«Фәтауа-и Хиндийа» кітабының бесінші томында жазылған, музыканың барлық түрі, яғни сазды аспаппен, әйел және жігіттің дауысымен өлең айту және тыңдау харам болып табылады. Байқаусызда естіп, сол жерден кетіп қалса күнә болмайды. Күнә болмаған нәрселерді жоғарыда аталғандардан басқа дыбыстармен тыңдау жаиз. Ілімнен, әдептіліктен құралған (әуенсіз) өлеңдер жазу, оқу жаиз. Тірі және кім екені белгілі болған әйел жайындағы сөздер, жазбалар мәкрух. Құран кәрім және намаз оқуға уақыт қалдырмайтын мубах істердің бәрі мәкрух. Мешіттерде илаһилер айтып билеу, ойнау, айналу харам. Ондай мешіттерге бару, кіру, отыру харам. Қазіргі таңда діннен хабарсыз болған пасықтар осылайша тариқатшылық жасап жүр. Тойларда және сәбиді ойнату үшін әйелдің сылдырмақ шалуы жаиз. Халал өлеңдерді сазды аспаптармен бірге шалып оқу жаиз емес. Еркектердің мейрамдарда дабыл қағуы да осындай. Күнә сөздер айтпастан және басқаларды күлдіру мақсатында болмаған әзіл, қалжың айту жаиз. Қуатты болу үшін күресу жаиз. Ойын-сауық үшін күресу мәкрух. Нарды, он алты тас, карта, бридж (карта ойыны), биллиярд, безик (карта ойыны), футбол, волейбол сияқты ойындар, ақша тігілетін құмар және малаяни (уақытты бос өткізу) болғандықтан, харам болып табылады. Білім үйренуге, намаз оқуға бөгет болатын нәрселердің бәрі харам. Шахмат – құмармен ойналса харам, құмарсыз мәкрух. Өтірік айту харам. Тек соғыста дұшпанға қарсы, екі мұсылманды татуластыру үшін және залымнан жәбір көрушіні құтқару үшін ғана өтірік айту жаиз болады. Күнә істеуді ойлау, істеуге ниет ету, күнә істеуге шешім қабылдау күнә емес, істеу күнә болады.
Күнә істеген адамға жылы сөзбен әмри ма’руф жасалады, яғни насихат айтылады. Тыңдамайтын болса, фитна шығатындай болса, онда ештеңе айтылмайды. Сөз тындайтын болса, қатты айту керек. Ұрсып, жаман сөздермен әмри ма’руф жасамау керек. Қарсылық танытатын адамға, әмри ма’руф және нәхи-и мүнкәр жасалмайды. Қарсылығына сабыр ете алатын болса, насихат айтуы абзал болады. Әміршілер қолмен (күшпен), ғалымдар тілмен (насихаттармен), ғалым болмағандар жүрекпен әмри ма’руф жасайды. Әр адам алдымен өзіне әмри ма’руф жасауы керек. Жай адамның ғалымға әмри ма’руф жасамауы керек. Бір күнә істеуді өзіне әдетке айналдырған адам сол күнәні істеп жатқан адамды көрсе, әмри ма’руф жасайды. Күнә істеп жатқан адамға әмри ма’руф жасай алмайтын адам оның әкесіне айтады немесе жазады. Әкесі әмри ма’руф жасамайтын немесе жасай алмайтын болса, әкесіне білдірмейді. Күйеуіне, үкіметке білдіру мәселесі де осындай. Тәубе еткен адамның күнә істегендігін басқаларға айтуға болмайды. Ұрыны көрген адам, ұрының зиянынан қорқпаса, хабар береді.
Күнә істеп жүрген әйел, насихат айтумен тәубе етпесе, онымен ажырасу уәжіп болмайды. Сазды аспаптарды үйде сақтау, өзі қолданбаса да, мәкрух болады. Ғалымның надандағы ақысы, ұстаздың шәкірттегі ақысы сияқты. Күйеудің әйеліне деген ақысы бұлардан да көп. Мубах болған бұйрықтарына бағыну және мал-мүлкін қорғауы да қажет. Басқа жол жоқ болса, біреудің егістік алқабынан өту жаиз болады. Рұқсат бермесе өтуге болмайды.
