ӘЙЕЛДЕРДІҢ ХАЙЗ ЖӘНЕ НИФАС ЖАҒДАЙЛАРЫ

Анықтама: Ибн Абидин (рахимә-һуллаһу таала) «Мәнһәл-ул-уаридин» кітабында былай деген: «Әрбір еркек үйленетін кезінде әйелдердің хайз және нифас жағдайларын үйренуі керек, әйеліне де үйретуі керек. Әр мұсылманға әйелдің хайз және нифас білімдерін үйренуі парыз болып табылады.»

Османлы мемлекеті жетілдірген үлкен Ислам ғалымдарының бірі Ақшеһирлі Мұстафа Фәхим бин Осман (рахметуллаһи алейһ) «Муршид-ун-ниса» кітабында былай деген:

«Хайз» – сегіз жасқа толған дені сау қыздың немесе әдет уақыты соңғы күнінен он бес күн өткен әйелдің алдынан шыққан қан деген сөз. Ақтан басқа барлық түске және бұлыңғыр болғанына да хайз қаны делінеді. Бір қыз қан көре бастағанда «Балиға» болады. Яғни әйел болады. Қан көрген сәтінен тоқтаған күніне дейінгі күндердің санына «Әдет уақыты»делінеді. Әдет уақытының ең көбі он күн. Ең азы үш күн. Шафии және Ханбели мазһабтарында ең көбі он бес, ең азы бір күн.

Хайз қанының тоқтамай, үздіксіз ағуы қажет емес. Алғашқы көрінген қан тоқтап, бірнеше күннен кейін қайтадан көрінсе, арадағы үш күннен аз болған таза күндер сөз бірлігімен үздіксіз аққан болып қабылданады. Үш күн және одан да ұзаққа созылған тазалық имам Мұхаммедтің үкімі бойынша хайздың оныншы күнінен бұрын бітсе, тағы қан ақты деп қабылданады. Қан ақты деп қабылданған осы тазалық күндеріне «Фасид тазалық» делінеді. Бір күн дегеніміз – толық жиырма төрт сағат деген сөз.«Курсуф» деп аталатын мата немесе мақта бетінде айлар бойы күнде қан дағын байқаған қыз әр айдың он күні хайзды, кейін жиырма күн истихазалы болып қабылданады. Бұрыннан әдеті осындай болған әйел болса, әдетіне қарай әрекет етеді. Бір қыз үш күн қан көріп, бір күн көрмесе, кейін бір күн көрсе, екі күн көрмесе, бір күн тағы көріп, бір күн көрмесе, тағы бір күн көрсе, бұл он күннің бәрі хайз болады. Әр айда бір күн қан көрсе, бір күн көрмесе, осылай он күн бойы бір көріп, бір көрмей өткізсе, көрген күндерінде намаз бен оразаны тәрк етеді. Ертеңгі күндерде ғұсыл алып, намаздарын оқиды.«Мәсаил-и шәрһи уиқайа.» Үш күннен, яғни жетпіс екі сағаттан бес минут болса да аз болған; жаңадан басталған әйелде он күннен ұзаққа жалғасқан; жаңа болмағандарында әдеттен көп болып, он күннен де асқан; жүкті және аисә (кәрі) әйелдерден және тоғыз жастан кіші қыздардан келген қандар хайз болмайды. Бұған «Истихаза» делінеді. Әйел елу бес жастарда«Аисә» болады. Әдеті бес күн болған әйел, күннің жартысы шыққанда қан көріп, он бірінші таңда күннің үште екісі шыққанда қан тоқтаса, яғни он күннен бірнеше минут асқан болса, әдет уақыты болған бес күннен кейін келгендері истихаза болады. Себебі, күннің шығу уақытының алтыдан бірі шамасында он күн мен он түнді асқан болады. Он күн толық өткеннен кейін ғұсыл алып, әдеттен кейінгі күндерде оқымаған намаздарының қазасын өтейді.

Истихаза күндеріндегі әйел зәрін ұстай алмайтын немесе үнемі мұрны қанайтын адам сияқты кешірімді-үзірлі жағдайда болады. Ондайлардың намаз оқуы, ораза тұтуы қажет болады және қан келіп жатқан болса да қосылу (жыныстық қатынас) жаиз болады.

