Сұрақ: Ризық жайында мәлімет бересіз бе?
Жауап: Аллаһу та'ала әр адамның, әр жануардың ризығын ежелден тағдырға жазған, ажыратқан. Адамдардың және жануарлардың ажалдары және тыныстарының саны белгілі болғанындай, әр адамның ризығы да белгілі. Ризық мүлдем өзгермейді. Азаймайды және көбеймейді. Ешкім ешкімнің ризығын жей алмайды. Ешкім өз ризығын жеп бітірместен өлмейді. Осы жөніндегі аяти карималардан бірнешеуінің мағынасы мынадай:
«Жандылардың көбі ризығын өзі таба алмайды. Сендердің де, олардың да ризығын Аллаһ береді.» (Анкебут 60)
«Раббың ризықты қалағанына мол береді, қалағанын азайтады.» (Исра 30)
«Аллаһтың кімге көп, кімге аз ризық бергенін көбі білмейді.» (Сәбә 36)
«Аллаһтан қорқатын адамға күтпеген жерінен ризық келеді.» (Талақ 2, 3)
Кімде-кім Аллаһу та'ала әмір еткендіктен жұмыс істеп, ризығын халал жолдан іздесе, ежелде белгіленген ризығына қолжеткізеді. Бұл ризық оған берекетті болады. Осы істеген жұмысына да сауап алады. Егер ризығын Аллаһу та'аланың тыйым салған жерлерінен іздесе, тағы да сол ежелде ажыратылған белгілі ризыққа қолжеткізеді. Бірақ бұл ризық оған қайырсыз, берекетсіз болады. Ризығына қауышу үшін істеген күнәлары да оны пәлекеттерге жетелейді.
Адам ризығын іздегеніндей, ризық та иесін іздейді. Көптеген кедейлер бар, байлардан да жақсы, бақытты өмір сүреді. Аллаһу та'ала өзінен қорқатындарға, дінін берік ұстанатындарға күтпеген жерінен ризық жібереді. Аллаһу та'ала адамдарды жаратып жатқанда, өмірлері сияқты, ризықтарын да тағдырға жазған. Бұл жөніндегі хадис шәрифтердің кейбірлері төменде:
«Аллаһу та'ала мұсылманның ризығын күтпеген жерден береді.» (И.Хиббан)
«Аллаһтан қорқыңдар, тілектеріңе қауышу үшін жақсы себептерге жабысыңдар. Жаман себептерге жоламаңдар! Ешкім тағдырда белгіленген ризығына қауышпағанша өлмейді.» (Хаким)
«Ажалдарың сендерді қалай аңдып жүрген болса, ризықтарың да солай аңдиды. Егер ризыққа жету үшін қиыншылық көретін болсаңдар, Аллаһу та'аланың бұйрығына сай әрекет етіңдер.» (Табарани)
«Аллаһтан қорқуды өзі үшін байлыққа айналтырған адам ризығына саудасызжәне байлықсыз қауышады.» (Табарани)
«Аллаһу та'алаға толық тәуекел еткендеріңде, таңертең аш кетіп, кешке тоқ қайтатын құстар сияқты ризыққа қауышар едіңдер.» (Тирмизи)
«Ризыққа қауышқан адам көп хамд (шүкір) етсін.» (Хатиб)
Халал ризыққа қауышуды қалаған адам себептеріне жабысуы керек! Ақша табу мал-мүлікті арттырады. Бірақ ризықты арттырмайды. Ризық тағдырда белгіленген. Яғни ежелден ажыратылған. Ризық айлыққа, мал-мүлікке, жұмыс істеуге байланысты емес. Алайда Аллаһ әмір еткендіктен жұмыс істеу керек. Өйткені Аллаһу та'аланың істері себептерінің астында көрініс табады. Әдеті осындай. Бірақ кейде себепке жабысқан болса да, ол іс орындалмауы мүмкін. Яки себепсіз де орындалуы мүмкін.
Хамд ету – Аллаһу та'алаға шүкір ету деген сөз. Әр ниғметтің Аллаһу та'аладан келгеніне сену керек. Аллаһу та'ала хазреті Мұсаға былай деді:
«Берген ниғметімді менен келгенін біліп, өзіне тиесілі деп ойламаған адам ниғметтердің шүкірін орындаған болады. Ризығын өзінің жұмысының нәтижесі деп біліп, менен келгенін мойындамайтын адам ниғметтің шүкірін орындамаған болады.» (И.Ғазали)
Жұмыс істеу – ғибадат
Ешкімге мұқтаж болмау үшін жұмыс істеу өте құнды амал. Пайғамбарымыз хазреті Муазбен қол алысқан кезде былай деді:
– Ей, Муаз, қолдарыңа күс басып кетіпті ғой.