Ғибадат және табыс табу ілімін үйрену парыз. Одан артығырақ үйрену абзал. Фиқһ үйренбей жатып хадис, тәфсир үйренуге ұрыну адамның құрығанының белгісі. Құбыла бағыты мен намаз уақыттарын анықтау және дін жолында қызмет ету үшін астрономияны үйрену жаиз. Бірақ палшылықты үйрену харам. Айтысу, сөз тартысу үшін кәлам ілімін үйрену мәкрух. Надандардың бидғат ағымдар жайында, мазһабтар туралы сөйлеуі жаиз емес. Ескі грек философтарының және бидғатшылардың, мазһабсыздардың кітаптарын оқу, үйде ұстау жаиз емес. Ондай кітаптар адамның сенімін, иманын бұзады. Діни білімдерді, иманға қатысты мағлұматтарды «Әһли сүннет» ғалымдарының кітаптарынан үйренуден бұрын жаратылыстану, философия білімдерін үйрену жаиз емес. Әрбір мұсылман балаларына әуелі Ислам әліппесін, Құран кәрім оқуды, намаз оқуды, дін мен ислам ахлақын үйрету керек, содан кейін баласын мектепке жіберіп, жаратылыстануды, кәсіпті және басқа да қажетті, пайдалы нәрселерді үйрету керек. Әйтпесе надандарға алданып дінсіз болады. Ойынның барлық түрлері Малаяни болады, ілім үйренуіне бөгет болады. Ибн Абидин бесінші томда: «Араб тілі – жәннат тілі. Басқа тілдерден абзал» деген. Арабша үйрену және үйрету ғибадат. Ілімді Аллаһ разылығы үшін, Ислам дініне және мұсылмандарға қызмет ету мақсатымен үйрену керек. Мал-мүлікке, мансапқа қол жеткізу үшін, тәкәппарлану және танымал болу үшін үйренбеу керек. Ұстаздың ақысы ата-ананың ақысынан бұрын келеді. Ілімді Әһли сүннет ғалымдарынан немесе олардың жазған кітаптарынан үйрену керек және салих адамдарға үйрету керек. Ілімді жақсы адамдардан қызғанбау керек. [Салих адам дегеніміз – жақсы адам деген сөз. Әһли сүннет сенімінде болған және харам істеуден сақтанатын мұсылманға «Салих» [жақсы адам] делінеді. Әһли сүннет сенімінде болмаған мұсылманға бидғатшы немесе мазһабсыз делінеді.] Әһли сүннет сенімін және харамдарды үйрену Ихлас сүресін мың рет оқығаннан да сауапты. Фиқһ үйрену қари болудан абзал. Қари болу да нәпіл ғибадаттан абзал. Уағыз айтып жатқанда "Аллаһу та’ала" деп айту керек. Тек қана "Аллаһ" деп айту құрметсіздік болады. Фисқ мәжілісінде (күнә істелетін жиындарда) тәсбих, тахмид айту, Құран кәрім, хадис шәриф және фиқһ оқу күнә болады. Күнәға бөгет болу мақсатымен тәсбих айту жаиз болады. [Аңғарылғанындай, кернеймен, домбырамен, сазды аспаптармен бірге немесе бұлардың арасында тәкбір, салауат оқу күнә болады.] Дұға жасағанда алақанды ашу, екі қолдың арасы ашық болу, қолды кеуде тұсына дейін көтеру, дұғадан кейін қолмен бетті сипау мүстаһаб болып табылады. Жергілікті халық имамға деп егін ексе, өнім имамға тапсырылмаған болса, өнім егін еккендердікі болады. [Жәрдем үшін жиналған ақша, мал-мүлік те осындай.]
Тұрып дәрет сындыру жаиз немесе мәкрух. Үзір бар болса, мәкрух болмайды. Бірақ, үстіне шашыратпау және зәр шыққан жерді жуу немесе құрғату қажет. [Зәрін ұстай алмай жіберіп қоятын адам зәр шығатын жерді матамен орау керек, оны нейлон дорбашаға салып, аузын байлау керек. Зәр матаны ылғалдатқанда, дорбашадан шығарып, жуып, құрғатып қайта қолдану керек. Осылайша екі, үш матаны жылдар бойы қолдануға болады.] Дүниелік қиыншылықтардан құтылу үшін өлімді тілеу мәкрух. Заманның фитнасынан құтылу, күнәға түспеу үшін тілеу жаиз болады. Жер сілкінгенде үйден сыртқа қашу жаиз. Адамдарға мудара жасау мүстаһаб. Яғни, бәріне күлімдеп, жылы сөзбен мәміле жасау керек. Бірақ мудахана етпеу керек. Яғни адамның құрметі үшін күнә істеуге болмайды. Мүлік иесінің жалға берген мүлкіне кіріп тексеруге ақысы бар. Заманда, күндерде және жұлдыздарда ешқандай ырым жоқ. Балалары салих болған кісінің, мал-мүлкін олардың тек біреуіне ғана беруі күнә болады. Күнәхар болғандары бар болса, оларға бермеу жаиз болады. Бұлбұлды торға қамау жаиз емес. [Шымшық сияқты торға үйренген құстарды торда ұстау жаиз.] Дар-ул-Исламда әкімнің сиқыршыны, палшыны өлтіруі керек. Зындық үшін де осылай. Зындық – Аллаһу та’аланы, ахиретті жоққа шығарған және басқаларды да бұған қарсы шығу үшін алдайтын адам. [Жаратылыстану фанаттары, масондар және коммунисттер осындай.] «Хиндийа» кітабынан аударма тәмәм болды.
Сайтымыздағы мәліметтер бүкіл адамзаттың пайдалануы үшін дайындалған.
Түп нұсқасын өзгертпеу шартымен рұқсат алмай-ақ, әркім қалағанынша пайдалана алады. www.islamdini.kz ® 2008-2024