғайларыңа қарап, оңай болғанын істей беріңдер» деген мағынаны бермейді. «Бір мәселеге қатысты әр түрлі ижтиһадтар (үкімдер) бар болса немесе мубах болған бір амалды істеудің бірнеше жолдары білдірілген болса, бұлардың арасынан оңайын таңдаңдар» дегенді білдіреді. Яғни Ислам діні рұқсат берген жеңілдіктерді қолданыңдар деген сөз. Бұл хадис шәрифті Абдулғани Наблуси “рахимә-һуллаһу та’ала” «Хадиқа» кітабының екі жүз екінші (202) және екі жүз жетінші (207) беттерінде; Мұхаммед Хадими “рахимә-һуллаһу та’ала” «Бәриқа» кітабының жүз сексенінші [180] бетінде түсіндірген. Мұнафиқтар мен мазһабсыздар бұл хадис шәрифті негізге алып, Ислам дінінің сыртына шығуда, мұсылмандарды алдау үшін тұзақ ретінде қолдануда.

7) «Тіске пломба салу жайында Муса Казым мырза да пәтуа берген» деген сөзі дәлел бола алмайды. Фәтуаның фиқһ кітаптарынан алынған болуы және алынған кітаптағы негіз болған жазу фәтуаның астына жазылуы қажет. Мұса Казым бұлай жасамаған, өз ойымен, өз көзқарасымен көптеген қате фәтуалар берген. Конституция жариялағаннан кейін төңкерісші революционерлер тағайындаған надан, тіпті масон дін адамдары осындай қате фәтуалар беруден тартынбаған. Мұсылманның көзі ашық болуы, масондар мен мазһабсыздардың, мұнафықтар мен бидғатшылардың, арандатушылардың күлімдеген жүздері мен жылы сөздеріне алданбауы, олардың жазбаларына емес, «Әһли сүннет»ғалымдарының “рахимә-һумуллаһу та’ала” кітаптарына жүгінуі және осы кітаптарға жүгінген шынайы дін адамдарына мойынсұнуы қажет.

8) Имам Ахмет Раббани хазреттерінің «Мәктубат» кітабының үшінші том, жиырма екінші хатының соңында жазылған «Мұсылмандарға қысым жасау, оларды ренжіту – харам. Шафии ғалымдары өз мазһабтарында орындалуы қиын болған амалдарды Ханафи мазһабы бойынша орындалуына фәтуа берген, мұсылмандардың ісін жеңілдеткен» деген сөздері «Малики немесе Шафии мазһабтарының бірін тақлид еткізу мұсылмандарға қиындық тудыруда» деп айтушылардың сөзі рас екенін мәлімдеу былай тұрсын, бұл жазбаны мұқият оқыған адам тіске қаптама мен пломба салу үшін Малики немесе Шафии мазһабы бойынша ғұсыл алуға ниет етудің қажет екендігін және бұл әрекеттің мұсылмандар үшін жеңілдік екенін жақсы түсінеді. [«Сә'адәти Әбәдийа» кітабының 70-ші бетіне қараңыз!]

9) «Қаптама мен пломбасы бар болғандардың бұл мәселеде басқа мазһабқа өтулеріне фәтуа бергендер шығып жатқанын және осы тақырып аясында мәліметтер жариялап жатқандарын көріп жүрміз» деген сөздері де жаладан басқа нәрсе емес. Біз ешбір кітабымызда тісіне қаптама және пломба салдырғандардың Ханафи мазһабынан шығып, Малики немесе Шафии мазһабтарының біріне өтуі керек деп айтпадық. Олардың тек қана ғұсыл, дәрет және намазға ниет еткенде, яки ұмытқан жағдайда намаздан кейін есіне түскен кезде «Малики немесе Шафии мазһабтарының бірін тақлид етуге» ниет етулері қажет екенін жаздық. Ал бұл жағдай Ханафи мазһабынан шығып, Малики немесе Шафии мазһабтарына өту емес. Тіске қаптама немесе пломба салу Ханафи мазһабында ғұсылдың сахих болуына бөгет болады. Ал Малики немесе Шафии мазһабтарында бөгет болмайды. Ханафи мазһабын ұстанатын адамның тісіне қаптама немесе пломба салдырғанында ғұсылға, дәретке және намазға ниет етерде Малики немесе Шафии мазһабтарының бірі бойынша да ниет етуі қажет екендігін Имам Раббани хазретінің жоғарыдағы хаты көрсетуімен қатар, фиқһ кітаптарында да жазылған. Мысалы «Мәрақил фәлах» хашиясында, намаз уақыттары баяндалған жерде «Зәрулік болмаса да, басқа мазһабты тақлид етуге болады. Бірақ, сол мазһабтың шарттарын орындау керек. Себебі, хукми муләффақ (қалаған мазһабының ұнатқан жеңіл үкімдерін қолдану) сөз бірлігімен батыл (қате) болып табылады. Шафии мазһабын тақлид еткен адамның имамның артында Фатиха оқуы, махрем болмаған әйелдің терісіне тиген кезде қайта дәрет алуы және өте аз нәжістен де сақтануы қажет.» «Дуррул мухтар» кітабында намаз уақыттарының соңында былай делінеді: «Зәрулік болған кезде басқа мазһаб тақлид етіледі. Бірақ, сол мазһабтың шарттарын да орындау қажет. Мазһабтарды бір-бірімен араластырып жіберудің батыл (мүлдем дұрыс емес) екендігі ауызбірлігімен айтылған.» Ибн Абидин “рахимә-һуллаһу та’ала” мұны түсіндіріп жатып, «Зәрулік жоқ болса да, тіпті амалды орындағаннан кейін де тақлид етуге болады» деген. «Фәтауәл-хадисийа» кітабының 113-ші бетінде былай делінеді: «Имам Субкидың айтуынша, шариғи бір қажеттілікті кетіру үшін басқа мазһаб тақлид етіледі.» Абдулғани Наблуси “рахимә-һуллаһу та’ала” «Хуласатут-тахқиқ» кітабында былай дейді: «Шәйх Абдуррахман Имади “рахимә-һуллаһу та’ала” айтқан, Ханафи мазһабында болған адам зәрулік болған кезде басқа үш мазһабтың бірін тақлид ету арқылы бір парызды тәрк ете алады. Бірақ сол мазһабтың сол амалдағы шарттарына мойынсұнуы керек. Зәрулік болмаса да, тақлид етуі жаиз болады деген ғалымдар көп.»

