Анықтама: «Әл-ихтияр» кітабында жазылғаны бойынша, «Неке» – үйлену үшін жасалған келісім шарт деген сөз. Құран кәрім некелесуді әмір етеді. «Ниса» сүресінің үшінші аятында «Халал болған әйелдермен некелесіңдер!»,23-ші аятында «Олармен иелерінің рұқсатымен некелесіңдер!»,Нұр сүресінің 32-ші аятында «Күйеуі болмағандармен некелесіңдер!» делінеді. Хадис шәрифте де: «Неке тек куәгерлер арқылы ғана жасалады» және «Некелесіңдер, көбейіңдер! Қиямет күні үмбеттердің алдында сендермен мақтанамын» және «Неке қию – менің сүннетім. Сүннетімді тәрк еткен адам менен емес» делінеді. Аяти карималар, хадис шәрифтер және ижма-и уммәт некенің шариғи екенін, ғибадат болғанын білдіруде. Некесіз үйлену харам болып табылады. Некенің қажет екеніне мән бермейтін, маңызды деп санамайтын адам кәпір болады. Үйлену – муәккад сүннет. Кей жағдайда парыз болады. Егер бір-біріне зұлымдық, жәбір көрсету қаупі бар болса, мәкрух болады. Неке екі мұсылманның өткен шақта сөз айтуымен орындалады. Мысалы, «Маған күйеуге шық» дегенде, «Саған күйеуге шықтым» немесе "Саған тидім" деп айту арқылы жүзеге асады. Неке сөздерімен және сыйлық, садақа ретінде мүлік, сатып алу, сату сөздерімен де сахих болады. Мүшриктің, мүртәдтің некесі сахих болмайды. Ханафи мазһабы бойынша мұсылмандардың неке қию рәсімінде екі мұсылман еркектің немесе бір еркек пен екі әйелдің куәгер болуы қажет. Мұсылман кісі кітапты кәпір болған зимми әйелмен некелескен жағдайда екі куәгердің де зимми болуы жаиз. Мәһір ақшасын келісу некенің сахих болуына шарт болмаса да, мәһри мисл беріледі. Яғни әйелдің туысына, мәселен әпкесіне берілген шамада мәһір беріледі. Исламға сай некелескеннен кейін әйелі күйеуінен муажжәл мәһірді сұрайтын болса, дереу беруі қажет болады. Сондықтан, некелескен кезде муажжәл (дереу берілетін) және муәжжәл (айрылған кезде берілетін) мәһірлердің мөлшерлері бөлек-бөлек анықталады және үйлену әмиянына жазылады. Күйеу жігіт және екі куәгер қол қойып, әйелге тапсырады. Осы екі мәһірдің топтама мөлшері 10 дирхам, яғни 7 мисқал күмістің құнынан аз болмауы керек. Қазіргі таңда күмістің бағасы шариғи құнынан төмен боғандықтан, мәһір бір мисқал алтыннан, яғни бір алтын ақшаның үште екісінен (5,5 грамнан) аз болмауы керек. Қазіргі заманда он мен елу алтын ақшаның арасында болуда. Ислам діні еркекке әйелімен ажырасу құқығын берген болса да, мұны қолдану мүмкін емес сияқты. Өйткені, ажырасқан кезде мәһір ақшасын әйелге дереу беруді және ұл болса жеті жасқа, ал қыз болса, балиғатқа толғанға дейін балаларының напақасын анасына үздіксіз беруді әмір етуде, бере алмаса дүниеде қамауға, ахиретте тозаққа кіретінін білдіруде.
