Ең үлкен күнә не?

Сұрақ: Ең құнды ғибадат және ең үлкен күнә, нақты айтар болсақ, қандай? Хадис шәрифтерде әр түрлі айтылады. Бір хадисте ата-анаға бағыну, басқа бірінде намаз делінеді. Күнәлар тұрғысында да дәл осылай, әр түрлі хадис шәрифтер бар. Жеті үлкен күнә жайлы айтылған деректер кездеседі. Басқа бір хадисте бұл жеті күнәдан бөлек зинаны ең үлкен күнә делінсе, басқа бір хадисте ішкілік ең үлкен күнә ретінде білдірілген. Бұлардың себебі неде?

Жауап: Қай ғибадат Аллаһу та'аланың разылығына қауыштырса, сол ең үлкен ғибадат болады. Ал ең үлкен күнә – Аллаһу та'аланың ашуына себеп болатын күнә. Мұны да біз біле алмаймыз. Аллаһу та'аланың ашуы күнәлардың арасына жасырылған. Сондықтан бүкіл күнәлардан сақтану керек. Бәлкім біз үлкен деп санамаған күнәміз Оның ашуына себеп болуы мүмкін. Нәпсіне жеңіліп, күнә істеген адам да қорқып жүру керек. Бір хадис шәрифте былай делінеді:

«Тартынбай күнә істеген мүминге Аллаһу та'ала ашуланады.» (Уқайли)

Хадис шәрифтердің әр түрлі болуының себебі болса мынадай:

Сұрақ қоюшылардың жағдайларына байланысты әр түрлі жауаптар берілген. Біреулерге намаз, біреулерге әмри маруф (дінді үйрету). Күнәлар да осындай. Кейбір адамдарға зина оның пәлекетіне себеп болады, кейбірлеріне ішкілік себеп болуы мүмкін. Сондай-ақ заманға қарай лайықты жауап берілген. Мысалы, Ислам дінінің алғашқы замандарында жиһад маңызды еді. Қазіргі заманда әмри маруфтың, Әһли сүннет сенімін жаюдың маңызы жоғары. Демек, адамдардың жағдайларына және заманға сай маңызы өзгереді. Онсыз да әмір етілген ғибадаттарды орындау, тыйым салынғандардан сақтану әр мұсылманның әр заманда міндеті болып табылады.

 

Сұрақ: Ширктен басқа ең үлкен күнә не?

Жауап: Күнә – Аллаһу та'аланың әмірлерін орындамау, яғни қарсы шығу болып саналғандықтан, күнәлардың барлығы үлкен. Ең үлкен күнә – Аллаһу та'аланың ашуына себеп болатын күнә. Мұны адам біле алмайды. Аллаһу та'аланың ашуы күнәлардың арасына жасырылған. Сондықтан барлық күнәлардан сақтану керек. Бәлкім кіші деп санаған бір күнәміз Оның ашуына себеп болуы мүмкін. Ғалымдарымыз былай деген:

«Ең үлкен күнә – бидғат сенімде болу. Дұрыс иман мәліметтері үйренілмесе, яғни иман бұзық болса, жасаған ғибадаттардың еш құны болмайды.»

«Ең үлкен күнә – күнәні білмеу. Ал одан да үлкен күнә – күнәні ғибадат ретінде жасау. Бидғат істейтіндер осындай. Олар бидғатты діннің әмірі деп жасайды.»

«Ең үлкен күнә – адамды ренжіту.»

«Ең үлкен күнә – тәкәппарлық.»

«Ең үлкен күнә – ғайбат.»

«Ең үлкен күнә – намазды үзірсіз қазаға қалдыру. Парыздарды міндет деп біліп, қазасын өтеуді ойлау шартымен, жалқаулықпен жасамау – ең үлкен күнә. Ал міндет деп білмеу, мән бермеу күпірлік болады. Намаз оқымау басқа бүкіл күнәларға жол ашатындықтан, ең үлкен күнә намаз оқымау деуге болады. Намаз оқитын адам басқа күнәлардан қорғанады. Өйткені Құран кәрімде намаздың бүкіл жамандықтардың алдын алатындығы білдірілуде.