Фиқһ ғалымдарының “рахимә-һумуллаһу та’ала” жоғарыдағы баяндамаларынан аңғарылып тұрғаны, зәрулікпен немесе зәруліксіз жасалған бір амал парыздың орындалуына кедергі болса немесе харам істеуге себеп болса және мұның алдын алуда хараж бар болса, адам өз мазһабындағы жеңілдіктерді пайдаланып, сол парызды орындайды. Мазһабтың жеңілдіктерімен де ол парыз орындала алмаса, сол амал парыз болмаған басқа бір мазһабқа бағынып, бұл ғибадат жасалады. Сол амал төрт мазһабта да парыз болса немесе басқа мазһабтың шарттарына мойынсұну мүмкін болмаса, ол амал зәрулікпен жасалған болса да, ғибадаттағы сол парызды орындау міндеті адамнан көтеріледі. Яғни орындалмауы жаиз болады. Бірақ, зәрулікпен жасалмаған болса немесе зәрулікпен, хараж болған және хараж болмаған бірнеше амал орындау мүмкін болып, адам осы амалдардың қалағанын істеуде таңдау еркіндігі болып, хараж болғанын орындаса, бұл жағдайда да басқа мазһабты тақлид етеді. Тақлид етуіне мүмкіндік болмаса, ол парыздың орындалу міндеті алынбайды. Хараж болмаған амалды орындап, сол ғибадатты толықтыруы керек болады. Зәрулік болмай, тек хараждың болуында да осылай. Харажға, яғни әурегершілікке, қиыншылыққа себеп болған амалды істемеу керек болады. Тіс шіри бастағанда қатты ауру тудырады. Бұған бөгет болу зәрулік болады. Сондықтан, қаптама, пломба салдыру немесе протез жасату қажет. Протез жасату денсаулық тұрғысынан жақсырақ. Қазіргі таңда американдықтар шіри бастаған тісті дереу жұлдырып, орнына протез немесе жартылай немесе бүтін таңдайлы тістер жасатады. Яғни жасанды тіс тағады. Жасанды тістерді ауызды жуғанда шығаруға болады. Астын жууға мүмкіндік бар. Осы тұрғыдан ғұсылдың сахих болуына тосқауыл болмайды. Қаптама, пломба, протез қойылатын орындарда қаптама мен пломба зәрулік болудан шығып, тек хараж қалады. Протез жасатуды қаламай, қаптама және пломба салдырғандар ғұсыл алғанда Малики немесе Шафии мазһабтарының бірін тақлид етуі қажет. Бұл екі мазһабты тақлид ету мүмкін болмағанда еді, қаптама және пломба салдырмастан, ауырған тісті жұлдырып, орнына протез жасатулары керек болатын еді.

Хараж, яғни қиындық туындаған кезде басқа мазһабты тақлид ету – мазһаб ауыстыру деген сөз емес. Басқа мазһабты тақлид еткен ханафи кісі Ханафи мазһабынан шыққан болып саналмайды. Мысалы, терісінен қан шыққанда да дәрет алады және үтір намазын уәжіп ретінде оқиды. Ғұсыл үшін тақлид етілгенде тек ғұсылда, дәретте және намазда Малики немесе Шафии мазһабтарының бірін тақлид етеді. Тақлид еткен мазһабының бір шартын, зәрулік болмаса да орындамаса, бұл ғибадаттары сахих болмайды. Екі мазһабты зәруліксіз араластырған адам «Тәлфиқ» еткен болады. Ондай адамның ғұсылы мен намазы екі мазһаб бойынша да сахих болмайды. Қайталап айтамыз, мазһабты тақлид ету жалғыз ниет етумен, сөзбен жүзеге аспайды. Екінші мазһабтың парыздарын, муфсидтерін үйрену және бұлардың барлығына мойынсұну шарт.