– Иә, солай, Йа Расулаллаһ, қолыма кетпен алып, топырақ қазумен айналысамын, осының арқасында бала-шағамның напақасын тауып жүрмін.
Сонда сүйікті пайғамбарымыз хазреті Муазды сүйіп:
– Бұл қолды тозақ оты жақпайды. – деді. (Тибйан)
Тағы бір күні бір жас жігіт таңертең ерте жұмысқа бара жатқан еді. Сахабалардан кейбірі мұны жөн көрмеді. Сонда араларында отырған сүйікті пайғамбарымыз былай деді:
«Олай демеңдер! Егер ешкімге мұқтаж болмау, ата-анасын және жанұясын ешкімге мұқтаж қылмау үшін жұмысына бара жатқан болса, әр қадамы ғибадат болып саналады. Егер тапқан ақшасын мақтану, төгіп-шашып мастану мақсатында қолданбақшы болса, онда ол шайтанмен бірге.» (Табарани)
Аңғарылып тұрғанындай, мұсылманның жақсы ниетпен жұмыс істеуі – ғибадат. Бірақ кәпірдің және харамдардың бәрін істейтін адамның жұмыс істеуі ғибадат болмайды. «Намаздың не қажеті бар, жұмыс істеудің өзі де ғибадат қой» деп айту да үлкен қателік. Олай айтқан адам кәпір болады. Намаз оқитын, харамдардан сақтанатын адамның жақсы ниетпен жұмыс істеуі – ғибадат болады. (К.Саадат)
Зияннан сақтану керек
Зиянды істен қай уақытта бас тартсаң да – олжа. Ризық табу уайымымен харамға қол созбау керек және төмендегі хадис шәрифтерде айтылған адам болмау керек:
«Бір заман келеді, адамдар тек мал-мүліктің, ақшаның келуін ғана ойлайды, халалдан ба, харамнан ба ойламайды.» (Бұхари)
«Бір заман келеді, адамның бүкіл қайғысы – қарыны болады, құрметі – мал-мүлік, құбыласы – әйел, діні – ақша болады. Ондай адамдар – халықтың ең жамандары.» (Сүләми)
Аллаһу та'ала әркімнің ризығын ежелден тағдырда бекіткен. Ризық өзгермейді, азаймайды, көбеймейді. Ешкім ешкімнің ризығын жей алмайды. Аллаһу та'аланың 99 есімінің бірі – Рәззақ, яғни бүкіл болмыстың ризығын беруші. Аллаһу та'ала «Әр жанның ризығын мен беремін» деген. Ризықта Аллаһу та'ала берген сөзге сүйену керек! Құран кәрімде былай делінеді:
«Жер бетіндегі барлық жандының ризығын Аллаһ береді.» (Худ 6)
Хадис шәрифтерде де былай делінеді:
«Ризықты кеңейтетін де, азайтатын да, жіберетін де жалғыз Аллаһу та'ала.» (Рәддул мухтар)
«Аллаһтан қорқ, ризығыңды жақсы жолдан ізде, халалды ал, харамды тәрк ет!» (Ибн Мажа)
«Ризығыңды кешікті деп санама! Ешкім ризығына қауышпастан өлмейді.» (Хаким)
«Ешкім өз нәсібінен артық ризыққа қауыша алмайды. Ризығына қауышып жемегенше өлмейді. Қаламаса да ризығы өзіне беріледі.» (Хаким)
«Хақ та'ала хазреті Адамға мың түрлі кәсіп үйретіп, былай деді: Нәсілің осы кәсіптерден бірімен ризығын іздесін! Дінді күнкөріс көзі қылудан сақ болсын!» (Хаким)
«Аллаһ берген ризыққа қанағат еткен мүмин құтылды.» (Мүслим)
«Ең жақсы ризық – халалға, харамға мән беріліп табылғаны.» (Нәсаи)
Сүйікті пайғамбарымыз: «Егер Аллаһтан қорқуды өздеріңе байлық етіп алсаңдар, ризықтарың саудамен айналыспасаңдар да, байлықсыз да келеді» деп, мынадай мағынадағы аятты оқыды:
«Кім Аллаһтан қорқса, Аллаһ оған бір есік ашады және ризығын күтпеген жерден жібереді.» (Табарани-Талақ 2,3)
Аллаһу та'ала әмір еткендіктен жұмыс істеген, ризығын халал жолдан іздеген адам ежелдегі ризығына қауышады. Ризығы берекетті болады. Жұмыс істегені үшін сауап алады. Егер ризығын харам жолдан іздесе, тағы ежелде ажыратылған ризыққа қауышады. Бірақ бұл ризық оған қайырсыз, берекетсіз болады, тапқан күнәлары да оны пәлекетке жетелейді.