Имам Мұхаммедтің (рахимә-һуллаһу та’ала) үкімі бойынша, бір қыз өмірінде алғаш рет бір күн қан көрсе, кейін сегіз күн көрмесе және оныншы күні қайтадан көрсе, он күннің барлығы хайз болады. Бірақ, бір күн көрсе, тоғыз күн көрмесе, он бірінші күні қайтадан көрсе, ешбірі хайз болмайды. Қан көрілген екі күн истихаза болады. Себебі, оныншы күннен кейін көрілген қаннан бұрынғы таза күндерінің хайз болып саналмайтыны жоғарыда айтылды. Оныншы және он бірінші күндері қан көрсе, арадағы тазалықтар да хайз болып саналып, он бірінші күні истихаза болады.

Истихаза қаны – аурудың белгісі. Ұзақ уақыт бойы ағуы қауіпті болады. Дәрігерге көріну қажет болады. Сангдрагон (айдаһар қаны) деп аталатын қызыл сағызды немесе қоюжақпаны (мастика) ұнтақтап, таңертең-кешке бір грамнан сумен жұтылса, қанды тоқтатады. Күніне бес грам қабылдауға болады.

Әйелдің хайз және тазалық мерзімі көбінесе әр айда белгілі бір күнде болады. Бұл жердегі бір бір ай дегеніміз – бір хайздың басынан, екінші хайздың басына дейін өтетін уақыт деген сөз. Әр әйелдің өзінің хайз бен тазалық күндер мерзімін және сағаттарын, яғни «Әдеттерін» жаттауы қажет. Әдеттері жылдар бойы өзгермейді. Өзгеретін болса, жаңа әдетін, яғни жаңа хайз және тазалық күндерін жаттауы қажет.

«Бахр»-да және «Дуррул-мунтақа»-да былай делінген: «Қан әдет уақытынан асып, он күннен бұрын тоқтайтын болса, тоқтағаннан кейін он бес күннің ішінде мүлдем келмесе, артық келген күндердің хайз болатыны ауыз бірлігімен білдірілді. Бұл жағдайда әдет күні өзгерген болады. Он бес күн және түн ішінде бір рет қан келсе, әдетінен асқандар хайз емес, истихаза болады. Истихаза екендігі мәлім болғанда, сол күндерде оқымаған намаздарын қаза етеді.» Әдеттен кейін және он күннен бұрын тоқтаған әйелдің намаз уақытының соңы жақындағанға дейін күтуі мүстаһаб болады. Содан соң ғұсыл алып, сол уақыттың намазын оқиды. Бұдан кейін қосылу жаиз болады. Күтіп жүргенде ғұсыл мен намазды өткізіп алса, намаздың уақыты шыққаннан соң ғұсылсыз қосылу жаиз болады.

«Мәнһәл» кітабында былай делінген: «Үш күннен бұрын тоқтаған жағдайда намаз уақытының соңы жақындағанға дейін күтеді. Кейін ғұсыл алмай, тек дәрет алып, сол намазды оқиды және алдында оқымағандарының қазасын оқиды. Сол намазды оқығаннан кейін қайтадан қан келсе, намаз оқымайды. Тағы тоқтаса, уақыт соңына қарай тек дәрет алып, сол намазды оқиды және оқымағандары бар болса, қазасын оқиды. Үш күн толғанға дейін осылай істейді. Бірақ ғұсыл алса да, қосылу халал болмайды.»