Тістерінде қаптама немесе пломба бар болу себебінен Малики немесе Шафии мазһабтарының бірін тақлид еткен адамның намаздары сол мазһабқа да сай болуы қажет болғандықтан, намаздың сол мазһабтағы парыздарын білу керек. Төмендегі жазбалар «Әл-фиқһу аләл-мәзаһиб-ул әрбәа» кітабынан аударылды: Намаз – Ислам дінінің негіздерінен ең маңыздысы. Аллаһу та’ала оған ғибадат және ниғметтеріне шүкір етуді қалағандарға намаз оқуды әмір етті. Күніне бес уақыт намаз оқуды парыз қылды. Хадис шәрифте: «Аллаһу та’ала құлдарына күніне бес рет намаз оқуды әмір етті. Бұл әмірді бірінші міндет деп біліп орындаған адамды жәннатқа кіргізетініне сөз берді» делінген. Намаздың қасиеттілігін, ұлылығын білдіретін және намаз оқуға шақыратын көп хадис шәрифтер бар. Бұл әмірге мән бермейтін және намаз оқуда жалқаулық көрсететін адамдарға өте ауыр азаптар берілетіндігі айтылған. Намаз оқу жүректі тазалайды. Күнәлардың кешірілуіне себепші болады. Бірақ, пендешілік міндеті екенін ойламай, құмарлықтарын, дүниелік пайдаларын көздеп оқылған намаздың, намаз шарттарына сай болып, сахих болса да, дүниеде де, ахиретте де пайдасы болмайды. Намаз оқығанда Аллаһу та’ланың ұлылығын, Оның әмірін орындап жатқанын ойлау керек. Тек осылай оқылған намаз ғана жүректі тазартады. Адамды жамандық жасаудан қорғайды. Аллаһу та’ала адамның жүрегіне қарайды. Сыртқы көрінісіне, әрекеттеріне қарамайды. Яғни таза ниетпен, Аллаһтан қорқып жасалған игіліктерді қабыл етеді. Намаз оқитын кезде әуелі ниетті түзету, содан кейін парыздарына, шарттарына сай және әурет болып саналатын жерлерді жауып оқу керек. Денесі рухымен бірге намаз оқу керек. Намаз оқып жатқанда Аллаһу та’ала көріп тұрғанын, оқығандарды естіп тұрғанын, ойлағандарды біліп тұрғанын ұмытпау керек. Осындай құлдан ешкімге зиян тимейді. Баршаға жақсылық жасап, отанына, ұлтына пайдалы болады.

Намаз – сөздікте жақсылық сұрау, біреудің жақсылығы үшін дұға ету деген мағынаны береді. Ислам дінінде намаз – әмір етілген әрекеттерді жасап, әмір етілген нәрселерді оқу деген сөз. Намаз «Ифтитах тәкбірі»-мен басталады. Сәлем берумен аяқталады.

Ханафи мазһабында төрт түрлі намаз бар: фарзи айн болған, фарзи кифая болған, уәжіп болған және нәпіл болған намаздар. Сүннеттердің барлығына нәпіл намаз делінеді.

198 – Шафии мазһабында намаздың шарттары екіге бөлінеді: Вужуб шарттары және сахих болу шарттары. Намаздың вужубының шарттары Шафииде алты, бұл алты шарт кімде бар болса, оның намаз оқуы керек. Бұлар: Мұсылман болу, намаздың әмір екенін есту, ақылы кірген және балиғатқа толған болу. Хайз бен нифастан таза болу, еститін және көзі көретін болу. Намаздың сахих болуы үшін Шафии мазһабында жеті шарт бар: Хадестен тахарат [яғни дәрет алу, ғұсыл алу], нәжістен тахарат [яғни дененің, киімнің және намаз оқылатын жердің таза болуы], сатри әурет [әурет жерді жабу], истиқбали қыбла, намаз уақытытың кіргенін білу, намаздың парыздарын, муфсидтерін [яғни намазды бұзатын нәрселерді] білу, әрі муфсидтерден сақтану.

Шафии мазһабында дәреттің алты парызы бар: Біріншісі: бетті жууды бастарда ниет ету. Қолды, ауызды, мұрынды жуып жатқанда жасалған ниет сахих болмайды. Екінші парыз: бетті жуу. Шафииде жақтың астын және ұзын сақалды жуу да парыз. Сирек болып, астындағы терісі көрініп тұрған сақалды тарамдап, түбіндегі теріні сулау да парыз. Қалың сақалды тарамдау сүннет. Үшінші парыз: қолды шынтақпен бірге жуу. Тырнақтың астындағы кірді тазалап, астындағы теріні сулау керек. Төртінші парыз: бастың, аз болса да, бір бөлігіне мәсіһ тарту. Қолмен мәсіһ тарту шарт емес. Бір бөлігіне су сепсе де жарайды. Ұзын шашты мәсіһ ету сахих болмайды. Бесінші парыз: аяқтарды Ханафидегідей жуу. Алтыншы парыз: тәртіп, жоғарыда аталған төрт мүшені ретін бұзбастан жуу. Реті бұзылса дәрет сахих болмайды. Тәртіп, яғни ретімен жуу Ханбали мазһабында да парыз. Ал Малики мен Ханафиде – сүннет.

Зәр, мәзи және уәдидің бірі шыққанда, төрт мазһабта да дәрет бұзылады. Некелесу мәңгі харам болған 18 адамнан басқа, тіпті кәрі еркек, кәрі әйел болса да, терілері бір-біріне тигенде, бірі өлген болса да, Шафииде екеуінің де дәреті бұзылады. Мәсіні ашық кезінде киіп, кейін бау немесе басқа бір нәрсемен жабу төрт мазһабта да жаиз. Жапқаннан кейін ешқандай тесіктің болмауы Шафииде шарт.

Шафииде ғұсылдың екі парызы бар: Біріншісі: ниет ету. Екіншісі: бүкіл денені жуу. Жууды енді бастағанда ниет ету қажет. Одан бұрын ниет етілсе, ғұсыл сахих болмайды. Әйелдің де өрілген шашын шешіп, арасын сулауы парыз. Сүндет терісінің астын жуу парыз болғандықтан, Шафииде сүндетке отыру уәжіп.

