Тамақтанғаннан кейінгі дұға

Сұрақ: Тамақтанудан бұрын Бисмиллаһ айту парыз ба?

Жауап: Парыз емес. Тамақтанудан бұрын Бисмиллаһ айту, яғни Бисмиллаһиррахманиррахим деп айту және соңында Әлхамдулиллаһ деп айту сүннет болып табылады. (Хиндийа)

Хадис шәрифтерде былай делінеді:

«Тамақтанғаннан кейін "Әлхамдулиллаһилләзи әтамәна хазәттаамә уә рәзақана мин ғайри хаулин минна уә лә қууаһ" дұғасын оқыған адамның күнәлары кешіріледі.» (Әбу Дауд)

«Кімде-кім ішіп-жегеннен кейін "Әлхамдулиллаһилләзи ат-амәни уә әшбәани уә сақани уә әруани" дұғасын оқыса, анасынан туылған күндегідей күнәсіз болады.» (Ибн Сунни)

Пайғамбарымыз алейһиссалам тамақтанғаннан кейін «Әлхамдулиллаһилләзи әтамәна уә сақана уә жәаләнә мүслимин» дұғасын оқитын еді. (Тирмизи)

Тамақтанғаннан кейін жоғарыдағы дұғалардың бәрін қамтыған мына дұғаны оқу жақсырақ болады:

«Әлхамдулиллаһилләзи әшбәанә уә әруана мин ғайри хаулин минна уә лә қууаһ. Аллаһумма әт-имһум кәма әт-амуна. Аллаһуммарзуқна қалбән тақиййан, минәшширки бәриййан лә кафиран уә шәқиййан уәлхамдулиллаһи раббил аләмин.»

 

Тамақтанғаннан кейінгі дұғаның мағынасы:

Біздің күш-қуатымыз болмастан, бізді ниғметтерімен тойдырған және шөлімізді қандырған Аллаһу та'алаға хамд болсын. Йа Раббым, бізге осы тағамды даярлауда еңбегі сіңгендерге және бізге бұл ниғметтерді жайғандарға сен де сый-сияпат көрсет. Йа Раббым, біздің жүрегімізді ширк, күпір және жамандықтардан қорға. Бізге дініміздің әмірлеріне бағынған жүрек нәсіп ет.

 

Шүкір дұғасы:

Әр күні таңертең бір рет: «Аллаһумма мә әсбаха би мин нимәтин әу би әхадин мин халқиқа, фә минка уахдәкә, лә шәрика ләкә, фә ләкәл хамду уә ләкәшшукр» деу керек. Әр күні кешке «Мә әсбаха» орнына «Мә әмса» деп айтып, қалғанын тура осылай оқу керек. Пайғамбарымыз (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) былай деген: «Бұл дұғаны күндіз оқыған адам сол күннің шүкірін орындаған болады. Түнде оқығанда сол түннің шүкірін өтеген болады.» Дәретпен оқу шарт емес. Әр күні және әр түні оқу керек. (Бұл шүкір дұғасы жоғарыдағы тамақтанғаннан кейін оқылатын дұғаға қосылып оқылса жақсы болады.)

 

Шүкір дұғасының мағынасы:

Йа, Раббым, маған және басқа жаратылыстарыңа берген заттық және рухани ниғметтердің таңға (кешке) дейін біздің жанымызда қалуы тек Сенен. Сенің серігің жоқ. Саған хамд пен шүкір етеміз.

 

Сұрақ: Тамақтанғаннан кейінгі дұғаны дауыстап оқуға болады ма?

Жауап: Білмейтіндерге үйрету мақсатында кез келген дұғаны дауыстап оқуға болады.

 

Тамақтанғаннан кейінгі дұғада

Сұрақ: Ислам Ахлақы кітабында «Расулуллаһ тамақтанудан кейін дұға жасағанда қолдарын жаймайтын және бет сипамайтын еді» деліндеді. Қолдарды жаймай, бетімізді сипағандай сыңай танытуымыздың зияны бар ма?

Жауап: Зияны жоқ.