Бір еркектің аналарымен, қыздарымен, қыз бауырларымен, әпкелерімен, нағашы әпкелерімен, бауырының қыздарымен, қаншалықты алыста болса да, некелесуі мәңгі харам болып табылады. Оларға «Махрем туыс» дейді. Тек жағынан харам болған осы жеті әйел, сүт арқылы және зина себебімен де харам болады. Қайын енемен және оның аналарымен, келінмен, балаларының келіндерімен, өгей қызбен, өгей анамен некелесу де мәңгі харам. Төрттен артық үйлену және басқа біреудің әйелімен үйлену жаиз емес. Мұсылман еркектің әһли кітап әйелмен, яғни яһуди және христиан дінінде болып, бір мақлұқты тәңір ретінде санамайтын әйелмен некелесуі жаиз. «Нимети ислам» кітабында «Әһли кітап әйелмен некелескенде куәгерлердің мұсылман болуы шарт емес. Бір мұсылман кітапты кәпір болған әйелінің шіркеуге баруына және үйде шарап жасауына тыйым сала алады. Хайз және нифас бөлімінің соңында да былай жазылған: Ғұсыл алуы үшін мәжбүрлей алмайды. Көшеге шыққанда орандыруы жақсы болады. Мұсылман әйелінен кейін екінші әйел ретінде әһли кітап болған әйел алу жаиз болады» делінген. Кітапсыз кәпір және мүртәд болған әйелге үйленуі жаиз емес. Шиилер және басқа да сектанттар жасап жүрген «Мута некесі» [яғни уақытша көңілдес алу] және«Мууаққат неке» харам болып табылады. Мутә некесі – бір әйелге ақша беріп, белгілі бір мерзім бірге өмір сүруге келісу деген сөз.
Некеде әйелдердің де сөзі өтеді. Яғни, ақыл кірген, балиғатқа толған қыздың өз еркімен некелесуі және басқа біреудің уәлиі, уәкілі болған жағдайда оны некелестіруі немесе өзінің некесі қиылу үшін біреуді уәкіл етуі немесе басқа біреудің өзін бір кісіге некелестіргенін түсінген кезде рұқсат беруі, бәрі жаиз. [Әйелдің өзін үйлендіру үшін уәкілі болып тағайындалған адам оны өзінің некесіне ала алмайды. Әйелдің өзін және басқа біреуді некеден босатуға, ажырасуға ақысы жоқ.] Балиғатқа толған бойдақ қызды біреумен некелесу үшін мәжбүрлеу жаиз емес. Уәлиі (әке, ата секілді қызға жауапты кісі) балиғатқа толған қыздан неке қидырылуына одан рұқсат сұрауы керек. Жауап бермесе немесе күлімдесе, яки үнсіз жыласа, рұқсат берген болып саналады. Жесір әйелден рұқсат сұрағанда және уәлиден басқа адам рұқсат сұрағанда, сөзбен рұқсат беруі қажет. Уәлидің балиғатқа толмаған балаларын олардың рұқсатын алмастан некелестіруі жаиз. Уәли, әкесі және атасы болмаса, бала балиғатқа толғанда, некені бұзуына болады. Уәли – мирасы түсетін туыстардың ең жақыны. [Еркек уәли жоқ болса] ана және әйел туыстар да қыздың уәлиі болады. Бұл уәлилер де жоқ болса, қазы уәли болады. Жас бала және кәпір адам мұсылманға уәли бола алмайды. Бір адам екі тараптың да уәлилері немесе уәкілдері немесе біреудің уәкілі, басқасының уәлиі немесе өзіне асыл, басқасына уәкіл немесе уәли бола алады. Бұл сонғысы көкесінің кіші қызын өзіне некелестіру сияқты болып, «Куә болыңдар! Пәленшені өзіме некеледім» деп айтуымен неке сахих болады. Қабыл етілуіне қажеттілік болмайды. Қыз бен жігіттің діни білімдері, тақуалығы, тектілігі, абыройы, тұрмыстық әл-ауқаты тұрғысынан тең болуы керек. Салих адамның қызы бір фасыққа (күнәхарға) күйеуге шықса, уәлилері бұл некелерін бұза алады. «Ихтияр»кітабынан аударма тәмәм болды. Күйеу бала кейіннен фасық болса (мысалы ішкілікке салынса, есірткі қолдана бастаса, доп ойындарына, суда жүзуге құмарланып, әурет жерлерін ашса, намазды тәрк етсе), әйелі ажырасуды талап ете алмайды. (Фәйзийа)