Үлкен күнәларға қатысты хадис шәрифтердің кейбірлері мыналар:

«Ең үлкен күнә – адам өлтіру, ата-анаға зұлымдық жасау, жалған куәгер болу.» (Дәйләми)

«Ең үлкен күнә – жалған сөзге ант ету.» (Бұхари)

«Ең үлкен күнә – дүниелікке деген махаббат.» (Дәйләми)

«Дүниелікті жақсы көру – бүкіл күнәлардың басы.» (Бәйһақи, Ибн Әбиддунйа)

«Ең үлкен күнә – зина.» (Ибн Әбиддунйа)

«Ең үлкен күнә – алкогольдік ішімдік ішу.» (Табарани)

«Ең үлкен күнә – Аллаһ жайында су-и зан ету (жаман ойда болу) (Дәйләми)

«Ең үлкен күнә – ақысы жоқ бола тұра бір мұсылманның мал-мүлкін алу.» (Табарани)

«Ең үлкен күнә – пайыз, намысты әйелге жала жабу, жетімнің мүлкін жеу.» (Табарани)

«Ең үлкен күнә – бір адамның күнкөрісі өзіне қарасты болғандарға немқұрайдылық танытуы.» (Мүслим)

«Ең үлкен күнә – бір адамның қарызын өтеуге мал-мүлік қалдырмай өлуі.» (Әбу Дауд)

«Ғайбат – зинадан да үлкен күнә. Зинаға тәубе еткен адамды Аллаһу та'ала кешіреді. Ғайбат етілген адам ғайбат етушіні кешірмегенше кешірілмейді.» (Табарани)

«Лиуата жасаған адам – малғұн.» (И.Ахмед)

«Өсиетте мирасқорлардың бірін зиянға ұшырату үлкен күнә.» (Ибн Жәрир)

«Әурет жерлерін ашу үлкен күнә.» (Хаким)

«Бір мұсылманды ренжіту қағбаны жетпіс рет құлатудан да үлкен күнә.» (Р.Насихин)

«Кіші күнәні үзбей жалғастыру үлкен күнә болады.» (И.Асакир)

«Кіші болып көрінген күнәлар жиналған кезде егесін құртады.» (Табарани)

«Мына жеті үлкен күнәдан сақтаныңдар: 1) Аллаһқа серік қосу, 2) Сиқыршылық, 3) Адам өлтіру, 4) Соғыстан қашу, 5) Жетімнің мал-мүлкін жеу, 6) Пайызқұмарлық, 7) Намысты әйелге жала жабу.» (Табарани)

«Білімді жасыру арқылы жасалған қиянат мүлікке жасалған қиянаттан да үлкен күнә.» (Әбу Нуайм)

Хадис шәрифтерде сұрақ қойғандардың жағдайына қарай әр түрлі жауаптар берілген. Кейбірлерді зина пәлекетке ұшыратады, ал кейбірлеріне ішкілік себеп болуы мүмкін. Күнәнің үлкендігі адамдардың жағдайларына және заманға қарай өзгереді.

 

Сұрақ: Мына хадисты білдірген едіңіз:

«Бес уақыт намазын оқитын, Рамазан оразасын тұтатын, зекетін беретін және жеті үлкен күнәдан сақтанатын адамға жәннаттың бүкіл есіктері ашылады, сақтық және саламаттықпен кір делінеді.» (Нәсаи)

Бұл хадисте білдірілген жеті үлкен күнәлар нелер?

Жауап: Жеті үлкен күнәлар мыналар: 1) Аллаһқа серік қосу, 2) Сиқыршылық, пал ашу, 3) Адам өлтіру, 4) Соғыстан қашу, 5) Жетімнің мал-мүлкін жеу, 6) Пайызқұмарлық, 7) Намысты әйелге жала жабу. (Бұхари, Мүслим) Басқа бір хадис шәрифте де жеті үлкен күнәнің ішінде «Мұсылман болған ата-анаға дұшпан болу» тіркесі өтеді. Аллаһқа серік қосу – күпір. Күпір де кейде үлкен күнәлардың қатарынан саналады.