Хазреті Хызыр жөндеген ғимараттың астындағы алтындағы жазбада былай жазылған еді:
«Өлім хақ болса да күліп, рахаттанып жүрген, тағдырға сенген болса да мұңайған, ризыққа Аллаһу та'ала кепіл болса да әурегершілікке түскен, қияметте сұрақ-жауаптар бар болса да ғапіл болып жүрген, өткінші екенін білсе де дүниелікке байланған адамға қалай таң қалмайсың?»
Ризық уайымы
Дүниедегі қиыншылықтар ахиреттегі рахаттыққа себеп болады. Ризық үшін уайымдау дұрыс емес. Хадис шәрифтерде былай делінеді:
«Бала-шағасы көп және ризығы аз болып, намаздарын шарттарына сай оқитын және мұсылмандарды ғайбаттамайтын адам қияметте менімен бірге тіріледі.» (М.Масумийа)
«Қажылық жолында өлгендерге және Аллаһ жолында соғысқандарға сүйіншілер болсын! Бала-шағасы көп және табысы аз болып, жағдайына шағымданбай, үйіне қуанышпен кіріп, күліп шыққан адам да қажылардан және ғазилардан.» (Дәйләми)
«Бір мұсылман табысын халалдан тауып, ешкімге мұқтаж болмаса, көрші мен туыстарына жәрдем берсе, қияметте айдың он төртінші күніндей нұр шашады.» (Бәйһақи)
«Жұмыс істеп ақша табу – әр мұсылманға парыз.» (Табарани)
«Ғибадат он бөлімнен тұрады, тоғызы жұмыс істеп халалдан табу.» (Дәйләми)
«Ешкімге мұқтаж болмау және ата-ананы, бала-шағаны да мұқтаж қылмау үшін жұмысқа барған адамның әрбір қадамы ғибадат.» (Табарани)
«Аллаһу та'ала кәсіп иесі болған мүминді жақсы көреді.» (Табарани)
«Жұмыс істемей, өзін садақа сұрайтындай жағдайға түсірген адам 70 нәрсеге мұқтаж болады.» (Тирмизи)
«Күнкөрісін халалдан табу Аллаһ жолындағы жиһад сияқты.» (Дәйләми)
«Жиһад – тек қылышпен сайысу емес. Ата-ананы, бала-шағаны асырау, ешкімге мұқтаж болмау үшін жұмыс істеу де жиһад. Жұмыс істеп, ешкімге жүк болмаған адам – мүжаһид (жиһад етуші).» (И.Асакир)
«Халалдан ақша табу үшін қиыншылық тартқан адамға жәннат уәжіп болады.» (И.Ғазали)
«Аллаһу та'ала сүйіктісіне ризығын жеткілікті мөлшерде береді.» (Әбушшәйһ)
«Зікірдің қайырлысы – хафи (жасырын) болғаны, ризықтың қайырлысы – жеткілікті болғаны.» (Бәйһақи)
Ибраһим Әдхам хазреттері арқасында отын тасып ризығын табатын еді. «Бауырларың сені ештеңеге мұқтаж қалдырмайды ғой, неліктен отын тасып жүрсің?» деп сұрағандарға, «Хадис шәрифте: "Халалдан табу үшін қиыншылық шеккендерге, қорлық көргендерге жәннат уәжіп болады" делінгендіктен, осы жұмысты істеп жүрмін» деді. (К.Саадәт)
Халал ризық іздеу
Сұрақ: Ризығымыздың артуы үшін не істеу керек?