Адам алейһиссаламнан бері тек неке ғибадаты ғана жалғасып келген, үкімі жойылмаған. Барлық ғибадаттардағыдай, некенің де сахих болуы үшін неке қиярда ниет ету керек. Яғни некелесетіндердің «Аллаһу та'аланың әмірімен сүйікті пайғамбарымыздың сүннетін орындап некелесіп жатырмын» деп көңілінен өткізуі керек. Ислам некесі мен АХАЖ-дағы неке қию рәсімін бір-бірімен шатастырмау керек. Ислам некесін қию – Аллаһу та'аланың әмірі. Үйлену заңды рәсімдері – заңның әмірі. Екеуінің атауы да, шарттары да басқаша. Ислам некесін қимау үлкен күнә. Заңды некеге тұрмау да қылмыс. Бұл қылмысты жасаған адам қамауға алынады. Мұсылманның күнә істемеуі және заңды түрде қылмыс саналатын әрекеттерден сақтануы керек. Заңға бағынбау жазаға, зиянға себеп болады және фитнаға жол ашады. Ал бұлар харам болып табылады. Заңды некеге тұруға дініміз тыйым салмаған. Осман империясы заманында бұлардың екеуі де орындалатын еді. 1298 (м.1880) жылы шығарылған қаулыда «Некелесу, туылу және қайтыс болу әкімшілікке тіркелуі тиіс» деп жазылған. Үйленуге шариғи мекемелерден рұқсат алмағандардың некесін қиған имамдарға берілетін жазаларды мәлімдейтін мемлекеттік мәжіліс хаттамасы, «Жәридә-и мухаким»-нің 2434-ші бетінде жазылған. Сондықтан, қазіргі заманда да үйленбекші болған мұсылман алдымен арнайы мекемеге барып, заңды некеге тұру рәсімдерін жасау керек, кейін ислам некесін қидыру керек. Ислам некесін имамның, молданың қидыруы шарт емес. Діни білімі болған, намаз оқитын салих адамдар қидырады. Дінсіздер, мазһабсыздар ислам некесіне «Имам некесі» деп мазақ қылады. АХАЖ-да некеге тұрған болса, имам некесін қидыру қажет емес дейді. Имам некесін қидыруға тыйым салынады, бұл қылмыс деп мұсылмандарды алдайды. Алайда ислам некесін қиюға тыйым салынбайды, бұл қылмыс емес. АХАЖ-да некеге тұрмау қылмыс. «Ислам некесіне қажеттілік жоқ. Құранда жазылмаған» сияқты сөздер некені жоққа шығаратын, сенбегендіктен орындамайтын және басқаларға істеткізбейтін адам кәпір болады, иманы кетеді. Исламның бес шартының бірін жоққа шығарғандай болады. Үйленетін еркек пен қыздың мұсылман болуы керек. Бұл шарт – ислам некесінің сахих болуы үшін қажет болған шарттардың ең маңыздысы. Сондықтан, неке қиюдан бұрын діндері күмәнді болған жігіт пен қыздан иманның алты шартын және Исламның бес шартын сұрау керек, білмейтін болса үйрету керек. Жатқа айтқызу керек және «Калима-и шәһәдәт» айтқызу керек. «Тәждид-и иман» (иман жаңалау) жасату керек, осыдан кейін неке қию керек. Куәгерлердің де осындай күмәнсіз иманды болуы керек. Ислам некесі күйеу мен әйел арасында махаббатқа, бақытты өмір сүрулеріне себеп болады. Бала-шағасы мен немерелерінің де мұсылман, салих болуын, дүние мен ахиретте бақытты болуын, рахат болуын қалайтын әрбір мұсылманның некеге қатты мән беруі керек.