Қанның келмегеніне үш күн өткен болса, әдеттен бұрын тоқтаған болса, әдет уақыты өткенге дейін, ғұсыл алған болса да, қосылу халал болмайды. Бірақ намаз уақытының соңына дейін қан дағы көрінбесе, ғұсыл алып сол намазды оқиды. Оқымағандарының қазасын өтемейді. Ораза ұстайды. Қан дағын көрмеген күні жаңа әдетінің соңы болады. Бірақ қан қайтадан келе бастаса, намазды тоқтатады. Ұстаған оразасының қазасын Рамазаннан кейін ұстайды. Қан тоқтаса, қайтадан намаз уақытының соңына жақын ғұсыл алып, намазын оқиды. Ораза ұстайды. Он күнге дейін осылай жалғасады. Он күннен кейін қан көрсе де намаз оқиды және ғұсыл алмай тұрып қосылу халал болады. Бірақ қосылудан бұрын ғұсыл алу мүстаһаб болады. Таң атпай тұрып қан тоқтаса, таң атуына тек ғұсыл алып, киімін киетіндей уақыт қалып, Аллаһу әкбар дейтіндей уақыт қалмаса, сол күннің оразасын ұстайды. Бірақ құптанның қазасын өтеуі қажет болмайды. Тәкбірді айтатындай уақыт бар болса, құптанның да қазасын оқуы керек болады. Ауызашардан бұрын хайз басталса, ораза бұзылады. Рамазаннан кейін қазасын өтейді. Намаз оқып жатқанда хайз басталса, намаз бұзылады. Тазаланғаннан кейін парыз намаздың қазасын оқымайды. Нәпілдің қазасын өтейді. Таң атқаннан кейін оянған кезде күрсуфында қан дағын байқаған адам сол сәтте хайзды болады. Оянған кезде күрсуфының таза екенін көрген әйел жатарда хайздан құтылған болады. Екеуіне де құптанды оқуы парыз. (Фәтх) (Зәр жіберіп қойғандар да осындай.) Өйткені намаздың парыз болуы уақытының соңғы минутында таза болуға байланысты. Уақыт намазын оқудан бұрын хайз көрген әйел бұл намаздың қазасын оқымайды.

Екі хайз арасында ең аз дегенде он бес күн тазалық болуы керек. Он бес немесе одан да көп күн өтіп, мүлдем қан келмеген болса, алдыңғы және кейінгі қандардың екі бөлек хайз болатындығы ауыз бірлігімен білдірілді. Қан он күннен бұрын тоқтап, әдет уақытының өзгергені немесе өзгермегені аңғарылғаннан кейін, осы әдет уақытынан кейін он бес күн өтпей көрінген қандар «Истихаза» болады, хайз болмайды. Он бес күн саналғанда арадағы истихазалы күндер де таза болып саналады. Бұл истихазалы күндерге «Хукми тазалық» күндері делінеді. Аңғарылып тұрғанындай, он күндік хайз мерзімі ішінде қан көрінген күндер арасындағы тазалық күндері хайз деп қабылдануда, ал он күннен кейінгі истихазалы күндер таза болып қабылдануда. Әдет уақыты белгілі болғаннан кейін басталған он бес күн ішінде мүлдем қан байқалмаса немесе қан байқалмаған бір немесе бірнеше күн бар болса, осы он бес күннен кейін жалғасқан немесе басталған қан жаңа хайздың басы болады.

Он бес күн ішінде мүлдем таза күн болмастан қан күнде көрінсе, әдетіне қарай есептеледі. Яғни әуелгі бір ай ішіндегі тазалық күніндей тазалық және әдетіндей хайз болып қабылданады. Қан жалғасқан мерзім бойы, осылайша жылдар бойы есеппен амал етіледі. Осы арада бір рет қан тоқтаса, қайтадан көрінген күн жаңа хайздың басы болады. Бір қыз бес күн қан көрсе, кейін қырық күн мүлдем қан көрмесе, кейін күнде тұрақты көріп тұрса, бұл соңғы көргені жаңа хайздың басы болады. Әдет уақыты бес күн, тазалығы қырық күн жалғасатын әйелдер де болады. Жаңа хайзы тұрақты болғандықтан, мұның алғашқы бес күні хайз болады. Бұдан кейін қырық күн таза, яғни истихазалы болып қабылданады. Әдет уақытын ұмытқан әйелге «Мухайира» делінеді.

«Нифас» – жаңадан босанған әйел деген сөз. Нифас уақытының азы жоқ. Қан тоқтаған кезде ғұсыл алып намазын бастайды. Бірақ, әдет шамасындай күн  өтпестен жыныстық қатынасқа түсе алмайды. Ең көп уақыты – қырық күн. Қырық күн толық болған кезде қан тоқтамаса да, ғұсыл алып, намазын бастайды. Қырық күннен кейін келетін қан истихаза болады. Бірінші баласында жиырма бес күнде тазаланған әйелдің әдеті жиырма бес күн болады. Бұл әйелдің екінші баласында қан қырық бес күн бойы келсе, нифасы жиырма бес күн болып саналып, жиырма күні истихаза болады. Жиырма күндік намаздарының қазасын өтейді. Сондықтан нифас күнін де жатқа білу қажет. Екінші балада қан қырық күннен бұрын, мәселен отыз бес күнде тоқтаса, мұның барлығы нифас болады және әдеті жиырма бес күннен отыз бес күнге өзгерген (ауысқан) болады.

