Әһли хикмет ғұламалар былай деген:
Әр мейрам құндылығына қарай ұзақ немесе қысқа уақытқа созылады. Мысалы Рамазан айты үш күн, Құрбан айты төрт күн. Сондай бір мейрам бар, отыз күнге жалғасады. Ол мейрам – қасиетті Рамазан айы. Өйткені әр күні мыңдаған, жүз мыңдаған мұсылман кешірілуде. Қабірдегілер жәннатқа жіберілуде. Дүниедегілердің күнәлары өшіп жатыр. Бұдан үлкен мейрам болуы мүмкін бе?
Сондықтан, әр күні кешірілгендердің көптігін ойлап, өзін де қосып, кеш болмай тұрып «Қап, мейрамның тағы біреуі өтті», ертеңіне кешке «Қап, тағы бір күн кетті» деп айту жолымен, Рамазан айында әрбір күннің әр сағатын, әр түнін өте құнды деп біліп, соған сай қадірлендіру керек.
Қасиеттілігіне қараңыз, бұл айда орындалған зікір, садақа және бүкіл нәпіл ғибадаттарға берілетін сауап басқа айларда жасалған парыздар сияқты. Бұл айда жасалған бір парыз басқа айларда жасалған жетпіс парыз сияқты. Сондықтан бұл айда тілімізге ие болу керек, яғни аузымыздан ғайбат, өсек, жаман сөз айту былай тұрсын, тіпті бостан бос дүниелік сөздер де шықпау керек. Қайырлы істер жасау керек, қайырлы сөздер айту керек. Құран кәрім оқу керек. Қаза намаздарын өтеу керек. Уақыт тапқанда зияраттар жасау керек, адамдардың көңілін аулап, сыйлықтар сыйласу керек. Мүмкіндік болса, Әһли сүннет ғалымдарымыздың кітаптарынан, мысалы Ислам Ахлақы кітабын беру керек. Яғни жақсылық пен қайырымдылық нағыз қабыл болатын, қайтарылмайтын бір ай бойы бұл мүмкіндікті жақсылап пайдалану керек.
Аллаһу та'ала Құран кәрімде «Мені ұмытсаңдар, ризықтарыңды азайтамын» деген. Аллаһты ұмытып, дүниеге берілсек, иман, денсаулық, мал-мүлік, адамгершілік, мейірім ризықтары және басқа да әр түрлі ризықтар азаяды. Қасиетті Рамазан айында Хақ та'ала көп еске алынғандықтан, ораза ұсталып, Құран кәрім оқылғандықтан, мейірім көбейгендіктен, ауызашарлар, зекеттер, пітірлер берілгендіктен, иман ризығынан бастап заттық және рухани ризықтар артып жатыр. Тіпті мұсылмандықтан ұзақтау болғандардың өзі дін, иман жайында сөз қозғайды. Ал мұсылмандар ғибадатқа қаттырақ беріледі, мешіттер толады. Ауруханалар болса басқа айлардағыдай толмайды. Өйткені денсаулық ризығы молаяды. Ораза ұстаған адамның денсаулығы мықты болады. «Асқазан тамақтан бос болса, дене сау болады. Жүрек дүниеліктен бос болса, мұсылмандығымыз қуатты болады» делінеді. Демек, жүректе дүниелік жоқ болса, ақшаға, мал-мүлікке және мансапқа, яғни жүрек осыларға деген махаббатқа толы болмаса, ол адамның имандылығы дұрыс, әрі мықты болады.
Сайтымыздағы мәліметтер бүкіл адамзаттың пайдалануы үшін дайындалған.
Түп нұсқасын өзгертпеу шартымен рұқсат алмай-ақ, әркім қалағанынша пайдалана алады. www.islamdini.kz ® 2008-2024