Шафииде өлексенің барлық мүшесі, сүйегі, терісі, қылдары, қанаты, жүні нәжіс. Ханафиде сүйегі, тырнағы, құстың тұмсығы, табаны, мүйізі, жүні таза. Шафииде иттің барлық жері нәжіс. Қанның барлық түрі және сары су, ірің – нәжіс. Түссіз су, тер таза. Ханафиде түссіз су, ауру себебімен ақса, нәжіс. Бөртпелерден шыққан су, ауру себебінен болмағандықтан, таза. Адамның және еті желінбейтін жануарлардың, тіпті сүт еметін сәбидің ластықтары, зәрі, құсығы барлық мазһабта нәжіс. Есек пен қашыр осындай. Ханафиде бұлардан құстың нәжістері жеңіл нәжіс. Шафииде еті желінетін жануарлардың ластықтары мен зәрі де нәжіс. Ал Ханафиде жеңіл болып, ауада қи тастайтын, еті желінетін құстардікі таза. Шафииде адамның және жануарлардың мәниі таза. Басқа үш мазһабта мәни, мәзи және уәди нәжіс болып табылады. Мәзи – ләззат алғанда бөлінетін түссіз сұйықтық. Уәди – зәр шығарғаннан кейін келетін ақ сұйықтық. Асқазаннан келмеген құсықтар екі мазһабта да таза. Кәпірден, пасықтан, жүніптен, еті желінетін жануарлардан, аттан артылғандар таза. Шошқадан басқа еті желінбейтін жануарлардың сүті Ханафиде таза. Басқа үш мазһабта нәжіс. Нәжістің отпен жағылғандағы күлі мен түтіні және топыраққа айналғаннан кейінгісі Ханафиде таза болады. Басқа үш мазһабта таза болмайды. Жүзімнен, құрмадан және барлық нәрседен жасалатын мас қылатын сұйықтықтардың барлығы төрт мазһабта да нәжіс. [Сыраның және спирттің ауыр нәжіс екендігін осыдан да аңғаруға болады. Өйткені, Ханафиден басқа үш мазһабта нәжістердің барлық түрі ауыр нәжіс болып табылады. Жеңіл нәжіс жоқ.]

[Дәретте және ғұсылда қолданылған «Ма-и мустамәл» деп аталатын су үш мазһабта таза. Бірақ тазалаушы емес. Маликиде әрі таза, әрі тазалаушы. (Мизан)]

«Маликиде намаз оқитын адамның нәжісті тазалауы парыз немесе уәжіп емес, сүннет» делінді. Ұмытып немесе тазалауға мүмкіндігі болмай оқылған намаз екі қаулы бойынша да сахих болады. Нәжіс бар болғанын білмей немесе біле тұра, мән бермей оқыған болса, бірінші қаулы бойынша намазы сахих болмайды. Екінші қаулы бойынша сахих. Басқа үш мазһабта тазалауы парыз.

Ханафиде мысық пен тышқанның зәрін киімнен тазалау хараж (машақат) және зәрулік екені білдіріліп, дирхамнан көбі де кешірілді. Нәжістен ұшып келіп киімге қонған шыбыннан киімде қалған дағы да кешірілді. Мәйітті жуған адамның үстіне шашыраған мустамәл судың, нәжіс араласқан көшедегі лайдың және жеңіл нәжістің киімнің немесе дененің төрттен бір бөлігінен аз жеріне тиюі кешірілді. Нәжістердің бір сұйықтыққа араласуында, жеңіл немесе ауыр болуына және мөлшеріне қаралмайды. Сұйықтық бірден нәжіс болады.

Шафииде көзге көрінбейтіндей шамада аз нәжіс және нәжістен оттың әсерінен шыққан будың азы және отпен қыздырмай шыққан будың көбі кешірілген. Таспен тазаланудан қалған нәжістің ізі намазына кедергі болмайды. Көшеде нәжіс араласқан лайдың киімге, денеге шашырауы, жеміс-жидекте және ірімшікте пайда болған құрттар, ірімшік жасалған қозының асқазанындағы зат, дәрі-дәрмекті және иістерді жақсарту үшін құрамына қосылған нәжіс сұйықтықтар кешірілді. Шыбынның ластығы (тезегі); хауыздағы балықтың ластығы; ұйқыдағы адамның аузынан аққан сары су; дәрет алынатын хауыздағы тышқанның аздаған ластығы; нәжіс жара үстіне қойылған пластырьге жұққан, сәбидің аузынан емшекке тиген нәжіс; қаны ақпай өлген жануар жатқан су; ине (укол) салынған жерден шыққан қанға араласқан дәрі; мұрыннан, құлақтан, көзден шыққан қанның аз мөлшері; бөртпе, сыздауық немесе жарадан шыққан қанның, өзі сығып шығармаған болса және денеге (теріге) жайылмаған болса, киімге жұққан көп мөлшері де, ал өзі шығарған болса, аз мөлшері және қан алдырғаннан, инемен дәрі еккеннен кейін шыққан қанның көп мөлшері Шафииде кешірілген.

[Шафии мазһабы бойынша, «үзірлі» болған адамның әр намаздың уақыты кіргенде, әуелі истинжа етуі, кейін ағынтыны тоқтату үшін мақта басуы немесе матамен орауы, содан соң дереу дәрет алып, намаз оқуы қажет. Намаз оқып жатқанда ағынты мақтадан өтіп сыртқа шықса, намазы бұзылмайды. Дәрет аларда «Намаз оқу үшін дәрет алуға» ниет етуі қажет. Намаздың уақыты шыққанда жаңадан истинжа және дәрет алуы керек болады. Шафииде тоғыз жастан кіші қыздан келген және үлкендерде 24 сағаттан аз және он бес күннен көп жалғасқан қанға «Истихаза» қаны делінеді.]

