Халал азықтың маңызы

Сұрақ: Неліктен қазіргі балаларды ойдағыдай тәрбиелеу қиынға соғуда?

Жауап: Балаларды халал азықпен азықтандыру керек! Харам азықтың әсері тікелей балаға тиеді, балада жаман іс-әрекеттердің пайда болуына себеп болады. Хадис шәрифте: «Ішіп-жегендерің халал, таза болсын! Балаларың осылардан пайда болады» делінген.

Балаларды жаман мінезді, әдепсіз әйелдерге де емізбеу керек! Сүйікті пайғамбарымыз ақымақ әйелдерді де сүт ана ретінде ұстамауды, сүттің жаман әсері болатындығын білдіруде. Бұл сөзден кәпір әйелді сүт ана ретінде жалдауға болмайды деген мағына шығармау керек! Өйткені фиқһ ғалымы Ибн Абидин хазреттері «Кәпір әйелдің мұсылман балаға және мұсылман әйелдің кәпір балаға сүт ана болуы жаиз» деген. (Рәддул мухтар)

Ибрахим Әдхәм хазреттеріне күндіз-түні ғибадат жасайтын, өзін ұмытып, үлкен дәрежеге жеткен бір жас жігіт жайында айтып береді. Сөйтіп ол бұл жігіттің қасына барып, үш күн қонақ болады. Оның бойынан таң ғажайып құбылыстар байқайды. Жігіттің бұл жағдайының шайтаннан емес екендігіне көз жеткізгісі келеді. Ішіп-жегеніне қарайды, халалдан емес еді. Бұл жағдайлардың шайтаннан екенін түсінеді. Жігітті үйіне шақырады. Сөйтіп, оған халал тамақ жегізеді. Жігітте бұрыңғы таң ғажайып құбылыстар жоғалып, ештеңе қалмайды. Әлгі жігіт «Не істедің маған?» деп сұрайды. Сонда Ибрахим Әдхәм хазреттері жігітке: «Сенің бойыңдағы жағдайлар шайтаннан еді. Халал жеген кезіңде шайтан кіре алмай қалды. Сөйтіп негізгі өзіңнің жағдайың шықты» дейді. (Тәзкиратул әулия)

Харам жеу жүректі қарайтады, ауру қылады. Зүннун Мысри хазреттері былай деген:

«Жүректің қараюының төрт белгісі бар:

1) Ғибадаттардың ләззатын сезбейді.

2) Аллаһтан қорқу ойына келмейді.

3) Көргендерінен ғибрат (сабақ) алмайды.

4) Оқығандарын, үйренгендерін түсінбейді.»

 

Мұхаммед бин Фадл Бәлһи хазреттері де былай деген:

«Жүректің қараюына төрт нәрсе себеп болады:

1) Үйренгенімен амал етпеу.

2) Білмей істеу.

3) Білмегендерін үйренбеу.

4) Басқа біреудің үйренуіне бөгет болу.»

Нәпіс жаман қалаулардан (діннің тыйым салған нәрселерінен) құтқарылған кезде жүрек тазарады.