 

Аллаһ кімдерді жақсы көрмейді?

Сұрақ: Аллаһ кімдерді жақсы көрмейді?

Жауап: Аллаһу та'ала кәпірлерді де, күнә істейтін мұсылмандарды да жақсы көрмейді. Бұл екеуінің арасында, әлбетте, айырмашылық бар. Имам Раббани хазреттері былай деген:

«Аллаһу та'аланың кәпірлерге деген дұшпандығы затынан, яғни өзінен. Мұсылмандардың істеген күнәларын болса, сипаттары жақсы көрмейді. Бұл дұшпандық сипаттарына тиесілі. Мейірім сипаты заттың дұшпандығын арадан алып тастай алмайды.» (1/266)

Бірнеше аяти кариманың мағынасы мынадай:

«Аллаһу та'ала кәпірлерді жақсы көрмейді.» (Әли Имран 32)

«Аллаһу та'ала ысырап етушілерді жақсы көрмейді.» (Әнам 141)

«Аллаһу та'ала өз-өзін ұнатып, мақтанатын ешбір адамды жақсы көрмейді.» (Лоқман 18)

Бірнеше хадис шәрифтердің мағынасы мынадай:

«"Аллаһтан қорқ" деген кезде "Сен өзіңе қарап ал" деген адамды Аллаһу та'ала жақсы көрмейді.» (Бәйһақи)

«Дұшпандықта озат болғандарды Аллаһу та'ала жақсы көрмейді.» (Бұхари)

«Аллаһу та'ала тәкәппар адамдарды жақсы көрмейді.» (Дәйләми)

«Аллаһу та'ала көршісіне қиыншылық беретін адамды жақсы көрмейді.» (Дәйләми)

«Аллаһу та'ала сахабаларымды және туысқандарымды ренжіткен адамды жақсы көрмейді.» (Табарани)

«Аллаһу та'ала көп ішіп-жейтін және көп ұйықтайтын адамды жақсы көрмейді.» (И.Ғазали)

«Аллаһу та'ала сараңдықты жақсы көрмейді.» (Бәриқа)

«Аллаһу та'ала жаман сөз сөйлейтін адамды жақсы көрмейді.» (Ибн Әбиддүнйа)

«Аллаһу та'ала залым бай адамды жақсы көрмейді.» (Бәззар)

«Аллаһу та'ала жақсылықтан ғапіл қалған адамды жақсы көрмейді.» (Дәйләми)

«Аллаһу та'ала жұмыс істемейтін жастарды жақсы көрмейді.» (Мүнауи)

«Аллаһу та'ала шындықты қабыл етуге қарсы болатын адамды жақсы көрмейді.» (Бұхари)

 

Ең ауыр азап

Сұрақ: Өзі мұсылман болса да, күнәлары көп болғандықтан тозаққа түскен адамдардың арасында азабы ең ауыр болатын кімдер? Яғни қай күнәнің себебімен ауыр азапқа ұшырау мүмкін?

Жауап: Бұл адамдарға қарай өзгергеніндей, күнәні істеу себептеріне қарай да өзгереді. Мысалы бір патшаның зұлымдығы мен бір құлдың зұлымдығы бір бола алмайды. Пұт жасаушы мен сурет салушының азаптары бірдей болмайды. Ниеттеріне қарай өзгереді. Сүйікті пайғамбарымыздың кейбір күнәлардың маңызын білдіру үшін «Пәлен күнәларды істеген адам ең ауыр азапқа душар болады» дегені болған. Бұлардан үш хадис шәрифтің мағынасы мынадай:

«Қияметте азабы ең ауыр болатын адам – жандының суретін салатын адам.» (Бұхари)

«Қияметте азабы ең ауыр болатын адам – залым басқарушы.» (Бәйһақи)

«Қияметте азабы ең ауыр болатын адам – ілімі өзіне пайда бермейтін ғалым.» (Табарани)