Ханафиде ифтитах тәкбірі намаз уақыты шықпай тұрып алынса, намаз уақытында оқылған болып саналады. Намаздардың бәрі уақыты шыққанға дейін оқылып бітірілмесе, кіші күнә болады. Малики мен Шафииде бір рәкаттың толығы уақыттың ішінде оқылмаса, ол намаз өтпейді, қаза болады. Шафии мазһабында да бес уақыт намазды уақытының басында оқу абзал. Әйелдің ұзын шаштары Шафииде де әурет. Егер әуретін ашатын болса, намазы дереу бұзылады. Жұқа матаның астындағы терінің түсі белгілі болса, намазы батыл (бұзылған) болады. Киім теріге жабысып, мүшенің түрі белгілі болса, намаз бұзылмайды. Киімсіз жалаңаш қалған адамның жамылғы табуға үміті бар болса, намаз уақытының соңына дейін күтуі уәжіп болады.

Намаздан тыс уақыттарда да әурет жерлерді өзінен және өзгелерден жабу парыз. Зәрулік туындағанда, зәрулік шамасында ашылады. Мұсылман әйелдің бөтен еркектердің және кәпір, мүртәд, фасық әйелдердің қасында жабынуы парыз. [Үш мазһабта тек беті мен қолдарының, ал Ханафиде аяқтарының да әурет емес екендігі «Мизан-ул-кубра» кітабында жазылған.] Ханбалиде әйел кәпір әйелдердің алдында да жабынбайды. Шафииде кішкентай баланың әурет жері тәрбие етушісінен басқаға харам. Ханафиде еркектің тізесі әурет. Басқа үш мазһабта әурет емес. Сандары барлық мазһабта да харам. Меккедегі адамның намазын қағбаның ғимаратына қарап оқуы парыз. Меккеден ұзақта болған адамдар үшін де Шафииде осындай. Ойының ауыр басқан жағы Қағба тарапына қарай болу керек. Құбыла бағыты әділ болған бір мұсылманнан сұрау арқылы, мешіттің михрабтарына, күннің құбыла сағатына сәйкес келуіне, жұлдыздарға, компасқа қарау арқылы мәлім болады. Осылар арқылы біле алмаса, өзі іздестіреді. Сонда да таба алмаса, намаз оқып жатқандарға ереді. Шафииде намаздың ішінде он үш парыз бар: Бесеуі ауызбен, сегізі жүрек және денемен жасалады. Ауыз арқылы орындалатындар: ифтитах тәкбірі, әр рәкатта Фатиха оқу, соңғы рәкатта тәшәһһуд оқу, салауат оқу, бірінші сәлемді айту. Жүрек және денемен жасалатындар: ниет, қиям, руку, қаумәда тік тұру, екі сәжденің арасындағы жәлсәда отыру, соңғы рәкатта тәшәһһуд мөлшеріндей отыру, бұларды ретімен жасау. Шафииде ниет еткенде намаздың парыз екендігіне, намаздың кейіпін, яғни отыруды, рукуды, сәжделерді, сәлем берілуді ойлау, қай намазды оқитынына ниет ету қажет. Ниет ифтитах тәкбірін айтарда жасалады. Ада немесе қаза екеніне ниет ету шарт емес. Бұл екеуін бір-бірінің орнына қойып шатастырса, намазы сахих болмайды. Рәкат саны да осындай. Сүннеттердің де түріне, парыздан бұрын немесе кейін оқылатынына ниет ету керек. Жалғыз намаз оқып жатқан адам намазы барысында пайда болған жамағатқа ұя алады. Намазды бастарда тәкбір айту төрт мазһабта да парыз. Ханафиде тәкбір ретінде «Аллаһу әкбар» деп айту уәжіп. Басқа үш мазһабта парыз. Ифтитах тәкбірінің сахих болуы үшін Шафииде он бес шарт бар: Арабша айту, парыз намазға түрегеп ниет ету, Аллаһу әкбар деп айту, «...бар» деген соңын созбау, «бә» әрпін шәдда қылып оқымау, екі сөздің арасында немесе алдында «уау» әрпін қосып оқымау, екі сөздің арасында тоқтамау. «Аллаһул әкбар» немесе «Аллаһул-азим әкбар» деп айту жаиз. Өзі еститіндей дауыстап оқу, намаз уақытының кірген болуы, Құбылаға қарап айту, имамнан кейін айту керек.

Сүннет пен нәпіл намаздарды түрегеп тұрып оқу парыз емес. Ханафиде намазда Фатиха сүресін оқу уәжіп. Басқа үш мазһабта парыз. Шафииде имамның артында жамағаттың Фатиханы оқуы парыз. Ханафи мен Маликиде парыз емес.