Рамазанда сәресінен (яғни фәжрден, таң атқаннан) кейін хайздан немесе нифастан құтылған әйел сол күні ішіп-жемейді. Бірақ, сол күннің қазасын ұстайды. Хайз және нифас сәресінен кейін басталса, екіндіден кейін басталса да, ол күні ішіп-жейді.

Хайз және нифас күндерінде намаз, ораза, мешіттің ішіне кіру, Құран кәрім оқу және ұстау, тауаф, жыныстық қатынас төрт мазһабта да харам болады. Оразалардың қазасын ұстайды. Намаздарын қаза етпейді. Намаздары кешіріледі. Әр намаздың уақытында дәрет алып, жайнамаздың үстінде сол намазды оқитындай уақыт отырып зікір, тәсбих етсе, ең жақсы оқыған намазының сауабын алады.

«Жәуһәра» кітабында былай делінген: «Әйелдің хайзының басталғанын күйеуіне білдіруі қажет. Күйеуі сұраған кезде айтпаса, үлкен күнә болады. Таза кезінде хайз басталды деп айтуы да үлкен күнә болып табылады. Пайғамбарымыз “саллаллаһу алейһи уә сәлләм” «Хайзының басталғанын және біткенін өз күйеуінен жасыратын әйел – малғұн»деген. Хайз халінде де, таза кезінде де әйелдің артқы жолынан жақындау харам, үлкен күнә болып табылады. Бұл «Лиуата» деп аталады.» Әйеліне осылай істейтін адам – малғұн. Гомосексуалдық, яғни еркектің еркекпен қосылуы одан да үлкен күнә. Әнбия сүресінде лиуатаға «Жексұрын қылық» делінген. Қазы-заданың «Биргиуи» шәрһінде пайғамбарымыз “саллаллаһу алейһи уә сәлләм” «Лұт қауымы сияқты лиуата жасайтындарды күнә үстінде ұстап алсаңдар, екеуін де өлтіріңдер!»деп бұйырды. Кейбір ғалымдар «Екеуін де отта жағу керек» деді.

182 – Таңертең-кешке Әмәнтуді оқып иманыңды жаңала! Әмәнту – иманның алты шартын білдіреді. Әмәнтудің мағынасын жатта және бала-шағаңа да жаттат! Өйткені, қашан өлетіндерің белгісіз. Әрдайым кәлимаи тәухидті айтып жүр және сенілуі қажет болған алты нәрсені жақсылап үйрен, оны қабылда, раста және оларға да үйрет! Бұларды білмейтіндердің иманы кетеді.

Пайғамбарымыз (алейһиссалам) былай деген: «Бір кісі, бір мұсылманды Ислам дініне қайшы болған бір істен дұрыс жолға шақырып, ескертсе, қиямет күнінде Аллаһу та’ала ол адамды пайғамбарлармен бірге тірілтеді.»

Анықтама: Мұсылманды Ислам дініне қайшы істен қайтаруға «Нәхи анил мүнкәр» делінеді.

Мұсылманға Аллаһу та’аланың әмірін үйретуге және жасатқызуға«Әмри ма’руф» делінеді. Әмри ма’руф және нәхи мүнкәр өте үлкен сауап болып табылады. «Адамдардың ар-ожданына тиіспеу керек, әулиелер ешкімге араласпайтын еді» дейтіндер бар. Имам Раббанидің мүбәрәк ұлы болған қаййуми Раббани, Халифа-и илаһи алламә на мүтәнаһи Мұхаммед Масум “қаддессаллаһу сиррәһул азиз” 1079 [м.1667] жылы қайтыс болған. Бұл үлкен ғалым үш томнан тұратын «Мәктубат» кітабының бірінші том, 29-шы хатында осылай айтқандарға өте әдемі жауап берген. Бұл хаттың аудармасы «Сә’адети Әбәдийа» илмихал кітабында бар.

183 – Әй, ұлым! Науқасты зиярат ету жайында 173-ші бөлімде айтып өткен едік. Тек мынаны еске түсіруіміз керек, бір аурудың үш жағдайы бар:

1) Бір періште келіп аузының дәм сезу қабілетін алады.

2) Бір періште күш-қуатын алады.

3) Бір періште келіп күнәларын алады.

