Әһли хикмет ғұламалар былай деген:
Имам Раббани хазреттері: «Аллаһу та'аланың разылығын алу үшін Оның әмірлерін Ол бұйырғандай орындау керек. Осылай істеген адам Раббына құлшылық жасаған болады. Ал Оның әмірлерін өзі қалағандай орындаған адам өз нәпсіне құл болған болады. Нәпсіне құл болғандар тозаққа, ал Раббына құл болғанда жәннатқа кіреді» деген.
Мемлекеттер стандартты бір жүйе құрады. Егер бүкіл тұрғындар сол стандартты жүйеге бағынса, бәрі рахат өмір сүреді. Ал Аллаһу та'ала разы болған дұрыс жолдың стандарты, өлшемі – разы болған әулиелері көрсеткен жолымен жүру. Хадис шәрифте білдірілген 73 ағымның әрбірі өзінің дұрыс жолда екенін айтуда. Бірақ дұрыс жолда болудың, яғни құтылу жолының белгісі – Асхаби кирамның (сахабалардың) жолында болу. Бұл нәрсе де Әһли сүннет ғалымдарының білдіруімен аңғарылады. Демек, Әһли сүннет сенімінде болған адам дұрыс иманның иесі деген сөз.
Адам жүрекпен иман келтіреді, жүрекпен жақсы көреді, жүрекпен ниет етеді, бұлардың бәрі көзбен, құлақпен атқарылмайды. Демек, жүректе иман, ниет және махаббат сақтаулы. Ғибадаттарда, парыз, уәжіп, сүннет және мүстаһабтарды орындағанда мүшелер жүрекке (көңілге) бағынышты болады. Жүрек те Раббының разылығына ниет етсе, Раббымызға құлшылық жасалған, ғибадат жасалған болады. Иманның алты шартында өлшем – жүрек, ал Исламның бес шартында өлшем – дене мүшелері. Жүректің мүшелермен байланысы бар. Ғибадат иманның бөлшегі болмаса да, иманға байланысы бар. Мысалы намаздың, оразаның парыз екеніне сену иманнан. Бірақ намаз оқу, ораза ұстау – ғибадат.
Убәйдуллаһ Ахрар хазреттері былай деген:
«Бүкіл кереметтер, әдеттен тыс жағдайлар бізге берілсе, бірақ жүрегіміз Әһли сүннет сенімімен безенбеген болса, өзімізді құрыған және шаруамыз біткен деп білеміз. Бүкіл құлдыраушылықтар мен пәлекеттер үстімізге жауса, бірақ жүрегіміз Әһли сүннет сенімімен қадірленген болса, онда еш қайғырмаймыз.»
Сондай үстемдікпен бірге, өлшем ретінде Әһли сүннет сенімін алып жатыр. Әйтпесе ол «Менің өз ыңғайыма сай бір иман өлшемім бар, мен осылай иман келтіремін» демеді. Әһли сүннет сеніміне сай болмағанша, әулиелердің өздері де сондай жағдайға түсетін болса, онда біз әлдеқашан құрып кетеміз ғой. Олай болса, өз түсінгенімізге емес, әулие-ғалымдарымыз білдірген жолға еруіміз керек.
Сайтымыздағы мәліметтер бүкіл адамзаттың пайдалануы үшін дайындалған.
Түп нұсқасын өзгертпеу шартымен рұқсат алмай-ақ, әркім қалағанынша пайдалана алады. www.islamdini.kz ® 2008-2024