Шафииде намаздың сүннеттерінің бірі – имамның және жалғыз оқитын адамның таң, ақшам, құптан намаздарында Фатиха мен зәм сүрелерді дауыстап оқуы. Жанында бөтен еркек болмаса, әйел де дауысын шығарып (жария) оқиды. Жамағат өздері еститіндей дәрежеде дауыссыз оқиды. Имам дауыстап (жария) оқыған кезде жамағат имаммен бірге және қасындағы адам еститіндей дауыспен әмин дейді. Дауыс шығармай (іштен) оқығанда және жалғыз оқығанда әминді іштен айтады. Имам дауыстап оқыған намаздарда Фатиханы оқығаннан кейін жамағаттың да Фатиханы оқитындай уақыт үндемей тұрып немесе іштен бір нәрсе оқып, содан кейін зәм сүрені бастауы сүннет. [Осы жерден аңғарылып тұрғаны, имам дауыстап Фатиханы оқығанда жамағат оқымай, имамды тыңдап тұрады. Имаммен бірге әмин дегеннен кейін Фатиханы оқиды.] Имам Фатиханы оқып болғаннан кейін ұйыған адам Фатиханы оқымайды. Үш мазһабта өзі еститіндей дауыспен оқу парыз. Маликиде парыз емес, мүстаһаб. Қолдың үстіне сәжде жасау үш мазһабта сахих емес. Ханафиде мәкрух. Сәждеде бел бастан және арқадан төмен қалмайтындай биіктікке сәжде ету жаиз. Ал Ханафиде сәжде орнының тізелер қойылатын жерден жарты зра' [жиырма бес сантиметр] биік болуы жаиз. Бірақ мәкрух болады. Мешітте бос орын болмаса, алдындағы адамның арқасына сәжде етуге болады. Алайда, алдындағы адамның бірдей намазды оқып жатқан болуы және жерге сәжде етіп жатқан болуы керек. Малики мен Шафииде намаздың уәжіптері жоқ. Ханбалиде және Шафииде намаздың сүннеті – мүстаһабы деген сөз. Бұларды тәрк еткен адамға қандай да бір жаза берілмейді. Тек қана сауабынан мақрұм қалады. Дауыстап оқылатын намаздарда Фатихадан кейін дауыстап әмин делінеді. Түрегеп тұрғанда қолдар кіндіктің үстіне, біраз сол жаққа байланады. Түрегеп тұрғанда Фатихадан кейін бір сүре оқу Ханафиде уәжіп, басқа үш мазһабта сүннет. Шафииде әр рәкатта «Әузу...»-ды оқу сүннет және Фатихадан бұрын «Бисмиллаһ...» оқу парыз. Оқылмаса, намаз сахих болмайды. Зәм сүрелерді рукуда аяқтау төрт мазһабта да мәкрух. Ал Фатиханы аяқтау Ханафиде мәкрух. Басқа үш мазһабта намаз бұзылады. Көңілді мазалайтын, назарды тартатын жандының суреті қай жерде болса да, Шафииде намазды мәкрух қылмайды. Үзірлінің үзірсізге және басқа  мазһабта болған адамның имам болуы Шафии мен Маликиде сахих. Бір имамға ұйыған әйел еркектің жанында немесе алдында болса, үш мазһабта екеуінің де намазы бұзылмайды. Ал Ханафиде екі жанында және артында болған еркектердің намаздары бұзылады. Бірақ, намаз оқып жатып имамға ұйыған әйелге имам немесе жамағаттан бір адам кері шегінуіне қолмен ишара етеді, ол кері шегінбесе немесе имам әйелдерге имам болуға ниет етпеген болса, әйелдің намазы бұзылған болады, еркектің намазы бұзылмайды. Бір қатарда бір рукн уақытындай тұрмаған болса немесе бірі адамның бойынан биік жерде оқып жатса, яки араларында қадалған таяқ, тірек немесе бір адам тұратындай бос жер болса, екеуінің де намазы бұзылмайды. Екеуі бір имамға ұйымаған болса да бұзылмайды, дегенмен әйелге тахримән мәкрух болады. Дәретті, ғұсылды, тәйәммумды, мәсі немесе таңғыштың үстіне тартылған мәсіһті бұзатын бір амал сәлем бермей тұрып орын алса, үш мазһабта намаз бұзылады. Соңғы тәшәһһудті оқуды бітірмей тұрып орын алса, Ханафиде де бұзылады. Бес уақыт намаздан кейін дереу бір Аятәл курси, тоқсан тоғыз тәсбих және бір рет таһлил оқу мүстаһаб. Парыздан немесе соңғы сүннеттен кейін оқылады. Шафииде біріншісі, Ханафиде екіншісі абзалырақ. Соңында дұға етіледі.

199 – «Әл-фиқһу аләл-мәзаһиб-ил әрбә'а» кітабында былай жазылған: «Малики мазһабында дені сау адамнан шыққан зәр, мәни, мәзи, уәди, истихаза қаны, үлкен дәрет және жел дәретті бұзады. Тас, құрт, ірің, сары су, қан шықса бұзылмайды. Дәретті бұзатын нәрселер: ауру себебімен шықса және ұстай алмаса, мысалы зәрдің ағуы бір намаз уақытының жартысынан ұзаққа жалғасып, шығатын уақыты белгілі болмаса, дәрет бұзылмайды. Екінші қаулы бойынша, осы үш шарт болмаса да, науқастың дәреті бұзылмайды. Шықпаған кезінде дәрет алуы мүстаһаб болады. Ханафи мазһабындағы үзірлі науқастардың, қарттардың дәрет алуында хараж және машақат болған кезде, осы қаулыны тақлид етуі сахих болады. Зәрдің тоқтаған уақыты белгілі болса, осы кезде дәрет алуы жақсы болады. Истибра уақыты ұзаққа созылатын немесе кейіннен де тамшылайтын және бір намаз уақыты бойы тұрақты ақпағандықтан үзірлі болмаған ханафи мен шафилер малики мазһабын тақлид етеді. Бұл үшін дәрет пен ғұсылды бастарда ниет етеді. Дәретте және ғұсылда әр мүшені қолмен немесе сүлгімен жеңіл ысқалау керек, дәретте бастың барлық жеріне мәсіһ тарту керек. Құлақтың үстіндегі тері бас терісі болып саналады. Мәсіһ етілуі парыз. Бұл тері бет терісі саналып жуылу керектігі Ханафи кітаптарында жазылмаған. Әр мүшені арасын үзбестен жуу парыз. Құлаққа мәсіһ тарту үшін қолды жаңадан сулау сүннет. Ләззат алуды ойлап, некелесу жаиз болған әйелдің терісіне, шашына жанасу және алақанының немесе саусақтарының іші немесе жанымен жыныстық мүшеге тию, дәрет алғанына немесе бұзылғанына күмәндану дәретті бұзады. Ғұсылда ауыз бен мұрынды жуу парыз емес, сүннет. Өрілген шашты шешіп, мәсіһ тарту керек. Мәсінің үстіне мәсіһ тартудың мерзімі жоқ. Әр намаз уақытына бөлек тәйәммум жасалады. Ит пен шошқа нәжіс емес. Бірақ, жеу харам болып табылады.