«Дуррул мухтар» кітабының екінші томында, кәпірдің некесі жайлы бөлімінің соңындай былай жазылған: Әйел ажырасу мақсатымен немесе ондай ойсыз мүртәд болса (діннен шықса), тәждиди иман етуі (иман жаңалауы) және некенің жаңартуы үшін сот тарапынан мәңгіге қамауға алынып жәбірленеді. Бұхара ғалымдары осылай деді. Фәтуа да осындай. Бәлх ғалымдары әйелдің мүртәд болып, кейіннен тәубеге келуімен некесі бұзылмайды деді. Ал «Нәуадир» мағлұматтары бойынша, мүртәд болған әйел Дар-ул исламда (Ислам мемлекетінде) да күң болады және Фәй деп аталатын мүлікке айналады. Күйеуі оны имам-ул-мүслиминнен сатып алады немесе Бәйт-ул малдан (мемлекеттік қазынадан) ақысы бар болса, имам оны күйеуіне береді. Осылайша күйеуінің күңі болады. Омар (радиаллаһу анһ) еркектерге ән айтып жатқан әйелді қамшымен сабады. Бас орамалы ашылып кетті деген кезде, оның құрметі, қадірі қалмады деп жауап берді. Фиқһ ғалымдарынан қазы Әбу Бәкір бин Омар Бәлхи [559 (м.1165) жылы қайтыс болды] басы мен қолдары ашық күйде өзенде киім жуып жатқан әйелдердің жанынан өтті. «(Ислам дінінің орану әміріне мән бермегендері үшін) олардың құрметтері қалмады. Имандарының бар екені күмәнді. Дар-ул-харбтан (кәпір мемелекеттен) тұтқынға алынған кәпір әйелдері сияқты» деген. Яғни Нәуадирдегі мағлұматтар бойынша олар күң болған. Бірақ мүртәд болған некедегі әйелге қатысты Нәуадирдегі хабарлар бойынша емес, Бәлх ғалымдарының сөздері бойынша фәтуа берген жақсы болады. Осылайша күң емес, жұбайы болады.
Ибн Абидин (рахимә һуллаһу та’ала) былай деген: Бұхара ғалымдарының айтқаны бойынша әрекет етуде машақат бар болатындықтан, Бәлх ғалымдары бойынша фәтуа беріледі. Күйеуінің жұбайын әмірден сатып алып немесе ақысы бар болса талап етіп, күйеуінің иелігіне өте алуы үшін Нәуадир хабарлары бойынша фәтуа беру де жақсы болады. Әйелдің қайтадан мұсылман болуы оны кұлдықтан құтқармайды. Күйеуі жұбайын Дар-ул-харбта, яғни кәпір мемлекетінде ұстап алса, айқын хабарлар бойынша оған ие болады. Яғни оның күңі болады. Сатып алуы қажет болмайды. Шыңғыс хан жаулап алған Ислам мемлекеттері Дар-ул-харб болған еді. Дар-ул-харбта мүртәд болған әйелдің күйеуінің мүлкі бола алуы үшін Нәуадир хабарлары бойынша фәтуа беруге қажеттілік жоқ. Хазреті Омардың (радиаллаһу та’ала анһ) және Әбу Бәкір бин Омар Бәлхидың (рахимә-һуллаһу та’ала), мүртәд болып Нәуадир хабарлары бойынша күң болатыны білдірілген әйелдер Дар-ул-исламда ешкімнің мүлкі, яғни күңі болмайды. Фәй болады және әмірден сатып алғанның немесе Бәйт-ул-малдан ақысы бар болса, ақшасыз сұраған адамның мүлкі, яғни күңі болады. Бірақ Нәуадир хабарлары бойынша фәтуа тек күйеудің мүртәд болған әйелімен ажыраспауы үшін берілу керек. Басқалары үшін бұл фәтуаға зәрулік жоқ. Нәуадир хабарлары заиф (әлсіз). Зәрулік болмағанша бұлармен фәтуа берілмейді. Бұлардан басқа мүртәд әйел Нәуадир хабарлары бойынша Дар-ул-исламда күң болатындықтан, оның қолдарына, басына қараудың жаиз болуы оны өзіне мүлік қылып жыныстық қатынас жасауға себеп болмайды. Дар-ул-исламдағы жезөкше әйелдер де осындай құрметсіз болса да, мүлік болмайды. Олармен жыныстық қатынас жасау зина болады.
Мұсылман еркектің өз жұбайынан және өз күңінен басқа, мұсылман болса да, кәпір болса да, бір әйелмен Дар-ул-исламда да, Дар-ул-харбта да, яғни дүниенің барлық жерінде зина жасауы харам болып табылады, үлкен күнә. Басқа біреудің күңінің басына, қолдарына, аяқтарына қарау жаиз болса да, олармен зина жасау харам болады. Қазіргі заманда әлемнің ешбір жерінде дінге сай күң де жоқ. Сондықтан «мәңгі махрем»болған, яғни некелесуі мәңгі харам болған «махрем туыс», яғни он сегіз әйелден басқа, мұсылман болса да, кәпір болса да, барлық әйелдердің ешбір жерде қолдары мен беттерінен басқа жерлеріне шәһуетсіз де қарау харам болып табылады.Әйелдердің бөтен еркектерге көрінуі, бір жерде отыруы, достық құруы харам болады. Әйелінің, қызының зина жасайтынын біліп, бөгет болмайтын еркекке «Дәййус» делінеді.
