ТҰРҒЫЛЫҚТЫ АУДАН ӘДЕБІ ЖАЙЫНДА БӨЛІМ

160 – Зәру бір ісің болмағанша, адам көп жиналатын жиындарға кірме! Ішкілік, құмар, сазды аспап бар болған, еркектер мен әйелдер бірге аралас отыратын жерлерге барма және әйеліңді, бала-шағаңды жіберме! Мұндай жерлерге «Фисқ мәжілісі» (жалпылама күнә істелетін жиын) делінеді. Оранған болса да, ашық-шашық болса да, бөтен әйелдер мен қыздарға қарама! Бір қызға көзі түскенде, харам болғандықтан одан көзін алып қашқан, оған қарамаған адамдарға шәһидтің сауабы беріледі. Тұрғылықты ауданыңда кетіп бара жатқанда терезелерге қарама! Бір әйелді көрсең, оған жақындап жүрме! Бірінші көзің түскенде сенің жақының емес екенін аңғарасың, одан кейін екінші рет тағы қарама! Алғаш қарағаныңа күнә жазылмайды. Қарауды жалғастырғанда немесе қайта қарағанда күнә жазылады. Хазреті Әли (кәрамаллаһу уәжһәһ): «Өмірімде, бір рет болса да, әйелдерге шәхуетпен (құмарлықпен) қарамадым» – деген. Шәхует назарымен әйелдерге қарау – көздің зинасы. Бұған тәубе ету керек. Әр жерге мұрныңды сұға берме, әйтпесе не бір апатқа ұшырайсың, не бір бәле-жалаға душар боласың.»