Науқас жазылған кезде аузының дәм сезу қабілетін алған періште ақырындап кері қайтарады. Күш-қуатын алған періште де кері қайтарады. Ал күнәларын алған періште Аллаһу та’аладан: «Бұл күнәні не істейін?» деп сұрайды. Сонда Аллаһу та’ала хадис құдсида: «Менің мейірімім азабымнан озды. Сондықтан науқас құлымның күнәларын кешірдім!»–дейді. Ауру, дерт, қайғы күнәларды өшірмейді. Бұл қиыншылықтарға сабыр ету күнәларды алып кетеді.

Саған жақсылық жасаған адамға жақсылық жаса, жамандық жасаған, зұлымдық еткен адамды кешір, оларға насихат айт! Адасқан сенімдегі, жаман мінезді адамдардан қаш! Олармен достық құрма!

184 – Әй, ұлым! Пайғамбарымыз (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) Әбу Хурайраға былай деді: «Науқастың хал-жағдайын сұрау үшін екі шақырым болса да жол жүр, ренжіскен адамдарды татуластыру үшін төрт шақырым жүр, бір дін бауырыңды зиярат ету үшін алты шақырым жүр, осындай қашықтыққа ілімді адамнан бір мәселе үйрену үшін бар!» [Бір миль – екі километр.]

185 – Барлық адамдарға қолыңнан келгенше жақсылық жаса! Мұсылмандардың ілім үйренуіне және ғибадаттарына жәрдем бер! Ең үлкен көмек – оларға Әһли сүннет сенімін, халалдарды, харамдарды, парыздарды үйрету және есіне түсіру. Бұларды Аллаһ разылығы үшін жаса! Расулуллаһ (саллаллаһу алейһи уәсәлләм): «Аллаһу та’алаға Жәбірейіл алейһиссалам сияқты ғибадат жасасаңдар да, мүминдерді Аллаһ үшін жақсы көрмегенше және кәпірлер мен мүртәдтерді Аллаһ үшін жаман деп білмегенше, ешбір ғибадаттарың, жасаған жақсылықтарың, қайырымдылықтарың қабыл болмайды!» деп айтқан. Аллаһу та’аланың ең жақсы көретін ғибадаты – хубби филлаһ және буғди филлаһ. Яғни мұсылмандарды жақсы көріп, оларға жәрдем беру, дұға ету және Ислам дінін жақтырмайтындарды, Ислам дініне және мұсылмандарға дұшпандық ететіндерді жақсы көрмеу және олардың иманға, хидаятқа қауышуына дұға ету.

Пайғамбарымыз (алейһиссалам) былай деген: «Ей, Әбу Хурайра! Менімен Арштың көлеңкесінде бірге болуды қаласаң, күніне жүз рет салауат айт! Махшарда менің хауызымнан ішуді қаласаң, мүмин бауырыңмен үш күннен артық араздаспа! Бірақ, шарап [немесе басқа алкогольді ішімдіктерді] ішетіндермен және харам жейтіндермен сөйлеспе, олардан аулақ бол!»

186 – Ислам білімдерін [яғни дін мен жаратылыстану ғылымдарын] үйренуге қатты мән бер! Пайғамбарымыз (алейһиссалам) бір хадис шәрифінде: «Бесіктен мазарға дейін білім алыңдар», басқа бірінде«Ілімді іздеңдер, тіпті ілім Қытайда болса да» деді. [Яғни өте алыс жақта және кәпірлерде болса да, іздеңдер деген сөз.]

Ислам білімдері екіге бөлінеді: Діни білім және жаратылыстану білімі. Алдымен діни білімді, кейін жаратылыстану білімдерін үйрену керек.

Бір риуаят бойынша, имам Ахмед ибн Ханбалдың “рахимә-һуллаһу та’ала” [164-242, Бағдатта] қасына бір кісі насихат сұрап келгенде, ол мынадай насихат айтқан:

«Аллаһу та’ала сенің және бүкіл әлемнің ризығына кепіл. Ризықты [қолыңнан келгенше жұмыс істегеннен кейін] уайымдаудың еш қажеті жоқ. Өйткені, Хақ та’ала тарапынан ризықтардың барлығы ажыратылған. Жұмыс істеу арқылы өзіңе тиесілі ризықты табасың. Бір садақаның өзіне он еселік қайтарымы белгіленгендіктен, жұмыс істейтін адамға еңбегінің ақысы берілетіндігі күмәнсіз. Тозақ азабы хақ бола тұра, күнә істеуге батылдық танытуға болады ма? Барлық істер Аллаһу та’аланың тағдырымен болады. Сен кедей болсаң, өзгелердің байлығына қарап қиналуыңның қандай пайдасы бар?»

