Ораза кафараты

Сұрақ: Рамазан күнінде оразаны бұзып, кафаратты қажет ететін және қажет етпейтін жағдайлар қандай?

Жауап: Кафарат қажет болған жағдайлар:

1) Біліп тұрып ішіп-жеу.

2) Жыныстық қатынасқа түсу.

3) Рамазанда қаза қажет болған бір нәрсені істеп, оразасын бұзған адамның сол Рамазанның басқа күнінде де дәл сол нәрсені «Не болса да, кафарат қажет емес екен» деген оймен әдейі қайтадан істеуі.

4) Темекі шегу.

5) Ғайбат ету, өтірік айту, сүрме жағу және қан алдыру сияқты оразаны бұзбайтындығы баршаға мәлім болған нәрседен кейін ораза бұзылды деп ойлап ішіп-жеу.

Рамазан оразасын әдейі бұзған болса да, кафаратты қажет етпейтін кейбір жағдайлар:

Бір әйел оразасын әдейі бұзса, кейін сол күні ауызашардан бұрын етеккірі келсе, кафарат қажет емес. (Тахтауи)

Оразаны әдейі бұзғаннан кейін сол күні есінен танған немесе ораза ұстай алмайтындай дәрежеде ауырып қалған адамға кафарат қажет емес. (Хиндийа, Қадихан)

Қандай-да бір қауіптің төнуімен оразасы бұздырылған адамға кафарат қажет емес. (Қадихан)

Шөлдегеннен ауырып қалатындай немесе өліп қалатындай жағдайда болған адам оразаны бұзып, қазаға қалдыруына болады. Кафарат қажет емес. (Рәддул мухтар)

Ниет етіп ұстаған оразаны сапарға шыққанда бұзу күнә болады, бірақ күнә істесе де, сапарда бұзғандықтан кафарат қажет емес. (Жәуһәра)

Аузын толтырып құсқан немесе ұйқыда жүніп болған адам оразам бұзылды деп санап, ішіп-жейтін болса, кафарат қажет болмайды. (Рәддул мухтар)

Инемен дәрі қабылдағаннан кейін ішіп-жесе, кафарат қажет болмағанындай, қағаз, тас, мақта, шөп, шикі күріш сияқты дәрі және азық болмаған нәрсені әдейі жұту да кафаратты қажет етпейді. (Нимети Ислам)

Әлі имсак уақытына уақыт бар деп ойлап немесе күн батты деп ішіп-жеген адамның оразасы бұзылады, кафарат қажет емес. (М.Зухдийа)

Шафииде жыныстық қатынас жасаған еркекке кафарат қажет, әйеліне кафарат қажет емес. (Тухфа)

Рамазан айынан басқа уақытта қай себеппен ораза бұзылса да, кафарат қажет болмайды.

 

Сұрақ: Ораза кафараты қалай өтеледі?

Жауап: Ораза кафаратын өтеу үшін бірінен соң бірін, арасын үзбей 60 күн ораза ұстау керек. 60 күн ұстағаннан кейін ұстамаған әр күні үшін тағы бір күннен қазасын ұстайды. Бірнеше Рамазанда кафараттары бар болған немесе бір Рамазанда екі күн кафараты бар болған адам бірінші кафаратын өтемеген болса, екеуіне тек бір кафарат қана өтейді. Бірінші кафаратты өтеп қойған болса, екінші кафаратты да бөлек орындайды.

Кафарат оразасы ауру, сапар сияқты бір үзірлі себеппен немесе Айт күндеріне сай келу себебімен бұзылса, яки Рамазанға тура келіп қалса, басынан 60 күн ұстау керек болады. Айт күндерінде бұзбай ұстай беретін болса да, жаңадан бастауы керек. Хайз және нифас себебімен бұзылғанда жаңадан бастамайды. Тазаланғаннан кейін қалған күндерді толықтырады.

Рамазанда ешбір үзірлі себепсіз ораза ұстамау харам, үлкен күнә болып табылады. Алдымен ұсталмаған оразаларға тәубе етіледі. Кейін әр күнге бір күн, яғни қанша күн ораза ұсталмаса, сонша күн қаза оразасы ұсталады. Бір адам Рамазан айында 30 күн ораза ұстамаса, ұстай алмаған күндерінің қазасын ұстайды. Бұл оразаларға кафарат қажет емес. Кафарат – ораза ұстамаудың емес, ниет етіп ұсталған Рамазан оразасын әдейі бұзудың жазасы. Қатты қартайып, қайтыс болғанға дейін Рамазан оразасын немесе қаза оразаларын ұстай алмайтындай кәрі және жазылып кетуінен үміт үзілген науқастар елден жасырын түрде ішіп-жейді! Хадис шәрифте: «Ораза ұстай алмайтындай дәрежеде кәрі немесе жазылып кетуінен үміт үзілген науқас фидйа береді» делінген. Өте кәрі болып, ораза ұстай алмайтын адам бай болса, әр күннің оразасына фидйа береді. Кедей болған адам фидйа бермейді, дұға етеді.

Фидйа ретінде әр күнге бір пітір мөлшерінде ұн, құрма немесе мейіз беріледі. Мысалы 30 күн оразаға 53 келі ұн немесе 105 келі құрма немесе мейіз берілгені жеткілікті болады. Яки осы мөлшерде ұнның құнындай алтын немесе күміс ақша ұсталмаған отыз күн оразаның фидйасы ретінде бір немесе бірнеше кедейге Рамазанның басында немесе соңында беріледі. Кедей алған фидйаны өзі қолдана алғанындай басқа біреуге де бере алады. Фидйа бергеннен кейін ораза ұстай алатындай жағдайға келген адам ұстамаған оразаларының қазасын өтейді. (Нәхрул фаиқ)

Ауру, кәрілік сияқты бір үзірдің себебінен Рамазан оразасын ұстай алмаған бай адамның осы жағдайы өлгеніне дейін жалғасатын болса, кедейлерге ас берілуін өсиет етеді. Мирасқоры оның ұстай алмаған әрбір оразасы үшін кедейге бір пітір немесе құнын береді. (Бәдайи)

 

Ораза кафараты және кітап

Сұрақ: Ант бұзу кафаратындағыдай, кафарат оразасын ұстай алмайтын адам да кітап берсе болады ма?

Жауап: Үздіксіз ауру немесе өте кәрі болып, 60 күн ораза ұстай алмайтын болса, 60 кедейді бір күн тойдырады. Аш болған 60 кедейді бір күнде екі рет тойдыру керек. Бір кедейді әр күні екі рет тойдыру шартымен 60 күн немесе әр күні бір рет тойдыру шартымен 120 күн тамақ беруге де болады. Яки 60 кедейдің әрбіріне бір пітір немесе сол құнда дін кітабын да беруге болады. Мысалы 60 дана Ислам Ахлақы кітабы 60 кедейге беріледі. 60 кедей табылмаса бір кедейге күнде біреуден беру шартымен 60 күн беріледі. 30 кедей бар болса екі күн беріледі. 20 кедей бар болса, үш күн беріледі. 10 кедей бар болса, 6 күн беріледі, 5 кедей бар болса, 12 күн бір-бірден кітап беріледі.