Жауап: Әр істің себебіне жабысу керек. Халал ризық үшін дұға және истиғфар оқу керек. Дұға қабыл болса, еш күтпеген бір жерден ризыққа қауышуымыз мүмкін. Төрт хадис шәриф мынадай:
«Жәбірейіл алейһиссалам әр келгенінде "Аллаһым, маған халал ризық және жақсы бір жұмыс нәсіп ет" деп дұға ету керектігімді айтатын еді.» (Хаким)
«Истиғфарды тұрақты айтып жүретін адам күтпеген жерінен ризықтанады.» (Ибн Мажа)
«Аллаһу та'ала мүминнің ризығын күтпеген жерден береді.» (Дәйләми)
«Көп садақа берген адамның ризығы молаяды және дұғасы қабыл болады.» (Ибн Мажа)
Ризықтың келуіне себеп болатын істерді орындау керек. Хадис шәрифтерде былай делінеді:
«Садақа беру ризықты арттырады!» (Дәйләми)
«Сыла-и рахим (туыстарды зиярат ету) жасаған адамның ризығы молаяды.» (Бұхари)
«Намаз оқу ризықтың берекетті болуына себеп болады.» (Мифтах-ул-Жәннат)
«Тұрақты түрде садақа беріп тұратын адамның ризығы артады!» (Ибн Мажа)
«Жомарттың үйіне ризық түйенің кеудесіне ұрылған пышақтан тезірек келеді.» (Ибн Мажа)
«Бір-біріңе ас беріңдер, сонда ризықтарың кең болады.» (И.Адий)
«Намаз оқу ризықтың берекетті болуына себеп болады.» (Мифтах-ул-Жәннат)
«Әйелімен (жақсы қарым-қатынаста болып) әзілдесетін адамның ризығы артады.» (И.Лал)
«Ата-анасына жақсылық жасаған адамның өмірі ұзын, ризығы берекетті болады.» (И.Ахмед)
Кейбір істер кедейлікке жол ашады, ризықтың қиындықпен келуіне себеп болады. Мысалы тырнағы ұзын болған адамның ризығы машаққатпен, қиындықпен келеді. Үш хадис шәриф:
«Күнә істеу ризықтан мақрұм қалуға себеп болады.» (Ибн Мажа)
«Өтірік айту ризықты азайтады.» (Исфахани)
«Зина кедейлікке жол ашады.» (Бәйһақи)
Ата-бабаларымыз «Ерте тұрған адамның нәсібі мол болады» және «Ерте тұрған еркектің ырысы артық, ерте тұрған әйелдің бір ісі артық» деген. Тұрақты айлығы бар болса да, кім ерте тұрса, соның нәсібі мол болады. Айлықтың өзі емес, берекеті артады. Берекет – аз нәрседен көп пайдалану деген сөз. Аздаған тамақ көп адамға жеткен болса, берекетті болды деген сөз. Көп ақша тапқан болса да, айлығын жеткізе алмаған адам ақшасының берекетсіздігі себебінен қарызға кіреді. Таңертең ерте тұру қайырға, берекетке себеп болады. Хадис шәрифтерде былай делінеді:
«Таңғы ұйқы – ризыққа кедергі.» (Бәйһақи)
«Хақ та'ала ризықтарды таң ату мен күннің шығу уақыттары арасында береді.» (Бәйһақи)
«Йа, Раббым, жұмысына ерте барған адамның жұмыстарын берекетті қыл!» (Тирмизи)
«Таң намазын оқығаннан кейін ұйықтамаңдар, ризықтарыңды іздеуге тырысыңдар!» (Табарани)
«Ризық үшін жұмысына ерте барған адамның істері берекетті болады және жетістікке жетеді.» (Бәззар)
Заттық ризықтардың таралуы таң намазынан кейін болады. Ал рухани ризықтардың таралуы екінді намазынан кейін болады. Бұл екі уақытта ұйықтамауға мән беру керек. (Әл-Әнуар)
Ризықты басқа мақсатпен емес, Аллаһ разылығы үшін іздеу керек. Екі хадис шәрифтің мағынасы мынадай:
«Балалар ризықты қамтамасыз ету үшін жұмыс істеуге шықса, Аллаһ жолында. Кәрі ата-анасын асырау үшін шықса, Аллаһ жолында. Өзін харамнан қорғау үшін шықса, Аллаһ жолында. Егер жұртқа көрсету және басқалардың алдында мақтану үшін жұмыс істеуге шықса, шайтанның жолында.» (Табарани)
«Сондай бір заман келеді, Құран оқитын әр түрлі адамдар ғибадат етуге тырысады, бидғатпен де айналысады. Білмегендері үшін мүшрик болады. Оқығандарына және ілімдеріне ақы ретінде ризық алады және дүниені діннің ақысы ретінде жейді. Міне, олар – соқыр Дәжжалдың жәрдемшілері.» (Дәйләми)
Ризықтарыңды жақсы жолдан іздеңдер
Сұрақ: Ризығымызды тауып жатырмыз деп көбі халалға, харамға мән бермейді. Ризықты тек халал жолдан іздеу керек пе?
Жауап: Хақ та'ала әр жандының ризығын жіберетіндігін «Аллаһу та'ала ризығын бермейтін жер бетінде бірде-бір махлұқ жоқ» деп айтып білдірген.