Балықтың да қаны нәжіс. Етін жеуге болатын жануарлардың зәрі мен тезегі таза. Нәжістен тахарат бірінші қаулы бойынша парыз, екінші қаулы бойынша сүннет. Геморрой, зәр, тезек тамшылары денеге, киімге жұқса, кешіріледі. Адам мен жануар қанының, жара, сыздауық суының алақан ішіндей мөлшері кешіріледі. Намаздың әрбір рәкатында Фатиха оқу, бір иығына қарап сәлем беру, екі сәжденің арасында отыру, рукуда, сәжделерде туманинет [қимылсыз бір сәт тоқтау] парыз. Имам жасырын оқыған рәкаттарда жамағаттың Фатиханы оқуы мүстаһаб, жария оқыған кезде жамағаттың да оқуы мәкрух. Қиямда оң қол, сол қолдың үстіне қойылып, көкірек пен кеуде арасына қою немесе екі қолды екі жаққа жіберіп оқу мүстаһаб. Парыздарда «Әузу...»-ды оқу мәкрух. Фатиханы рукуда аяқтау намазды бұзады.» Жолаушы мен мұқимның бір-бірлеріне имам болуы Ханафиде жаиз, Маликиде мәкрух. Маликиді тақлид ететін ханафи үш күн қалуға ниет еткен жерінде төртінші күні парыздарды төрт рәкат қылып оқуды бастайды. Мұқиммен жамағат бола алады. Себебі, мәкрухта өз мазһабына бағынышты болады.

200 – Расулуллаһ (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) былай деді: Бір мұсылманның бойында үш қасиет болмаса, ол – жәннаттық:

1) Кібір (тәкәппарлық), 2) Хасед (көре алмаушылық), 3) Қиянат.

Барлық қиыншылықтарға және бәле-жалаға сабыр етіп, ешкімге шағымданбау керек. Өйткені, сабырсыз адамдардың діндері оңайлықпен опат болады. Дерт пен бәле-жала шеккендерге сауап берілмейді. Дерт пен бәле-жалаға сабыр етушілерге, бұларды Аллаһу та’аладан келгенін біліп, Оған жалбарынатындарға сауап беріледі.

201 – Бір мұсылман: Дүниеде қадірлі, ахиретте бақытты болуды қаласа, бойында мына үш мінез бар болсын:

1) Жаратылғандардан ештеңе күтпеу.

2) Мұсылмандарды [және зимми кәпірлерді, қайтыс болып кетсе де] ғайбаттамау.

3) Өзгенің ақысы болған затты алмау.

 

Аллаһу та’ала үш нәрсені өте жақсы көреді:

1) Жомарттық.

2) Қорықпайтын адамның жанында дұрыстықты айту.

3) Ешкім көрмейтін жерде де Аллаһу та’аладан қорқу.

Аллаһу та’ала Тури Сина тауында Мұса алейһиссаламға былай деді:«Бір адамға біреу "Аллаһу та’аладан қорқ" десе, ол адам "Аллаһтан қорқуды маған сен үйретесің бе? Сен өзің Аллаһтан қорқ" десе, ол ең жаман адам.»

202 – Ешкімнің күнәсін бетіне баспа! Мұсылман болса да, кәпір болса да, бір адамның ақысын жеп, тәубе етпей, ол адаммен халалдаспасаң (кешірімін, разылығын алмасаң), Расулуллаһ (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) саған лағнет етеді. Ата-ананың және дінін үйреткен ұстаздың күнә болмаған бұйрықтарына қарсы шыққандар да малғұн. Аллаһу та’аланың разылығынан басқа ниетпен, мысалы пәлен кісіге деп құрбан шалғандар да осы лағнеттелгендердің қатарында. Қызына зина жасатқан, көшеге жалаңаш шығарған, бала-шағасына иманды, харамды үйретпеген ата-аналар, Аллаһу та’аладан басқасына ғибадат және сәжде ететіндер де малғұн.

[Абдулғани Наблуси “рахимә-һуллаһу та’ала” «Хадиқа» кітабында, қолмен жасалатын күнәлар түсіндірілген жерінде былай делінеді: «Зорлықпен тартып алынған, пара ретінде алынған, ұрланған мүліктерге; аманат ретінде берілген мал-мүлікті саудада қолданып, үстінен көрген пайдаға; Дар-ул-харбта, яғни кәпір мемлекеттеріне барған адамның [саудагердің, саяхатшының] кәпірлерден олардың разылығынсыз алған мал-мүлкіне «Мал-и хабис» делінеді. Бұларды қолдану харам болады. Иелеріне кері қайтарылуы, иелері белгісіз болса, кедейлерге садақа ретінде берілуі қажет болады. Өзгенің [және жетімнің] мүлкін рұқсатсыз қолдану харам болып табылады.» Мұсылман, тіпті Дар-ул-харбтағы кәпірлердің де мал-мүлкіне, жанына, намысына тиіспейді. Көлік түрлерінің ақысын төлейді. Ешкімге қиянат жасамайды.]