Бұл сөзді тыңдап, қабыл еткен адамға насихат ретінде осы жеткілікті. Тыңдамайтындарға осы сияқты мың түрлі насихат айтсаң да, пайдасы болмайды. Өйткені, насихаттардың барлығы дерлік осылардың ішіне жиналған.

187 – Расулуллаһ (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) былай деді:«Аллаһу та’ала жұмыс істейтін бір құлына ризықты аз берсе, ол құл айқай салып жыламаса және осылайша кедейлігіне сабыр еткен болса, Аллаһу та’ала періштелеріне осы құлымен мақтанып, оларға айтады "Ей, менің періштелерім! Сендер куә болыңдар, бұл құлымның әрбір жұтымына жәннатта бір зәлуім сарай және бір дәреже сыйлаймын."»

188 – Адамдармен әрқашан жақсы қарым-қатынаста бол! Кездескен кіші-үлкен әр мұсылманға мұсылманша сәлем бер! Адамдармен жақсы мәміледе бол, өлгеннен кейін сені ойлап, қайырлы дұғамен еске алсын! Бір адам мүмин бауырына «Сәләмун алейкум» деп мұсылман сәлемін берсе, он сауап жазылады. «Әссәламу алейкум уа рахматуллаһ» десе, жиырма сауап жазылады. «Уа алейкум салам» деп жауап берген адамға он сауап жазылады. Сәлем берген адамның сәлеміне жауап беру парыз.

«Мәрақил-фәлах» кітабында, намаздың муфсидтері басталатын жерінде былай жазылған: «Басты немесе денені иіп сәлем беру мәкрух. Тек қолмен сәлем беру және қолды бас тұсына көтеріп сәлем беру де мәкрух. Ауызбен және қолмен бірге сәлем беру мәкрух емес. Үлкен кісі келгенде орнынан тұру, келген кісі осылай орнынан тұруды жақсы көрмейтін болса, мәкрух болмайды. Жақсы көрсе, тек өзіне мәкрух болады. Зиянынан қорқып тұру мәкрух емес. Кетерде орнынан тұру да осындай. Ғалымның, әділ сұлтанның [салих болған үкімет адамдарының], ата-ананың қолын сүюге болады.»

189 – Істеріңде асықпа және аяқасты шешім қабылдама! Асығыстықпен қабылданған шешімдерде шайтан араласады. Хадис шәрифте: «Асығу – шайтаннан, баяулық – Рахманнан» делінген. Нәпсіңнің бір қалауы ойыңа келгенде шайтан «Мүмкіндікті жіберіп алма, дереу жаса» дейді. Сөйтіп ол істейді. Көңілге келген нәрсені істеуге Аллаһу та’ала разы болады ма, соны ойлау керек. Мұны жасау күнә ма, әлде сауап па, осыны түсіну керек. Күнә болмаса жасау керек. Осылайша баяулық жасаған, яғни асықпаған болады. Тек бес жерде ғана асығу керек:

1) Қонақ келгенде алдына тамақ қой!

2) Пендешілікпен бір күнә істегенде, дереу тәубе, истиғфар ет!

3) Бес уақыт намаздың бәрін уақытын өткізбей, тез, яғни ерте оқы!

4) Қыз немесе ұл балаларыңа діни білім және намаз оқуды үйрет! Балиғатқа толғанда кешіктірмей үйлендір!

5) Қайтыс болған адамды жерлеуге асық! [Бірақ бұл үшін бес уақыт намаздың соңындағы Аятәл курси мен тәсбихтерді тәрк етпе!]

190 – Ешқандай күнә істеме! Аллаһу та’аланың ашуы қай күнәда екендігі белгісіз. Сауапты болған амалдардың барлығын жасауға тырыс! Өйткені, Аллаһу та’аланың разылығы қай амалда екендігі де белгісіз.

191 – Екі күнәдан қатты қорқ! Біріншісі, қол астындағыларға зұлымдық жасама! Ең үлкен зұлымдық – олардың Ислам білімін үйренулеріне, ғибадат жасауларына бөгет болу. Екіншісі, дін мен дүние жолында сатқын болма! Барлық күнәлардан қорқ! Бір адам бір күнәні істеуді қаласа, бірақ Аллаһу та’аладан қорқып, күнәдан бас тартса, Аллаһу та’ала ол адамға жәннатта бір зәулім сарай сыйлайды. Бір мұсылман саған зиян тигізсе, сен оған жақсылық жаса! Ешкімнің айыбын бетіне баспа!