Аллаһу та'ала әр адамның және әр жануардың ризығын ежелде тағдырда бекіткен, ажыратқан. Адамдардың және жануарлардың ажалдары және тыныс алуының саны белгілі болғанындай, әр адамның денесінің және рухының ризықтары да белгілі.
Ризық өз-өзінен өзгермейді, азаймайды және көбеймейді. Ешкім ешкімнің ризығын жей алмайды. Ешкім өз ризығын жеп бітірмей өлмейді.
Барлық жандының ризығын Аллаһу та'ала береді. Бала анасының жатырында, жұмыс істей алмағандықтан, оған кіндігінен ризық жібереді. Бала дүниеге келгенде ризық ретінде анасының омырауынан сүт жібереді. Бір нәрсе жей алатын жасқа келгенде де тістерін жаратады.
Баланың ата-анасы өліп, жетім қалса, бұрын тек мейіріммен анасы асырап жүрген болса, бұдан былай бәрінің жүрегін сол жетімге деген мейіріммен толтырады. Өскен кезде де жұмыс істеу үшін күш-қуат және ақша табуға деген қалау береді. Ол адам бұл қалаудан бастартып, тақуалық жолын ұстанып, өзін жетім орнына қойса, адамдардың жүрегін оған деген мейіріммен толтырады. Бәрі «Бұл адам Аллаһ жолында. Әр нәрсенің ең жақсысы оған лайық» дейді. Ақша тапқанда оған тек өзінің жаны ашитын еді. Ал қазір бәрінің жаны ашиды. Бірақ тақуалық жолынан айрылып, нәпсіне еріп, жұмыс істемейтін болса, ешкімнің жүрегінде оған деген мейірімді пайда қылмайды. Ондай адамдардың «Тәуекел еттім» деп жұмыс істемеуі, жалқау болып отыруы мүлдем жаиз емес. Өзін ойлайтын адамның, жұмыс істеп қажеттіліктерін өзі алуды да ойлауы керек. Демек, Аллаһ жолында болып, жетім сияқты болған адамға әркімнің жүрегінде оған деген мейірім жаратады.
Жүнәйд Бағдади хазреттері «Аллаһу та'ала әмір еткендіктен жұмыс істеу керек, ризық үшін қайғырмау керек» деген. Ризықта Аллаһу та'ала берген сөзге жүгіну керек. Мұсылман Аллаһу та'ала жұмыс істеуді әмір еткендіктен жұмыс істеп ақша табады. Нәпсінің жаман қалауларына, ләззаттарына қауышу үшін жұмыс істеп ақша табу және жұмыс істегенде халалды харамнан айырмау, өзгелердің ақысына тию, оларға қарыздарды өтемеу, қылмыс істеу дүниеге берілгендікті көрсетеді. Дүниеге берілу – үлкен күнә. Аллаһу та'ала әмір еткендіктен көп жұмыс істеп, көп ақша табу және Ол әмір еткендей жұмыс істеп, табысын Ол әмір еткен жерлерге жұмсау ғибадат жасау болып саналады. Үлкен сауап болады.
Бір адамның «Харам істерге қолым бейім, мубах істер қолымнан келмейді» деп айтуы үлкен қателік. Хадис шәрифте былай делінеді:
«Әр адамға дүниеліктен нәсібі не болса, сол нәрселер оған оңай қылынады» делінді. (Хаким)
Бір адам табысын құмардан табуға тырысса, уақыт өте құмар істе ептілігі артады. Ағаш ұстасы, тігінші сияқты халал кәсіпті үйренуді қалағандарға да сол істері оңайласады. Сондықтан әрдайым халал табыс жолдарын іздеу керек. Хадис шәрифтерде былай делінеді:
«Ей, адамдар, Аллаһтан қорқыңдар және ризықтарыңды іздеуде жақсы жолды ұстаныңдар! Өткені ешбір адам ризығын алмай тұрып өлмейді. Олай болса, Аллаһтан қорқыңдар және ризықтарыңа жақсы жолдармен жетіңдер, халалды алыңдар, харамды тәрк етіңдер!» (Ибн Мажа)
«Ризықтарыңды кешіккен деп санамаңдар! Ешбір адам тағдырда жазылған ризығына қауышпағанша өлмейді. Олай болса, ризықтарыңды жақсы жолдан іздеңдер, халалды алыңдар, харамнан қашыңдар!» (Хаким)
Сайтымыздағы мәліметтер бүкіл адамзаттың пайдалануы үшін дайындалған.
Түп нұсқасын өзгертпеу шартымен рұқсат алмай-ақ, әркім қалағанынша пайдалана алады. www.islamdini.kz ® 2008-2024