Пайғамбарымыз алейһиссалам былай деді: «Бір адам біреуге су берсе, ол кісі оған құрметпен иілсе, Аллаһу та’алаға серік қосу болады.» Тағы былай деген: «Қол көтеріп сәлем беру және Аллаһтан басқасына ант ету де ширк.» Мысалы, «Әкемнің жаны үшін» деп ант етпеу керек.

[Жоғарыдағы хадис шәрифте қол көтеріп сәлем берудің ширк екендігі білдірілді. Ханафи мазһабының үлкен ғалымдары, яғни ижтиһад ету дәрежесіне көтерілген ғалымдар осыған ұқсас хадис шәрифтерді салыстырып, Ханафи мазһабының усул және қауаид-и мазһабийасы бойынша зерттеген. Бұл хадистің мәнсуһ (үкімі жойылған) екенін аңғарған. Алыста тұрған адамға тек қол көтеріп сәлем берудің мәкрух екендігін, сөзбен және қолмен бірге сәлем берудің кәрахатсыз жаиз екендігін түсінген. Осы сияқты, Ибн Абидинде, намаздың мәкрухтары бөлімінінің соңында жазылған хадис шәрифте: «Намаздарыңды налынмен (шұлықпен) оқыңдар. Яһудилерге ұқсамаңдар!» делінген. Алайда, фиқһ ғалымдары аяқты жауып оқудың сүннет, жалаң аяқ оқудың мәкрух екендігін білдірген. Тағы осы сияқты «Хадиқа» кітабының екінші том, 581-ші бетінде: «Шашы мен сақалын қараға бояғандар жәннаттың иісін сезе алмайды» хадис шәрифі білдірілгеннен кейін ғалымдардың барлығы қараға бояу мәкрух деді. Жаиз дегендер де болды. «Мәбсут» кітабында да осылай жазылған. Хазреті Осман, хазреті  Хусейн, Уқбә бин Амир, Ибн Сирин, Әбу Бурдә және басқалары “рахимә-һумуллаһу та’ала” қараға бояйтын еді делінеді.«Хадиқа» кітабының екінші том, 588-ші бетте былай жазылған: «Шашты, сақалды бояу тұрғысында тұрғылықты жердегі халықтың әдетіне бағыну керек. Тұратын жерінің әдетіне бағынбау атаққұмарлық болады. Бұл тахримән мәкрух болады.» «Мишкат» кітабындағы хадис шәрифте:«Мүшриктерге қарсылық ретінде сақалдарыңды өсіріңдер!» делінеді. Алайда, Хадими “рахимә-һуллаһу та’ала” «Бәриқа» кітабының 1229-шы бетінде: «Сақалды қыру сүннетке қайшылық болады. Әмри вужуби болғанда еді, харам болар еді. Сақалды бір тұтам қылып өсіру сүннет болып табылады. Бұл шамадан қысқа қылу немесе қыру жаиз емес. Кейбір адамдар "Сақалын қырған немесе қысқартқан адамның имам болуы жаиз бола алмайды. Жалғыз оқыған намазы да мәкрух болады. Ондай адам малғұн" дейді. Бұл сөздерді «Тахауи» кітабынан алғандарын айтады. Мұндай сөздер дұрыс емес» делінген. Әһли кітапқа [яғни яһудилерге, христиандарға] және мүшриктерге, муханнастарға [яғни қызтекелерге] ұқсауға қатаң түрде тыйым салынуда. Тахтауидің «Мәрақил фәлах»хашиясының 185-ші бетінде: «Әһли кітапқа ұқсаудың дәрежелері бар. Ішіп-жеу сияқты әдет болған зиянсыз нәрселерде ұқсау жаиз. Жаман, зиянды нәрселерде оларға еліктеуді көздеп ұқсауға тырысу харам. Оларға еліктемесе жаиз болады» делінеді. Кәпірлердің діндеріне тән болып, кәпірліктің белгісі болған нәрселерде, еліктеу мақсатынсыз ұқсау да күпір болады. Пайдалы дүниелік істерінде ұқсау жаиз, тіпті сауап болады.]

203 – Ешкімді лағнеттеме. Себебі, лағнеттеген (қарғаған) адамың қарғысқа лайықты болмаса, айтқан лағнетің өзіңе қайтады.

Тіпті хайуанатты да лағнеттеме! Өйткені, бұл жағдайда періштелер саған лағнет етеді. Намазды тәрк еткен адамға бетіне де, артынан да лағнет етуге болады. Өйткені, парыз болған намазды үзірсіз тәрк еткен адам төрт кітапта да малғұн. Қолыңнан келгенше әрдайым әмри ма’руф жаса, яғни адамдарға Ислам дінінің әмірлерін түсіндіріп, оларды жаман нәрселерден тый! Пайғамбарымыз алейһиссалам былай деген: «Ахлақи зәмима [яғни жаман мінез] болған төрт нәрседен бас тарт, бұлардан сақ бол:

1) Көп мал-мүлік жинап, оны қолданбау.

2) Ешқашан өлмейтіндей дүниеге берілу.

3) Бақыл болу (яғни сараң болу).

4) Қанағатсыз болу.»

Адамның бойында ұяттың (ар-намыстың) болуы – иманның нышаны. Ұятсыздық – күпірге жетелейді. Ең әуелі Аллаһу та’аладан ұялу керек.

204 – Қандай да бір ісіңді сараң, яғни қанағатсыз адамдармен ақылдаспа! Өйткені, сені кейін адамдардың арасында масқара қылады. Салих кісімен ақылдас! Аллаһу та’аланың сүйіспеншілігіне қауышуға тырысатын адамға «Салих құл» делінеді.