192 – Қолыңнан келгенше жолдарды, көшелерді, мешіттерді жөндеуге тырыс, тәртібін сақта, тазалыққа мән бер!

193 – Ғибадаттарыңа сауап берілуі және дұғаларыңның қабыл болуы үшін халал напақа табу шарт. Ризығыңның халал болуы үшін әрбір ісіңде, әрекетіңде туралықтан айырылма! Ислам дінінің әмірлерін кемшіліксіз, әрі толық орында, кәсібіңде, міндетіңде және қызметіңде бағытыңнан айрылма, қулық пен қиянат жолдарына адаспа, алған ақшаң, жалақың, айлығың саған халал болсын!

Таңғы асты ерте ішудің төрт пайдасы бар:

1) Ауыздың жағымсыз иісін кетіреді.

2) Таңғы астан кейін су ішкенде денеге зияны тимейді.

3) Бір жерге баратын болса, қарны тоқ болады.

4) Ешкімнің тамағына көзі жүгірмейді.

Аз жеу өте пайдалы. Мысалы, суды аз ішкізеді, аз ұйқтатады. Ал көп жеу адамды жалқау қылады, денені шаршатады, көп су ішкізеді және малаяниге себеп болады. [Малаяни – қажетсіз, пайдасыз іс пен сөз.]

Ішіп-жеуді бастарда «Бисмиллаһиррахманиррахим» де! Рамазанда ауызашарда Бисмиллаһтан кейін «Зәһәбәззама' уәбтәлләтил-уруқ уә сәбәтәл әжр иншаллаһу та'ала» деп оқы! Тамақтанғаннан кейін«Әлхамдулилаһ» деп айт. Кейін тісіңді әр нәрсемен шұқылама! [Тісті ең жақсы тазалайтын нәрсе – мисуак.]

194 – Ғайбат күнәсынан өзіңді қорға! [Ғайбат – бір мұсылманның жасырын күнәларын және ашық кемшіліктерін артынан айту деген сөз. Қысылмай, ашық түрде жасалған күнәларды, әсіресе дінді бұзуды, мұсылмандықты өзгертуді көздеген діндегі реформашыларды жұртқа айту ғайбат болмайды. Оларды мұсылмандарға хабарлау керек.] Ғайбат айтқанда күнәларың артуымен қатар, сауаптар да жойылады. Пайғамбарымыз (алейһиссалам): «Ғайбат ету – зинадан да ауыр күнә»деген.

195 – Өтірік айтудан және жалғанға ант ішуден сақтан! Өйткені, жалғанға ант ішкендердің ұрпағы кесіледі. [Ант жайында араб тіліндегі«Фәтауа-и Хиндийа» және түрік тіліндегі «Сәадати Әбәдийа»кітаптарында көп мәлімет бар, қандай сөздердің ант ету болатыны және қандай сөздердің ант болмайтындығы ұзақ баяндалған.] Рия, көз бояушылық жасама! Жалғаннан тақуа болып көрінбе! Өзің қандай болсаң, солай көрін! Бойыңда болмаған нәрсені бар қылып көрсетіп, өзіңе жала жаппа! Пайғамбарымыз (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) былай айтқан:«Өзін ғалым қылып көрсеткен надандар тозаққа кетеді.»

Мұсылманның айыбын жария қылма, ешкімнің жасырын жағдайларын іздеме! Пайғамбарымыз (алейһиссалам) былай деген:«Миғраж түнінде бір топ адамдарды көрдім, өте қорқынышты және күйінішті түрде өз-өздерін азаптауда. Жәбірейіл алейһиссаламнан: "Ей, Жәбірейіл, бұлардың күнәсі не? Неліктен олар өз-өздерін азаптап жатыр" деп сұрадым. Жәбірейіл алейһиссалам: "Олар өзгелердің айыптарын жария қылғандар" деп жауаптады.»

Мұса алейһиссалам Тури Сина тауында Аллаһу та’аладан: «Йа, Раббым! Өзгелердің айыптарын жария қылудың жазасы қандай?» деп сұрады. Сонда Аллаһу та’ала: «Тәубесіз кететін болса, барар жері – тозақ» деді. Имам Ғазали (рахметуллаһи алейһи бари) былай дейді: «Үш үлкен күнә бар. Бұлар:

1) Бақылдық (сараңдық).