«Дуррул мухтар» кітабының үшінші томында, мүстәмин бабында былай делінеді: «Дар-ул-харбта болған мұсылман тұтқынның және мүстәминнің кәпір әйелдердің намысына тиюі, олармен зина жасауы жаиз емес.» Жұбайынан және Дар-ул-исламда иелігі болған күңінен басқа әйелмен жима (жыныстық қатынас) жасау халал емес. Дар-ул-исламда тұратын ешбір әйел күң ретінде қолданыла алмайды. Дар-ул-харбтағы кәпір әйелдер де Дар-ул-исламға алып келмегенше, күң бола алмайды.
«Дуррул мухтар» кітабында, әйелмен ажырасуды баяндаған жерінде былай делінеді: Төрт мазһаб бойынша да сахих болған некеден кейін екеуі қосылмаған болса да, үш рет босатқан (талақ берген) немесе бір ретте «Үш рет босаттым» деген адам осы әйелмен қайтадан некелесе алуы үшін, бұл әйелдің басқа бір еркекпен некелесіп жыныстық қатынасқа түсуі және сол еркекпен ажырасуы керек. Бұған «Хуллә» жасау делінеді. Бұл екіншіеркектің әлгі әйелмен ажырасу шартымен некелесуі харам болып табылады. Бұл еркекті сол әйелмен ажырасуына ешкім мәжбүрлей алмайды. Бұл еркектің көңілінде ажырасу ниетімен әлгі әйелді некесіне алуы харам болмайды. Тіпті сауап болады. Әйел еркектің босатуына сенімді болмаса, неке қиыларда әуелі әйелдің «Мені әйелің ретінде ал!» деп айтуы, кейін еркектің «Сені жұбайым ретінде алдым. Мысалы, үш реттен артық жима (жыныстық қатынас) жасасам, баин ретінде бос бол!» деп айтуы жақсы болады. Яки әйелдің жауап ретінде «Өз әмірім өзімде болу (ажырасуға өз құқығым болу) шартымен өзімді саған некеледім (саған тұрмысқа шықтым)» деп айтып, некеден және жимадан кейін өз-өзін босатуы (талақ қылуы) жаиз болады. Бірінші адамның алғашқы некесі төрт мазһаб бойынша да сахих болса, онда Хуллә жасауы шарт болады. Алайда, мәселен, некеде уәли қатыспаған болса немесе неке орнына «Сый» деп айтылған болса немесе некенің екі куәгері күнәхар болса, үш рет талақ бергеннен кейін хуллә жасамай қайта некелесе алу үшін Шафии имамға жүгінеді. Шафии имам Шафии мазһабы бойынша шарттары толық болмағандықтан, некенің қазір және осы сәттен кейінгі уақыттары бұзылатындығын, өткен уақытта некенің дұрыс екендігін, пәлен әйелмен Шафии мазһабы бойынша жаңадан неке қиюды үйретеді.
Ибн Абидин (рахимә-һуллаһу таала) былай деген: күнәсі көрініп тұрған, айқын болған күнәхардың куәгерлігімен қиылған неке және уәлидің рұқсатынсыз қиылған неке Шафии мазһабында сахих (дұрыс) болмайды. Шафии ғалымдарынан Ибн Хажәр Мекки (рахимә-һуллаһу таала)«Тухфәт-ул-мухтаж» кітабында былай дейді: «Сот хулләнің қажеттілігін жою үшін алғашқы некенің қате болғандығына шешім бере алмайды. Екеуінің арасын ажыратады. Бірақ мүфтиге, сотқа бармай, өздері Шафииды тақлид етіп, жаңадан неке қидыруы жаиз болады.» Ибн Қасым (рахимә-һуллаһу таала) Тухфа кітабының хашиясында былай дейді: «Шафииды тақлид етіп жаңадан неке қияды. Хуллә қажет болмайды.» Бірінші некенің өткен уақытта сахих болуы, бір ханафи адамның ниет етпей дәрет алып, бесінді оқуы және екіндіден кейін Шафии болуына ұқсайды. Оның бесін намазы сахих. Ал екінді намазына жаңадан ниет етіп дәрет алуы қажет. Талақ санының ең көбі – үш. Үштен астам айтылғандары да үш болып саналады. Мысалы, тоғыз рет «Бос бол» (Талақсың) деп айту үш рет «Бос бол» деген сөз.