2) Хасед (көре алмаушылық).

3) Рия.»

Бақылдық – сараңдық, қызғаншақтық деген сөз. Мысалы, бақылдық дегеніміз – бір кісінің саған ісі түсіп, саған мұқтаж болғанында, сен қызғанып, ол нәрсені оған үйретпеуің. [Бақылдардың ең жаманы – мұсылмандарға әмри ма’руф және нәхи мүнкәр жасамайтындар. Оларға діндерін үйретпейтіндер немесе қате үйрететіндер.] Пайғамбарымыз (алейһиссалам): «Бақыл болғандар, қаншалықты діндар болса да, жәннатқа кіре алмайды» деген.

Ал хасед – бір адамның қайырлы бір ісі немесе үйі, мал-мүлкі, білімі болса, ол кісінің бұлардан айрылуын, ол кісіде болмай, өзінде болуын қалау деген сөз. [Ол адамда болғанындай өзінде де болуын қалау хасед болмайды. Бұған ғипта ету, қызығу делінеді. Бұл күнә емес.]

Пайғамбарымыз (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) былай деген:«Хасед, оттың отынды жегеніндей, игіліктерді (яғни жақсы амалдарды)жейді.»

Рия болса – намаз, ораза, садақа және жол, мешіт салдыру сияқты қайырымдылықтарды адамдар көрсін, ұнатсын деген оймен жасау деген сөз. Міне осындай мақсатпен жасалған істердің барлығы рияға жатады. Рия – кіші ширк. Мұндай адам тәубе етпегенше мүлдем кешірілмейді. Іліммен амал етпеу, амалында ықыластың болмауы және дін ғалымдарын, ғибадат етушілерді, азанды, қасиетті күндерді құрметтемеу де құрығандықтың белгісі.

196 – Әй, ұлым! Шақилардың белгісі сенің бойыңда болмасын! Мұндай белгілердің біріншісі – зұлымдық ету. Зұлымдық үшке бөлінеді:

1) Аллаһу та’алаға қарсы шығу.

2) Зұлымдық жасайтын адамдарға жәрдем беру.

3) Өзінің қол астындағыларын қинау, жапа шектіру. Олардың ғибадат жасауына бөгет болу.

Осы үш әрекетті істегендердің баратын жері тікелей тозақ.

 

Анықтама: Аллаһу та’алаға қарсы шығу екі түрлі болады:

1) Аллаһу та’аланың әмірлерін, яғни парыздарын орындамау. Парыздарды өзіне міндет деп санамағандар имансыз болады. Міндет деп біліп, бірақ жалқаулықпен орындамайтындар, яғни «Қазасын оқимын, өтеймін» деген ойда болғандар Ханафи мазһабында кәпір болмайды. Алайда ең үлкен күнә болады.

2) Аллаһу та’аланың тыйым салғандарын, яғни харамдарды істеу. Харамнан сақтануды өзіне міндет деп білген болса да, нәпсіне еріп істеп қойғандар және істегеннен кейін қайғыратындар кәпір болмайды. Харам істейтін мұсылмандарға «пасық», қарсы шығушы делінеді. Харам істемейтіндерге және парыздарды орындайтындар «салих» [жақсы адам], мүттақи (тақуа) делінеді. Иттиқаның, яғни харамнан сақтанудың сауабы парыздарды орындаудың сауабынан артығырақ. Парыздарды орындамаудың күнәсі харам істеудің күнәсынан көбірек. Харамдардың саны көп емес. Мысалы, адам өлтіру, ғайбат (біреуді артынан жамандау), зина жасау, әйелдер мен қыздардың бастары, қолдары, аяқтары ашық күйде көшеге шығуы, ұрлық, өтірік, ішкілік ішу, құмар ойнау, алтын мен күмісті қолдану еркектерге де, әйелдерге харам. Тек үйдің ішінде әшекей ретінде тағу әйелдерге ғана жаиз. Еркектерге тек күміс жүзік тағу ғана жаиз. Күмістен басқасын тағуы харам болып табылады.

 

Өтті жастық, тәтті түстей, құйылады көз жасым!

Мені мәжнүн етті дүние, күтіп жатыр көк тасым!