«Әмали қасидасы» шәрһінде былай делінеді: «Мас кезде білмей күпірге себеп болатын бір сөз айтқан адамның иманы кетпейді. Мүртәд болмайды. Мас кезде әйеліне талақ беруі, сауда-саттық жасауы сахих болады.» Жұбайына «Саған үш талақ бердім» деген адам, мүртәд кезінде айтқан немесе жазған болса, тәждиди иман және тәждиди никах жасайды. Өйткені мүртәд болуымен некесі де бұзылады. Некесі жоқ болған адамның айтқан талағы сахих (дұрыс) болмайды. Жұбайына үш талақ берген мұсылманның некесі қиылған кезінде өз мазһабының шарттарына сай қиылмаған болса, бұл талағы сахих болмайды. Жаңадан шарттарына сай неке қидырулары және тәубе етулері керек болады. Некесі өз мазһабына сай, бірақ басқа үш мазһабтың біріне сай қиылмаған болса, сол мазһабқа сай қылмастан жаңадан неке қияды. Хуллә жасатудан құтылу үшін осы үш шараның біріне жүгінуге «Хилә-и шәрийа» (шариғи айла) жасау делінеді.
Аллаһу та'ала талақ сөзін айтуға рұқсат бергенімен, айтылуын мүлдем ұнатпайды. Соңы өкіну болған бұл сөзді қалжыңдап айту өткір қылышпен ойнауға ұқсайды. Жанұя бақытын жоятын бұл зиянды сөзді тілдеріне алмауы үшін Аллаһу та'ала еркектерге хуллә жасату пәлекетін, қиыншылығын берді. Еркек хуллә жасату азабын ойлап, талақ сөзін аузына ала алмайды.
[Ажырасқан әйелге әкесі, әкесі жоқ болса мәңгі махрем болған туыстарынан бай болғаны қарау керек. Асырамайтын болса, үкімет олардан керекті қаражатты мәжбүрлер алып, әйелге береді. Туысқандары жоқ болса, әйелге әр ай сайын Бәйт-ул-малдан (қазынадан) айлық беріледі. Ислам дінінде ешбір әйел жұмыс істеп ақша табуға мәжбүр қалдырылмаған. Барлық қажеттіліктері оның аяғына алып келінуі қажет.]
«Нимет-и ислам» кітабының соңында былай делінеді: Қожайынынан бала туған күңге «Умми уәләд» делінеді. «Умми уәләд» сатыла алмайды және хибә (сыйлық) бола алмайды. Қожайыны қайтыс болуымен күң азат болады, дегенмен әйелі сияқты мирасқор бола алмайды. Ал баласы мирасқор және еркін болады. Бір күң қожайынының рұқсатымен некеге тұра алады. Күйеуінен туған бала күңнің қожайынынң мүлкі болады. Бірақ қожайын оны сата алмайды. Қожайын қайтыс болғанда анасымен бірге азат болады. Бала асырап алған адамға бұл бала өз перзенті болмайды. Махремі, туысы да болмайды. Напақасын тауып беру оның мойынына міндет болмайды. Бала ұл болса, өскенде асырап алған әйелді некесіне ала алады. Қыз болса, асырап алған еркек өскенде оны өз некесіне алуына болады. Асыранды балалар ол адамға мирасқор бола алмайды. Сүт балалары да сүт ата-анаға мирасқор бола алмағанымен, оларға махрем туыс болады.
Сайтымыздағы мәліметтер бүкіл адамзаттың пайдалануы үшін дайындалған.
Түп нұсқасын өзгертпеу шартымен рұқсат алмай-ақ, әркім қалағанынша пайдалана алады. www.islamdini.kz ® 2008-2024